Бейнелеу өнері үйірме сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

 

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнері үйірме сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасындағы сурет салу тәсілдерін үйрете отырып пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін әр түрлі суреттерді, геометриялық фигураларды салу арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың  ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, өзара көмек беруге                         тез ойлауға, өз пікірін айта білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдістері:  Сұрау, түсіндіру, сұрақ – жауап, компьютермен жұмыс істеу.

Сабаққа қажетті құрал –жабдықтар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, карточкалар.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
    1. Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу, оқулық, дәптерлерінің толық болуын тексеру.
    2. Сабаққа жұмылдыру.
  • Үй тапсырмасын сұрау
  1. Растрлық кескіндер дегеніміз не?
  2. Векторлық графика дегеніміз не?
  3. Пиксель дегеніміз не?
  4. Компьютерлік графиканың қолданылу салалары
  5. Компьютерлік графика дегеніміз не?
  • Жаңа сабақ

Adobe Photoshop нүктелі графика. Өйткені әрбір нүкте пиксель деп

аталатын нүктелер жиынтығынан тұрады. Adobe Photoshop-та графикалық бейнелерді құруға, файлдарды редакциялауға болады. Редакциялау   дегеніміз – құжатқа өзгертулер, түзету және қосымшалар енгізу. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосу үшін мына команданы орындаймыз:

Пуск→ Программы→ Adobe Photoshop

Adobe Photoshop программасы мынандай терезе элементтерінен тұрады:

тақырып жолы, меню қатары, құралдар параметрлерінің тақтасы, құралдар тақтасы, палитра, қалып –күй қатары.

Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру үшін Файл→Новый    командасын орындап ашылған сұхбат терезеде  Имя өрісіне құжаттың аты жазылады да, Ширина, Высота өрістерінде құжат парағының ені мен ұзындығы енгізіледі де ОК батырмасы  шертіледі. Ал құжатты сақтау үшін Файл→Сохранить  командасын орындау керек.

Adobe Photoshop бағдарламасында 51 құрал орналасқан, осы құралдар негізгі жұмысты атқарады. Құралдар параметрлерінің тақтасында әрбір таңдалған құралды баптаудың барлық өзгерісі көрсетіледі.

Adobe Photoshop  бағдарламасында түстер моделін өзгерту үшін Изображение → Режим командасын орындап ашылған тізімнен өзімізге қажетті моделді таңдаймыз. Бейненің масштабын өзгерту үшін Меню жолынан Изображение→Размер изображения командасын орындап ашылған сұхбат терезеге бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ОК батырмасын шерту керек.

  Paint және Adobe Photoshop бағдарламаларының ұқсастығы мен

айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лассо құралдарының топтары

Лассо құралдары курсордың қозғалысының ізімен қисық сызық түрінде бөлінген аймақтың шекараларын қосады.

Сиқырлы таяқша берілген диапазондар бойынша біртекті боялған объектілерді бөліп ала алады.

  1. Файлды ашыңыз.
  2. Прямоугольная область құралын таңдаңыз.
  3. Бейнедегі нүктеге, яғни бөліп алу басталатын аймаққа тышқан батырмасын басыңыз.
  4. Тышқан батырмасын жібермей, аумақ шекараларын айналдыра белгілеп алып, құралды орналастырыңыз.
  5. Эллипс құралын таңдап 3,4-пункттердегі әрекеттерді қайталаңыз.

Фильтрді қолдану арқылы суреттерді түрлендіру.

Жұмыстың мақсаты:

— фотографияны өңдеу мен бейнемонтаждар жасау технологиясын үйрету.

— фотографияны өңдеуге байланысты қолданылатын құрал-саймандардың жұмыс жасау әрекетін үйрету;

— фотографияға эффектілер қоюды үйрету;

— бейнемонтаждар жасауға байланысты қолданылатын құрал-саймандардың атқаратын қызметін үйрету;

  1. Фотографияны ашыңыз.
  2. Редактирование в режиме «Быстрая маска» немесе Q пернесін басыңыз.
  3. Фотоның қажетті шекарасын бояп шығыңыз.
  4. Қайтадан Редактирование в режиме «Быстрая маска» немесе Q пернесін басыңыз.
  5. Инструмент «Прямоугольная область» немесе М пернесін басыңыз.
  6. Белгіленген шекараның үстіне барып, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз, инверсия выделенной области басамыз.
  7. Редактирование скопировать командаларын орындаймыз.
  8. жаңа құжат ашып, Редактирование вклеить командаларын орындаймыз.
  • Сабақты бекіту
  1. Adobe Photoshop қандай графика?
  2. Adobe Photoshop бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  3. Adobe Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері қандай?
  4. Бағдарламада фотоны майлы бояу стиліне қалай айналдыруға?
  5. Adobe Photoshop бағдарламасында қанша құрал бар?
  • Практикалық жұмыс.

    Adobe Photoshop бағдарламасында кез келген табиғат көрінісін бейнелейтін фотоны таңдап, оны өзіміз қалаған сильге өзгертеміз.

  • Қорытындылау, бағалау
  • Үйге тапсырма

Қорытынды.

Бейнелеу өнерін ақпараттық технологияға баулу мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жаңа бір сатысын туғызады. Олар-ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер, бірін-бірі түсінісе алу қабілеті, осы пәнге деген қызығушылығы және т.б. Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы  бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы,  бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты. Оқушылардың көркем білімге  талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып, бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп, көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді. Бейнелеу өнері пәнінде ақпараттық технологияның маңызы зор. Оқушыларға түрлі графикалық бағдарламалармен жұмыс істеуді дамытудың маңызы зор. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі –оқушыларды  жақсы жаман деп бөлмей, барлық оқушылардың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Үлгерімі төмен оқушылардың да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Сабақтың сапалы болуы  оның ғылыми тұрғыдан, теориялық және практикалық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі  ұстаздың шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді қолдана білуінде. Қорыта келгенде, егеменді еліміздің өркениет деңгейіне жеткізетін білімді ұрпақты қалыптастыруда мемлекеттік стандартты бағдарламаны басшылыққа ала отырып, әр сабақтың мазмұнды өткізілуіне аса көңіл бөлінуі үшін қандай технологиямен жұмыс істеп, қандай оқыту әдісін пайдалану мұғалімнің өз еркінде. Маңыздысы –жас ұрпақты жан-жақты оқыту болып табылады.