«Мен құрбыммен мақтанамын»
Тақырыбы: «Мен құрбыммен мақтанамын»
Сайысқа /әр сыныптан 1 ұл ,1 қыз қатысады/
Мақсаты:
Білімділік: Өзін-өзі таныстыра білуге,мақал-мәтелдерді,өлендерді мәнерлеп оқуға,ою-өрнектердің түрлерін айыра білуге үйрету.
Тәрбиелік:Әдептілікке,сыпайыллыққа,сұлулыққа,кішіпейілділікке,өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау,есте сақтау қабілеттерін,тқиялын, тілін дамыту.
Көрнекілігі: Гүлдер, магнитофон,үлестірмелі қиындылар,нақыл сөздер.
Барысы:
І.Кіріспе бөлімі
Жоспары: 1.Таныстыру
- «Өнерлі өрге жүзер»/өнер сайысы/
- «Ол кім? Бұл не?»
4.Сәйкестендіру
- «Сөз тапқанға»
6.Үй тапсырмасы/ұлдар қыздарға сйылық даярлау/
7.Қорытынды.
1-жүргізуші: Той тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз,абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне балаларың.
2-жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ұстаздар
1-жүргізуші: Өнер ,білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Аруларды әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділ қазы алқаларын.
- Садыкова Жаңылсын Жанатауқызы-тәрбие ісінің орынбасары
- Бержанова Тамара Мәлікқызы өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Қатысушы арулармен ұлдарды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Жақсылықтың жаршысы боп
істе елге қызмет,
Салт дәстүрін қазағымның
барша елге жария ет.
Сыныптан тыс шараға
қазір бізде өтетін
Шыққалы тұр ең алдымен Алтынгүл мен Әділет.
1-жүргізуші: Сыныптағы белсенділердің бірі,
Қай іске де кірісіп кеп кетеді.
Бекзат пенен Баянды қарсы алайық,
Олай болса келді міне кезегі.
2-жүргізуші: Сыныптастар арасында үлгілі
Құрбылардың ішіндегі үздігі
Кім десеңіз 10-шыдан шығатын
Сәдірбек пен сүп-сүйкімді Әдемі
1-жүргізуші: Жоғары сынып ішіндегі кішісі
Өнерлерін мінекей алып келді.
Олай болса, құрбылар шапалақпен,
Қарсы алыңдар Мира мен Нұрсейтті.
Сайыстың алғашқы туры таныстыру.№ 1 нөмерлі сайыскерлер бастасын.
2/ Келесі тур бойынша әр топ өнерлерін көрсетеді. Енді соңғы нөмерлі сайыскер бастайды.
3.Бұл не? /қатар орындайды/
1.Қызғалдақ-9, Бәйшешек-8,Раушан-?___ ,Бақ-бақ-_?, ____
2.Ызқағ ырқық нйдеү иытм.
3.қой-қозы,ешкі-лақ, шошқа- ,мысық- ,тауық- , есек- ,
4.9-?___, 6-5, 11-?___ ,7-2
4.Мен сыныбымды өте жақсы білемін/қыз бен бала бөлек отырады /
5.Мен құрбымды білемін бе?/қыз бен бала бөлек отырады сәйкестендіру/
Өзім туралы /қыздарға/ Құрбым туралы /ұлдарға/
1.Досымның аты 1.Досы
2.Әтірім 2.Әтірі
3.Ұнататын гүлім 3.Гүлі
4.Ұнататын түсім 4.Түсі
5.Ұялы тел:№ 5.Ұялы тел: №
6.Сүйікті әртісім 6.Сүйікті әртісі
6.Көрініс көрсету.
7.Кім шапшаң? /Ұл қызға карточкада жазылған заттарды 1 мин түсіндіріп оны қыз бала тауып үлгеру қажет/
1.Кітап 8.Қар 1.Тақта 8.Көктем
2.Тарақ 9.Ана 2.Гүл 9.Апа
3.Қолшатыр. 10.Жұма 3.Сырға 10.Кино
4.Алма 4.Сок
5.Машина 5.Ұшақ
6.Кілем 6.От
7.Телевизор 7.Шемекі
1.Дәптер 1.Парта
2.Айна 2.Сумка
3.Қалпақ 3.Жүзік
4.Нан 4.Торт
5.Ат 5.Поезд
6.Терезе 6.Ит
7.Компьтер 7.Тоңызтқыш
8.Наурыз 8.Бұлт
9.Әже 9. Қарындас
10.Әртіс 10.Сан
8.Үй тапсырмасы /ұлдар қыздарға сыйлық тапсыру/
Қорытынды.
1.жүргізуші: Келді міне бүгін сынауға,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділқазы әділ баға,-деп әділқазыға сөз береміз.
Ән: «Арулар, асыл жандар»