«Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!»

 

Жауаптылар: 9а сынып, сынып жетекші Кусаинова А

Тақырыбы:      «Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!»

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш мереке екенін, көңіл күй сыйлау, жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Көрнекілігі: күзгі жапырақтар, шарлармен безендірілген зал

Түрі, әдісі: музыкалық концерттік бағадрлама

Барысы

1-жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

2-жүргізуші:

Бар бояуы мезгілдің қаныққанда,

Табиғатты өзіңдей жан ұққанба?

Дір-дір етіп қалтырап, жапырақта,

Қамыққанда, әр күні жарық таңда.

1-жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ата-аналар! Бармысыздар жас достар! Бүгінгі берекелі де, ырысты алтын күз құрметіне арналған «Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Сары түсті сағыныштан Күз моншақ,

Тағып алып тағы келді бізді аңсап.

1-жүргізуші: Сұр қалаға сыр айтады сыңсып Күз

Жасыл бақтың жапырағын ұрлап Күз-

Берекелі, мерекелі Алтын Күз құтты болсын!

Құттықтау сөз мектеп директоры Мазин Берікбол Нұргелдіұлына беріледі.

1-жүргізуші: Күз де келді көңілге бір мұң сыйлап…

2-жүргізуші: Әйтсе де, Жер — адамның бесігі.
Ел — бақыттың есігі.- деген дана халқымыз.
Ән: «Жаса, Қазақстан»   Орындайтын: 9 сынып оқушысы Кеңесбек Мархабат

1-жүргізуші: Қыркүйекті артқа тастап, қазанға да аяқ бастық. Күздің ең бір көрікті һәм сұрықсыз кезі енді басталды. Күздің құдіреті неде? Осы бір мезгілдің адам жанына бөлекше әсер етуінде не сыр бар? Санада сұрақ көп.

2-жүргізуші:  Бір анығы Күз — көңіл сарайымыздың айнасы. Күз — сағыныш. Күз — сезім симфониясы. Бәлкім, Күз — ой-қиялымыздың құндағы. Қалай болса да тылсымына тартар жұмбақтығы — талай ақынның таусылмас тақырыбына айналып қала берері анық. Кей кезде көңіліңді күздің бұлты торласа, жаныңды жапырағын жел тонаған жетім бақтың жалғыздығы жегідей жесе, жүрек дертіңді өлеңнен ізде, жарқыным!

Ән: «Ризамын»   Орындайтын: 10 сынып оқушылары Елеусізова Әлия, Октябрь Айым

1-жүргізуші: Көше қаланың —

Көркі.
Көкорай —
Даланың көркі.

2-жүргізуші:  Ынтымақ — елдің ырысы.
Ылғал — жердің ырысы.

Би: «Флешмоб»   Орындайтын: 9 сынып оқушылары

1-жүргізуші:  Сұңқылдап, сазды әуенді тауып түрлі,
Қоштасып, көкте аққулар сауық құрды.
Қанаттан ұшып түскен мамықтай боп,
Төбемнен жапырақтар жауып тұрды.
Барады бірте-бірте түн ұзарып,
Аспанда аққан жұлдыз ізі қалып.
Ақ қайың әудем жерде мұңайып тұр,

Көктемгі әсем әнін үзіп алып.

2- жүргізуші:
Ерте тұр, төсегіңнен кеш тұр мейлі,
Құстардың үні шатты естілмейді.
Көйлектей оңып кеткен, күлгін тартып,
Көкжиек қорғасын бұлт кескіндейді.
Бәрінен, бәрінен күз сезіледі,
Қайтеміз, жүреміз ғой төзіп енді.
Билікті өз қолына алып жатыр,
Жылдың бір маусымының кезі келіп.

Ән: «Күзгі бақ»   Орындайтын: 9 сынып оқушылары

1-жүргізуші:  Бірде жарқын, бірде бұлттар құрыстап,
Бірде жаңбыр, бірде қары тыныстап.

Сарғыш тартып, бақтың жүзі тұр сынып,
Бұйра талдар болады ғой құр сырық.

Далада да сайраңдаған сары елес,
Сары сурет алтын таңның сөрі емес.

Ән: «Сағынамын»   Орындайтын: 10 сынып оқушысы Шаяхметов Сұлтан

2- жүргізуші: Мархабат, осы қыздарды әр мезгілге теңей береді, мәселен күзге байланыстырсақ, сіздер?!

1-жүргізуші:  Мен күзбін! Өте еркемін!

2- жүргізуші: Әрине, сәл  нәрсеге  ренжіп. Бұртыйып қабағыңды түйе қаласын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасыңды алмай төгіп-төгіп жібересін.

1-жүргізуші:  Әйтсе де менің  жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.

