«БІЛГІРЛЕР» САЙЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ
«БІЛГІРЛЕР» САЙЫСЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ
Катя: — Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Білгірлер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Серікжан: — Кешімізді бастамас бұрын, Катя, саған жұмбақ қояйын деп едім.
Катя: — Ол қандай жұмбақ? Қане айтшы.
Серікжан: — 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
Катя: — Бір деген- Тәуелсіздік.
Бостандыққа қол жеткіздік!
Екі деген – Елім,
Далам, Тауым, Көлім!
Үш деген – Елтаңба,
Оны білмей қалма!
Төрт деген — әнұран,
Жүректегі ұран!
Бес деген – жалау
Желбіреген алау.
Алты деген – Ана тілі,
Міндетті түрде оны біл!
Жеті – деген Елбасы,
Өрлеп тұр оның тасы.
Сегіз деген – Астана,
Республикаға бас қала
Тоғыз деген – тарих,
Толық оны таниық!
Он деген – болашақ,
Біз жасайтын келер шақ!
Серікжан: — Жарайсың, Катя.
Уа, халайық, көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген ерің бар,
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Тәуелсіздіктің қадірін біліңдер!
Катя: ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – ана тілімізді ардақтау.
Серікжан: — Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы.
Катя: — Сондықтан ортамызға бүгінгі «Білгірлер»сайыс үміткерлерін шақырамыз. Олар тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен келіп отыр.
Бірінші топ — 11 А сынып оқушылары
Екінші топ – 10 А сынып оқушылары
Серікжан: —
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген,
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.
Катя: — Бүгін біз ұлан-байтақ Қазақстан жерінің бірнеше бекетіне тоқталып өтеміз.
1 бекет- «Мықтылар» бекеті
2 бекет – «Үміт» бекеті
3 бекет – «Қайраттылар» бекеті
4 бекет – «Өнер» бекеті
5 бекет – «Тілшілер» бекеті
6 бекет – «Қызықты грамматика» бекеті
Серікжан: — Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.Лавник Фарида Вакильевна – мектеп директорының орынбасары
- Даниярова Сәуле Торегожавна — әдістемелік бірліктің жетекшісі
3.Нурмуханова Бахыт Қайыровна
4.Сатиева Гульбахыт Жомартовна
Катя: — Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына — демекші әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып, төс белгісін көрсетіп, ұранын айту керек.
Рахымова Айжарқынның орындауында тамаша әнді қарсы алыңыздар
Серікжан: — Тұлпарларымыздың шабысын бәсеңдетіп, «Мықтылар» бекетіне тоқтайық. Әр топқа 10-10 сұрақтан қойылады. Сұраққа дұрыс, толық жауап берген топ жеңіске жетеді. (Сұрақтар бейнетаспада жазылады)
І топтың сұрақтары:
- А.Байтұрсынов кім?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- Жүз жасаған ақын?
- «Шаһар» сөзінің синонимі?
- Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Тұрлаусыз мүшелерді ата?
- М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата.
- Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
- Абайдың қанша қарасөзі бар?
- Ата Заң күні қашан?
ІІ топтың сұрақтары:
- «Оян қазақ» кімнің шығармасы?
- Жалғаудың неше түрі бар?
- Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
- Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
- Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
- Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
- Қазақстан жерінен өткен жол.
- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
6 сынып оқушысы Тимиров Диастың орындауында қазақ күйі
Катя: —
2 турымыз «Үміт» бекеті деп аталады. «Үміт» бекетінде бізді мынадай тапсырма күтіп түр. Берілген қоржын ішіндегі тақырыптарға әңгіме құрастыру
Команды берут из коржуна задания и идут готовиться
Топ мүшелері тапсырмаларын даярлағанша ортаға 11сынып оқушылары Соскова Яна мен Касенова Айзаттың өнерін тамашалайық.
— Ал енді дайын болсаңыздар, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Әділқазылар өз бағасын бере отырар.
(читают свой рассказ)
Серікжан: — Ертеде бір құмырсқа : — Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды арқалаған күштімін, — деген екен. Ал енді «Қайраттылар» бекетінде топ капитандарын сынап көрелікші. Топ капитандары кезекпе — кезек сұрақтарға жауап береді. Барынша көп ұпай жинауы керек. Мәдениетіміздің салалары бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтар қиындылығына байланысты 10, 20, 30 баллдарымен бағаланады.
