Отанымызды қастерлей білу сезімдерін ояту, рәміздерімізбен тілімізге деген құрмет

Мақсаты:    Отанымызды қастерлей білу сезімдерін     ояту,рәміздерімізбен

тілімізге деген құрмет  сезімдерін қалыптастыру.

Отанын,халқын тілін сүюге баулу,патриотизмге тәрбиелеу.

Мұғалім:    Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін біздер 3 «б,в,г» сыныптар аралығында   сыныптан      тыс шара өткізгелі отырмыз.Шараға белсенді қатысуларыңыз сұралады.

(әнұран тыңдалады)

Шарамызды қазақ ақыны М.Мақатаевтың өлең жолдарымен бастасақ деп отырмын.

 

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті күнін сүйем.

 

-Балалар,бұл өлең не туралы деп ойлайсыңдар?

— Отан ,туған жер   туралы.

-Отан деген не,қалай  түсінесіңдер?

-Отан деген адамның туып өскен жері.

-Сендер қай мемлекетте туып өстіңдер?

-Қазақстанда

-Олай болса бүгінгі сыныптан тыс шарамыздың тақырыбы «Менің туған жерім – Қазақстан»

 

-Балалар,назарымызды тақтадағы тірек-сызбаға аударайық.Меніңше балалар,өз Отанын,туған жерін сүймейтін адам жоқ.Қанша ұлы адамдар,ақындар,сазгерлер сүйікті Отанына тамаша өлеңдер,әндер  арнаған. Ендеше бәріміз қосылып   3-сынып оқушылары Р.Камзеева мен Т.Ғаббасовтың орындауындағы «Отаным» әнін тамашалайық.

  Зорина Елена:

Отан-сенің,ата-анаң

Отан – досың бауырың,

Отан – өлкең,астанаң

Отан – аудан ауылың

 

Илясова Анастасия:

Отан осы,достарым

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс жас қауым

Оны ардақтап ,сүйе біл.

 

 

Астана

-Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.Бұл көрікті де,үлкен қала.Есіл өзенінің оң жағында орналасқан.Оның І астанасы-Орынбор қаласы,ІІ астанасы-Қызылорда қаласы,ІІІ астанасы – Алматы қаласы,ІV астанасы – Астана қаласы.

 

3 «В» сыныптың бір топ қыздарының орындауында «Саржайлау» биі тамашаланады.

 

Кучерова  Виктория:

Астана – арман қала

Желкілдеген құрақтай

Сүйеді барлық бала

Жалауын төмен құлатпай.

 

-Біздің еліміздің тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Ол бізге 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.

 

 

Жағасында Есілдің

Жарқырайды бір қала

Қамын ойлап елінің

Ел басқарған Нұр аға

Болса біздің Нұр аға

Халқымыздың тірегі

Жаңа қала Астан

Еліміздің жүрегі.

 

-Елдің елдігін танытып тұратын айрықша белгілері – Ту,Елтаңба,Әнұран.Мына зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті,арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін,дарқан да, ақ  бітімін,бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.

Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін,күніміз мәңгі сөнбесін!

 

 Бабина Александра:

Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көктен қыран  қалықтап

Қанат қағып барады.

Грабко Данил:

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай.

 

Тудың түсі көк ол халқымыздың бірлігін көрсетеді.Күш – көшпенділердің өмір белгісі. Бүркіт – еркіндіктің белгісі.

 

Елтаңбада келісті көркемдік шешім тапқан ұлы идея – еркіндік идеясы.Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Айбынымызды асырып,рухымызды аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын!

 

Давидюк Анстасия:

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет төрінде

Нұр төгеді елтаңба

Ақорданың төрінде

Авторы:  Шот-Аман Уәлиханов

                Жандарбек Мәлібекұлы.

 

Ел символына арналған әннің сөзін жазған атақты ақындарымыз:Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Ахмедов Фарид:

Шәмші атаның сазды әні

Жігер беріп қайратты

Бәрімізді мәз қылып

Жаңғыртады аймақты.

«Қазақтың мақтанышы» атты көріністен үзінді.

 

-Балалар,туған жеріміз Қазақстан туралы біраз мәлімет алдық.Одан әрі шарамызды Отан туралы білетін мақал-мәтелдерімізді ортаға салып, «Жалғасын тап» ойынымен жалғастырайық.

 

«Жалғасын тап» ойыны

 

1.Отансыз адам — ………….

2.Туған жердей жер болмас,  ……..

3.Туған жердің күні де,түні де ………

4.Ел іші — ………

5.Отанды сүю отбасынан   ………..

6.Әркімнің өз жері —  ……..

 

Бір топ қыздардың орындауында «Саржайлау» биі тамашаланады.

 

Отан отбасынан басталады.Туған елге,Отанға деген сүйіспеншілік птриоттық сезім отбасыңнан,өзіңнің туған жеріңнен басталады.Біздің туған жеріміз,туған өлкеміз – Орал қаласы.

3-сынып оқушыларының орындауында «Ақжайығым» әнін тамашалайық.