Менің ойларым – еңбек  ерліктің  айы. Отан қоймасы, алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне келетін береке айы, берекесін тойлайтын, мереке айы. Сондықтан да жұрт Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз! Яғни берекелі алтын күз леп бекер айтпайды.

Ән: «Қыздар-ай»   Орындайтын: 11 сынып оқушылары Тұрсынхан Еламан

1-жүргізуші:  Ойын: Кім ширақ! 5 оқушыға 5 шұңғыл су құйылған тарелкаға, тиын (7дана) салынған, әр оқушыға 5 ас қасық беріледі, сол тиындарды ауызбен, қолдың көмегінсіз, қимылынсыз алу керек (сыйлықшалар беріледі).

Би: «Waka-waka» африка футбол биі   Орындайтын: 10 сынып оқушылары

2- жүргізуші: Ортаға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Жоламанқызына беріледі. («Сары алтындай сары күз!» атты көрме қорытындысы айтылады, 9-11 сыныптар арасында шығарылған (сынып шығармашылығы) сувинирге (кескін-келбет)орын беріліп, мараппатталады. )

 

 

 

 

 

«Берекелі, меркелі алтын күз» көрмесі

              

                                                                             «Ұйқыдағы балапан» 11 сынып

                

«Алтын жапырақ» 10ә сынып                                        «Жемісті фонтан» 9а сынып   

             

   «Бақша қарақшысы» 9а сынып                     «Гүл құмырасы» 10а сынып

2- жүргізуші: Арпа, бидай —
Ас екен,
Алтын, күміс —
Тас екен.

1-жүргізуші:  Қыс азығын жаз жинаған халыққа, еш күзгі күйзелістің қақпанына түспейді.

2- жүргізуші: Себебі неде?

1-жүргізуші:  Қадірлі қонақтарға, қанатты сөздерді оқып, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алуды үйрен демекпін. Ақыл кеңесім: 1. Қоқыс тастауды ешқашан ұмытпаңыз… шелектен… бастан… өмірден!

  1. Жұмыстарыңыз жаман жүріп жатса – оларға ілеспей-ақ қойыңыз…
  2. Өмірдегі ең мықты ұстаз – тәжірибе. Құлатады, шындықты айтады, қымбатқа түседі. Бірақ жеткізіп, өңменінен өткізіп түсіндіреді.

Ән: «Асықпа»   Орындайтын: 9 сынып оқушылары  Кеңесбек Мархабат, Совет Мөлдір

2- жүргізуші: Мархабат, тағы да қандай ақыл-кеңсетерің бар?

1-жүргізуші:  4. Егер саған біреу дауыс көтерсе, ашуланса, ренжісе – өзіңнің көтеріңкі-көңіл күйіңмен ғана жауап бер. Қысқасы, «таспен атқанды – аспен ат» деген аталы сөзді есіңнен шығарма.

  1. Өмір сені құрып үлгергенше, сен өз өміріңді құрып үлгер.
  2. Ешкімді ренжіткім келмейді, бірақ менде бәрі керемет!
  3. Өмір супермаркет секілді, қалағаныңның бәрін ал, бірақ кассаның алдыңғы жақта екендігін ұмытпа. Бәрі үшін төлеу керек!

Ойын: Ең үздік биші. (Ортаға бір қатар оқушылар шығарылады, кішкентай қорапшада түрлі түсті жапырақтарда әр түрлі би жасырулы болады, әр ойыншы біреуін таңдап, сол әуенге би өнерін көрсету керек, сыйлықшалар беріледі)

КВН: 11 сынып оқушылары

2- жүргізуші: Күз суреті
Сарыала жапырақтар
Қонады қалқып ұшып.
Мүлгиді атырап бар
Жамылып алтын ішік.
Бу шығып бүйірінен
Ағады жылға-бұлақ.
Ақбөкен үйірімен
Барады Сырға құлап.
Дәнді алқап жалтылдайды,
Жайғандай дүзге кілем.
Жер-Ана ән тыңдайды,
Аққулар тізбегінен.

1-жүргізуші:
Қайың тұр амал қылып,
Шық моншақ тағынып ап.
Сүйеді самал — жігіт
Қалғандай сағынып-ақ!
Бұлбұлдар сайрамады,
Бұтаққа жайғасып жай.
Дөңгелеп Ай барады,
Әлемнің айнасындай!
Тәкәппар тау-шыңдар да
Өрлейді сүйіп өрін.
Қызығы таусылған ба,
Думанды дүниенің?!

 

Ең керемет күн – бүгін! Келіп, тамашалағандарыңызға үлкен рахмет! Көріскенше күн жақсы болсын! Сау болыңыздар!
Ән: «Астана»   Орындайтын: 9-10 сынып оқушылары Мәуленов Рәсіл, Есенбеков Баязит