«Білімділер» сайысы

Сайыстың тақырыбы:    «Білімділер» сайысы

 

Сайыстың мақсаты:         Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

 

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

 

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

 

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

 

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер!

Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

Сайыскерлер екі топқа бөлінген.

 

  1. «Білгірлер» тобы
    1. Мірәлиев Бекжан
    2. Бөрібаева Бағила
    3. Әуелбекұлы Нұрсұлтан

 

  1. «Талаптылар» тобы
    1. Алпысбаева Бағила
    2. Бектаева Балнұр
    3. Әшімханов Бегалы

 

Сайыс мынадай турлардан тұрады:

1-ші тур – «Кім білімді?»

2-ші тур – «Полиглот»

3-ші тур – «Ғажайып алаң»

4-ші тур – «Кім тапқыр?»

 

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

«Бәйге» тур да сайыскер жаңылмағын.

Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

 

 

 

 

1-ші тур «Кім білімді?» Сендерге ортақ 10 сұрақ беріледі.  (Барлық сұраққа 3 минут, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай)

 

  1. Дәрігерлер беретін анттың авторы?   Гиппократ
  2. Нөл температурада су неге айналады? Мұзға
  3. “Оянған өлке” романының авторы? Ғ. Мүсірепов
  4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас?   Интерфейс
  5. Ең кіші планета? Меркурий
  6. Ноғай ордасының астанасы? Сарайшық
  7. “Жеті жарғы” заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған? Тәуке хан
  8. Microsoft фирмасын құрған адам?    Билл  Гейтс
  9. Ең жоғары ғылыми атақ ? Академик
  10. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? Интернет

 

 

  1. Қан қысымын өлшейтін аспап?    Тонометр
  2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы?   Модем
  3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі?      А.Мырзахметов
  4. Ақпаратты өңдеу құрылғысы?                                 Жүйелік қорап
  5. Құсжолы қандай пішінде болады?  Шиыршық
  6. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат?     Бәйтерек
  7. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым?   Экология
  8. Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз?                Темірқазық
  9. Графикалық ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы?   Сканер
  10. Абылай ханның шын аты Әбілмансұр

 

Келді  кезек  «Полиглот»  шешуге,

Жауаптарын  беруге  үш  тілдерде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Жақсы баға шәкірт саған несібе.

 

2-ші тур «Полиглот» 2 топқа 5 сұрақтан.  (Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай,     3 минут уақыт беріледі)

 

  1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді?

(дыбыс, звук, sound)

  1. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкене күн көзін                                                      (шам, лампочка, lamp)

  1. … кеме білім теңіз? (мектеп, школа, school)
  2. Молекулалары әр түрлі амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын

күрделі табиғи полимерлер?                                            (ақуыз, белок, fiber)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында?                              (сызғыш, линейка, ruler)

 

 

  1. Негізгі және қосымша құрылғыға жатқызылады? (тінтуір, мышь, mouse)
  2. Шөлдесе су деймейтін (түйе-верблюд-camel)
  3. Оқусыз … жоқ, білімсіз күнің жоқ  (білім, знание, knowledge)
  4. 5%-дық спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады? (йод, йод, iodine)
  5. Көп пернелі кұрылғы. (пернетақта, клавиатура, keyboard)

 

 

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

 

3-ші тур «Ғажайып алаң» Әрбір пәннен 3 сұрақтан.  (Дұрыс жауапқа ұяшықта көрсетілген ұпай беріледі)

 

Қазақ тілі

  1. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? Сын есім
  2. Сөз құрамын зерттейтін сала?                                      Морфология
  3. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? Диалог

 

Математика

  1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут

ұстайды?                                                                                               5 минут

  1. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем? аксиома
  2. Жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі? Планиметрия

 

Тарих

  1. Тарихтың атасы?    Геродот
  2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? Р. Қошқарбаев
  3. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды? 1723 ж.

 

Физика

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ? Ньютон
  2. Ток күшінің өлшем бірлігі? Ампер
  3. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?   Архимед күші

 

География

  1. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ? Қызылқұм
  2. АҚШ-тың солтүстік штаты ? Аляска
  3. Ең терең көл?   Байкал

 

Информатика

  1. Компьютердің негізгі бөліктерін ата?

                                                                  Жүйелік қорап, Монитор, Пернетақта

  1. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті?

Билл Гейтс

  1. 1936 жылы абстрактілік есептеуіш машиналарының идеясын ұсынып,

оның негізін салған ғалым?                                                      Алан Тьюринг

 

 

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес.

Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.

 

 

 

 

4-ші тур «Кім тапқыр?» (Салт дәстүр, Өнер, Спорт, Еркін тақырыптарда  3 сұрақтан қойылады. Әр сұраққа 5 ұпай беріледі)

 

І. Салт-дәстүр

  1. Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегі?        Ит көйлек
  2. Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі   Наурыз жыры
  3. Жас келінге айтылатын жыр           Беташар

 

ІІ. Өнер

  1. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі?   Әміре Қашаубаев
  2. Айтыстың көне түрі        Бәдік айтыс
  3. Қазақша күресте екі палуанның қатар жығылуы не деп аталады?                                                                                                                                    Итжығыс

 

ІІІ.Спорт

  1. ҮІІ қысқы Азия олимпиадасы қай елде өткізіледі?                 Қазақстан
  2. Спорттық жарыстың шешуші кезеңі                     Финал
  3. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы?

  Ж. Үшкемпіров

 

ІҮ. Еркін тақырыпта

  1. Түркістанды астана еткен хан      Есім хан
  2. Қазақстан Республикасының туының авторы      Ш. Ниязбеков
  3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері     Т. Әубәкіров

 

 

Қорытынды: Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды.  Баршыңызға сәттілік тілеймін!