6,7 сыныптар арасында «Біздің ойын» атты математикалық сайыс
Сыныптан тыс іс-шара
6,7 сыныптар арасында «Біздің ойын» атты математикалық сайыс.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, ізденуге, шапшаңдыққа дағдыландыру.
Көрнекілігі: ойындар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, интер белсенді тақта
Түрі: жарыс сабақ.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, информатика, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жоспармен таныстыру.
ІІІ. Кіріспе.
Әділ қазылар алқасын сайлау.
ІV. 2 топтың сайысы
- Қорытындылау
Жоспар:
- «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» Топтың аты, ұраны, сәлемдері
- «Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем кесерсің» Эмблемаларымен алмасу және шешу.
- «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» «Біздің ойын» ойыны. (презентациядағы уяшықтарды таңдау арқылы ойналады)
- «Аз сөз алтын, көп сөз көмір»
Плакатқа жазылған математикалық терминдерді оқушылар бір секунд қарап алады, сосын плакат алынып тасталынады да оқушылар ойларында қалған сөздерді жазады.
- «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір» Екі топтың бір біріне сұрақтары
- Мықтылар сайысы немесе жекпе-жек. Капитандар жарысы
- Қорытындылау
Мұғалім сөзі:
Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі азамат. Сол азаматтың бойындағы тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат – ел ертеңі», «Білікті – бірді, білімді – мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар. Бүгін өздерінің білімдерімен сайысуға екі топ келіп отыр. Ендеше осы топтарға айтарым
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық,
Еркін билеп барынша
Жарыста сен қалыспа!
деп екі топқа сәттілік тілеймін.
1 жүргізуші:
Уа жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар.
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Көңілді де қызықты
Жарысты біз бастаймыз.
2 жүргізуші:
Келдік міне біз бүгін,
Түсейік деп жарысқа.
Тайсалмай-ақ жалықпай,
Келіңіздер жарысқа.
Жиналған ылғи дарындар.
Шын ниетпен қабылдар.
1 жүргізуші:
Армыздар жиналған қауым! Енді сіздермен бірге «Біздің ойын» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
2 жүргізуші:
Енді ортаға сайысқа түсетін топ мүшелерін ортаға шақырамыз
1 жүргізуші:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Екі топты халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
2 жүргізуші:
Ендігі сөздің кезегін математика пәнінің мұғалімі және де сынып жетекшімізге сөз береміз. (Мұғалімнің сөзінен кейін)
1 жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
2 жүргізуші:
Ендеше жеңімпаздарды анықтау үшін, әділ қазылар алқасымен таныса отырайық.
Әділқазы ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда соны біл
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл
1 жүргізуші:
Енді ойынымыздың шарты бойынша
«Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» танысу айдарымен әр топтың атымен, ұранымен, сәлемдерін тыңдап көріп, әділ бағаларын берейік.
- жүргізуші:
Ендеше сайысымызды «Алғырлар» тобынан бастайық.
1 жүргізуші:
Ендігі кезекті «Тапқырлар» тобына берейік
- жүргізуші:
Енді әділ қазылардың әділ бағаларын көрелік.
- жүргізуші:
«Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем кесерсің» айдарымен екі топтың эмблемаларымен алмасу және шешу.
- жүргізуші:
Эмблемада не бейнеленген және жасырын сөзді табу үшін 5 минут уақыт беріледі.
- жүргізуші:
Әділ қазылар шешімін ойланғанша ән тыңдайық. Масайнова Жансаяның орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар
- жүргізуші:
Енді әділ қазылардың әділ бағаларын көрелік.
- жүргізуші:
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» Енді «Біздің ойын» атты ойын арқылы топтарымызды сынып көрелік
- жүргізуші:
Ойынның шарты бойынша жинаған сандарыңыз есепке алынады. Ойынның шарты бойынша екі топ кезектесіп 10 сұраққа жауап беру керек. Топтың таңдаған сұрағына жауап бере алмаған жағдайда, екінші топ шешсе солардың есебіне қосылады.
2-жүргізуші:
Ойынның нәтижесін анықтау үшін әділ қазылардың әділ бағаларын көрелік
- жүргізуші:
«Аз сөз алтын, көп сөз көмір» айдарымен екі топтың есте сақтау қабілеттерін тексеріп көрелік
- жүргізуші:
Плакатқа жазылған математикалық терминдерді бір секунд қарап аласыздар, сосын плакат алынып тасталынады.Одан кейін ойларынызда қалған сөздерді алдыларыңыздағы плакатқа жазасыздар.
- жүргізуші:
Енді әділ қазы мүшелері, әділ баға беру өздеріңізде.
- жүргізуші:
Топ мүшелері шаршап қалмас үшін сергіту сәтінде барлығымыз орнымыздан тұрып би билеп, бойымызды сергітейік
- жүргізуші:
«Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір» айдарымен екі топтың бір біріне дайындаған сұрақтары
- жүргізуші:
Ендігі сөз әділ қазы мүшелері өздеріңізде.
- жүргізуші:
«Мықтылар сайысы» айдарымен капитандар жарысы. Капитандар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап берулері керек. Білмейтін сұрақтарын уақытты алмай білмеймін деп ары қарай жалғастыру керек.
- жүргізуші:
Енді әділ қазы мүшелері әділ жеңісті анықтағанша ән тыңдайық
1 жүргізуші:
Әділ қазылар қорытынды сөз өздеріңізде.