«Бұрымды қыз» байқауы
Тақырыбы: «Бұрымды қыз» байқауы
Мақсаты: Оқушыларға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке,инабаттылыққа,ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы,дарын да талантты,бұрымды қыздарды елге таныстыру
І жүргізуші: Қош,келдіңіздер,құрметті халайық! Армысыздар, ардақты аналар,ұстаздар,оқушылар.
Міне,бүгін өздеріңізбен тағы бір мерекеге жиналып отырмыз. 8 – наурыз ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы мерекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, әпкелеріміз бен қарындастарымызға, қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайылықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар. Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!
ІІ жүргізуші: 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні сіздерге – аналарымыз бен апа – сіңілерімізге, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке – бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
І жүргізуші: Ата-бабамыз сонау ықылым заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай,құрметтей білген. Қыз тәрбиесіне аса ыждағаттылық пен көңіл бөлген. «Анасын көріп,қызын ал,аяғын көріп асын іш», «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді», «Күнсіз гүл өспес,күтусіз қыз өспес» деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.
ІІ жүргізуші: Байқауды ұйымдастырудағы мақсат ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке,инабаттылыққа,ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы,дарын да талантты,бұрымды қыздарды елге таныстыру. Соның бір себепкері болып отырған біздің Ақжігіт орта мектебінің қыздар ұйымы жанынан 8 – 11 сыныптар арасында «Бұрымды қыз» байқауы өтпекші. Ендеше байқауға қош келдіңіздер!
І жүргізуші:
Ашуланып қайттың неге ерке гүл Қыз баланың бұрым деген сәні еді,
Мектебіңе кетіп едің ерте бір Болады оның әлі талай әлегі
Тортаңдайсың ата жауың сияқты Қыз бұрымға маза бермей жүретін
Бантигіңді шешіп кеткен ерке ұл. Балалықтың ойыны бар әдемі.
ІІ жүргізуші:
Бұрым – бұлақ таудан ақын құлатқан Ашуланба ол бір ойын талайғы
Бұрым – арман, қол жетпеген ұнатқан Адамдардан әр ұрпаққа тарайды
Момақан боп жүрген бүгін әкең де, Ақылды бол, сол бұрымның бір талы
Талай қызды шаштан тартып жылатқан. Тентектерді құрықтауға жарайды.
І жүргізуші:
Қыздарды сыйлау қазақтардың бар тілегі
Сол қыздарды сынайық біз бүгінгі
Нұрға толы көздері мен қыз жанарды
Қыз сыны, қыз әдебі, қыз өнері
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі
Бір көргеннен болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі- деп қыздарды әнге қоспаған ақындар кемде кем болар, бүгінгі сайысымыз ерекше болмақшы, мектепте шашы ұзын қыздар да, шашы қысқа қыздар да бар. Бірақ оны күтіп, өсіріп немесе жинақы ұстау жеткіліксіз. Мектепте шаштың бір формасы сақталса, ол әрине жақсы болар еді.
ІІ жүргізуші: Қазіргі қыздар өзіне жарасса да, жараспаса да шашты жайып жүргісі келеді. Ал, ол шаштың үлгісі мектепке рұқсат етілмейді. Мектеп оқушысы болған соң, мектептің тәртібіне бас иесіз. Бантик тағу керек, мектеп формасы сақталуы тиіс, заманның ағымына қарай мода қуғымыз келеді, ал бірақ біз қазақтың қара көз қыздары екенімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ қашанда қыздарын еркелеткен, төрінен орын берген.Біздің бүгінгі сайысымыз қыздар бойынан, ізгіліктің, қарапайымдылықтың, сонымен қатар талғампаздықтың үлгісін көргіміз келеді.
І жүргізуші: Байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар!
- «Мен қазақтың қызымын». (Әрбір қатысушы өз өскен ортасын,ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәреселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)
- Шаш өру формуласы. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» (өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)
- «Мен болашақта…». Өзіңнің ойыңдағы мектеп формасы мен өзің ұсынатын мектеп оқушы қыздарының шаш үлгісі. (Болашақтағы өзінің ойындағы мектеп формасы мен оқушы қыздардың шаш үлгісі жөнінде түсіндіріп өтеді)
- «Зерделінің ойы озық». (Лездік сұрақтарға жауап беру).
- «Қыз еркем – кестесімен көркем». (Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді)
- Қорытындылау.
ІІ жүргізуші:
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Гүлмира Оразалықызы
- Қыздар ұйымының жетекшісі: Жеміс Аманбайқызы
- Технология пәнінің мұғалімі: Айнұр Көмекқызы
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Гүлжан Смағилақызы
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық! (Арулар ортаға шығады)
Байқауымызды бастамас бұрын орнымызды тауып алайық. (нөмер суыру)
І жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
(әділқазы бағалары сұралады)
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
ӘН: «Жан гүлім» орындайтын Таушабаева Жанерке
ІІ жүргізуші: Шаш –адамның, әсіресе әйелдің көркі. Жастықтың өзі сұлулықтың,нәзіктіктің белгісі. Бұрын Шығыс қыздарының шаш өсіруі, әдемілігі бүкіл әлемге әйгілі болған. Абай арудың сұлулығын былай суреттеген:
Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшәт бөрік,ақ тамақ қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? – демекші келесі шартымыз Шаш өру формуласы. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» (өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)
(әділқазылар бағалары сұралады)
Әділқазыларымыз дайын болғанша шаш күтімі туралы кеңестер айтып өтейін:
1.Жұмыртқаның сарысын әбден көпіргенше араластырып,оған аз ғана өсімдік майын қосып,шашты жуады. Мұнан кейін шаш талшықтарыжалтырай түседі.
2.Шашты бір рюмка ром құйып шайса,шаш кереметтей жарқырайды.
3.Егер шаш жиі түсетін болса,жуар алдында 15-20 минутке сарымсақ шырынын шаштың түбіне жағу керек.
4.Өте құрғақ және сезімтал шашты ашыған айранмен жуу керек.
І жүргізуші: Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?
Сен сүйкімдісің, лағындайсың киіктің,
Сен-сүйіктісің, шыңдарымдай биік тым,
Сен- әдемісің, ақылы асқан басқадан,
Сен- әдептісің, ағаттан бір аспаған – деп байқауымыздың ІІІ шарты «Мен болашақта…». Өзіңнің ойыңдағы мектеп формасы мен өзің ұсынатын мектеп оқушы қыздарының шаш үлгісі. (Болашақтағы өзінің ойындағы мектеп формасы мен оқушы қыздардың шаш үлгісі туралы айтып өтуі тиіс). (әділқазылар бағалары сұралады)
ӘН: «Қазақ қызы» орындайтын Әбілхасов Нұрдәулет
ІІ жүргізуші: «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
(әділқазылар бағалары сұралады)
ӘН: «Елігім» орындайтын Орынбасарова Мәдина
І жүргізуші: Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей байқауымыздың Ү бөлімі «Қыз еркем – кестесімен көркем». (Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді)
ІІ жүргізуші: Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
І жүргізуші:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» — дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
ІІ жүргізуші:
8 наурыз 2014 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің –
деп қорытындылау сөз кезегін мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Оразалықызына береміз.
І жүргізуші:
Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапақтарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемінің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
8 наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 наурызға жете беріңдер келесі!
ІІ жүргізуші: Қымбатты да, асыл жанды аналар, қызғалдақтай құлпырған қыздар және мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі Ақжігіт орта мектебінде өткен «Бұрымды қыз» байқау өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет! Келесі наурызға жеткеше аман болыңыздар!