«Алтын орындық » атты ойын – сайыс
Құрметті ұстаздар мен оқушылар !
Бүгінгі 5 а— 5 б— 6 – кластар аралығында «Алтын орындық » атты ойын – сайысқа қош келдіңіздер. Біздің бұл ойынды ұйымдастырудағы мақсатымыз : кеудесінде оты, санасында сәулесі бар ертеңгі ел тірегі осы оқушыларымыздың интеллектуалдық сайыс арқылы білімін тексеру, санасын жетілдіру.
Халық даналығы айтпақшы :
Білімнен қымбат нәрсе жоқ,
Көңілде жатса баспай тот- деп, оқушылар бүгінгі ойын – сайысымыздан қосымша мәліметтер алып, білімдерін молайтады деп ойлаймыз.
Ендеше, ойынымызды бастаймыз:
- Әр класқа сұрақ қою арқылы, әр кластан 2 ойыншыдан іріктеп алып, ортаға
3 кластан 6 ойыншы шығаруымыз керек. Әр класқа 2 сұрақ қоямын. Дұрыс тапқандар ғана ортаға шыға алады.
Сұрақтар :
- Ауылымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагері?
- « Қазақстан – 2030 » стратегиялық жобасына биыл неше жыл толып отыр?
- 7 – кластың класс жетекшісі кім ?
- Мектебіміздегі 10 – класта неше оқушы бар ?
- Біздің мектеп қандай спорт түрлерінен ауданда бірнеше мәрте І орынға ие болды ?
- Шатнга көтеруден үш рет әлем чемпионы болған жерлесіміз ?
- Биыл тәуелсіздікке неше жыл ?
Іріктеу сыннан сәтті өтулеріңізбен құттықтаймын !
Енді ойыншыларды ойын шартымен таныстырып өтейін.
Ойын – сай ысымыз 5 айналымнан тұрады.
- І айналым « Қызықты жетілік »
- ІІ айналым « Ойлан, тап »
- ІІІ айналым « Дода »
- ІҮ айналым « Ойды ой қозғайды »
- Ү айналым « Кім шапшаң »
І айналым « Қызықты жетілік » деп аталады. Бұл турда берілген ұяшықтардағы сұрақтарды кезекпен ашып, соларға жауап бере аласыздар. Ұпай саны деңгейіне байланысты қойылады. Мыс : ( Оң жақтағы 10, ортадағы 20, сол жақтағы 30 )
Мысалы :
7 пәннен сұрақ беріледі.
- Математика
- Шет тілі
- Биология
- География
- Тарих
- Қазақ тілі
- Әдебиет
ІІ айналым « Ойлан, тап ». Аты айтып тұрғандай бұл турда түрлі жұмбақтар шешіп, ұпай санын көбейте аласыздар. Ескерту : бұл турдан соң ұпайы аз екі ойыншымызбен қоштасамыз. Әр жұмбақтың шешуі 10 ұпаймен бағаланады.
Мысалы :
Бұл турда жұмбақ қойылады(жауабын екі тілде айту керек ). Әр жұмбақтың жауабына 10 ұпайдан беріледі.
ІІІ айналым « Дода ». Мұнда әр пән бойынша тест сұрақтары қойылады. Бұл турдан кейін де ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады. ( Әр жауапқа 10 ұпай беріледі )
Мысалы :
Тест тапсырмалары беріледі.Яғни 15 сек.ішінде бірнеше сұраққа жауап беру керек.
ІҮ айналым « Ойды ой қозғайды » Бұл турда әрбір оқушыға бір – бір әріп беріледі. Сол әріптер бойынша мақал – мәтел айтуы керек. Ең кемі 5 мақал. Әр мақалға 10 ұпайдан қосылады. Бұл турдан кейін тағы бір ойыншымен қоштасамыз.
Ескерту : Мақал – мәтел қолдарыңыздағы әріптеріңізден басталуы керек.
Мысалы :
Ж. Қ, Е әріптері
Ү айналым « Кім шапшаң » деп аталады. Мұнда бір сөз беріледі, сол сөздің ішіндегі әріптерден ғана, мағынасы бар бірнеше сөздер құрау керек.
Мысалы :
« Талдықорған » сөзі
Ойын – сайыстың соңында жеңіспаз болған ойыншыны алтын орындыққа отырғызып, сый – сияпат тапсырамыз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар !
Осымен « Алтын орындық » атты интеллектуалды ойын – сайысымызды жабық деп жариялаймыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет !