«ХХІ ғасырдың өлім тұзақтары»
Тақырыбы: «ХХІ ғасырдың өлім тұзақтары»
Мақсаты:
- Оқушыларға өмірдегі өлім ұзақтарын соның ішінде есірткі, виртуалдық тәуелділік, ЖИТСтің адамға қандай жаман әсері бар екенін ұғындыру;
- Үш жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды обьективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшідік қасиеттерге тәрбиелеу;
- Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық-эвристикалық қабілеттерін арттыру.
Сабақ әдісі: Пікір таластыру, өздеріне берілген тақырыпты қорғап шығу
БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі
Қауыммен сәлемдесіп, үрдістің көздеген мақсаты туралы баяндау жүзеге асырылады.
Жүргізілу барысы жарияланады.
Қатысушылар
«Жастар» тобы «Ақиқат» тобы «Денсаулық» тобы
Есірткі Вмртуалдық ЖИТС
тәуелділік
Мақсаты: барлық фактілік дәлелдерді ұсыну арқылы өз позициясына сәйкес реебаттлл (конфликтілік) жағдайын тудыру.
Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.
«Жастар» тобы
Тақырыбы: Есірткі-ХХІ ғасырдың өлім тұзағы
Ұраны: Есірткіге жол жоқ
Топ мүшелері:Абулхасанова А-топ басшысы
Жұмаханова М-спикер
Сырлыбаева С-спикер
«Ақиқат» тобы
Тақырыбы: Виртуалды тәуелділік
Ұраны: Виртуалды тәуелділік-жастар үшін қауіпті
Топ мүшелері: Шаймерденов Н-топ басшысы
Ақмырза Е-спикер
Елмағанбетова Ә-спикер
«Денсаулық» тобы
Тақырыбы: ЖИТС-қатерлі дерт
Ұраны: ЖИТС-ке қарсымыз
Топ мүшелері: Қалиханова Г-топ басшысы
Қибашев М.-спикер
Бекенова Ә-спикер
ҮШ топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.
Әрбір топ өздерінің фактілерін ұсына отырып, нақты бір проблеманы көтеру арқылы оның:
- тарихын
- Зиянды жақтарын
- Нәтижелерін
айқын көрсетуге міндетті.
Әрбір спикер 5 минут шегінде ой тарқатады.
Сөздерін түйіндейді.
Көрермен қауымның дауыстары саналады.
Комиссия төрағасы мен мүшелерінің пікірі тыңдалып, ойлары таразыланады.
Марапаттау
1,2,3 орындармен марапатталады
Қорытындылау