Ғылым | 10 | 20 | 30 |
Өнер | 10 | 20 | 30 |
Спорт | 10 | 20 | 30 |
Кино | 10 | 20 | 30 |
Ғылым
10-Қаныш Сәтбаев кім? Қ.Сәтбаев-қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті, академигі
20- Әл-Фарабиді сегіз қырлы бір қырлы жігіт деуге бола ма? Неге? Ол ғылымның көп саласын меңгерген –философ, социолог, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі
30- Н.Ә. Назарбаев қай ғылымның докторы? Н. Назарбаев- экономика ғылымдарының докторы
Өнер
10-Шәкен Айманов кім? Ш.Айманов- әйгілі актер, режисер
20- Құрманғазының атақты күйі? Құрманғазының күйі «Адай»
30-Қазақтың кәсіби музыкасының қара шаңырағын көтеруші кім? Қазақтың кәсіби музыкасының қара шаңырағын көтеруші – Ахмет Жұбанов
Спорт
10-Б.Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата. Бәйге, көкпар, тоғызқұмалақ, асық, күрес…
20-«Сидней» олимпиадасының алтан медаль игері кім? Бекзат Саттарханов- «Сидней» олимпиадасының алтан медаль игері
- Грек- рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чеипионы болған кім? Б.Тұрлыханов- грек- рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чеипионы
Кино
10 –Қандай қазақ фильмдерін білесіңдер?
20- Қазақтардың нағыз тарихын бейнелейтін киноның аты. Көшпенділер
30- «Қыз Жібек» режисері: С.Қожықов
- Бәрекелді, қазақ тілін оқу барысында табыс тілейміз, қанаттарың талмасын.
Рахымова Айжарқынның орындауында өзбек биін тамашалайық
Катя: —
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Өнер» бекетіне тоқтайық. Бұл бекетте әр топ командасы өз үй тапсырмаларын көрсетеді.
- «Алена және жігіттер» тобы ______________________________________
- «РЕАЛЛ-дық жүз» тобы ______________________________________
Серікжан: — Тілдерді меңгеремін, тең көремін,
Полиглот сайысында күшімді сынап көремін, – дейді «Алена және жігіттер» және «РЕАЛЛ-дық жүз» топтары.
«Полиглоттар» бекетінде қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұрасы — мақал – мәтелдер бойынша жарыс болады. Ал, бастайық. Мысалы мен, Катя 6 тіл білемін. Менің атым Серікжан. Меня зовут Серикжан. Мениң иним Серикжан. Май нейм ис Серикжан. Их хабе Серикжан.
Катя: — Жарайсың, Серікжан. Ал енді сөзді сайыскерлерге берейік. Мақалдарды аяқтап, сөздерді орысшаға, ағылшын тіліне аудару
- Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — …… (сөз, слово, …………………………………………………..)
- Тамшы тас жарады, тас жармаса …… (бас, …………………………………………………………….)
- Өнер алды – қызыл ……… (тіл, ……………………………………………………………………………….)
- Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер. (жаман, ……………………………………………)
- Ана сүті бой өсіреді, ……….. ой өсіреді (ана тілі, …………………………………………………….)
- Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ……. боларсың (шешен, ………………………..)
- Көп сөз күміс, аз сөз ……. (алтын, …………………………………………………………………………..)
- Мектеп – кеме, білім — ……. (теңіз, море, sea …………………………………………………………..)
- Денсаулық – зор …….. (байлық, богатство, …………………………………………………………….)
- Білім сандығы — ……… (кітап, …………………………………………………………………………………)
- Әдепті бала – арлы бала, ……….. бала – сорлы бала (әдепсіз, …………………………………..)
- Бала тілі — ….. (бал, ………………………………………………………………………………………………..)
- Ашу — дұшпан, ақыл — ……. (дос, …………………………………………………………………………….)
- ….. көтермегенді, тіл көтереді (піл, ………………………………………………………………………..)
- Жеті жұрттың тілін біл, …….түрлі ілім біл. (жеті, …………………………………………………..)
- Тілден артық ……… жоқ. (қазына, …………………………………………………………………………)
- …….. сөз, бос сөз (көз, ……………………………………………………………………………………………)
- Мағынасыз сөз болмайды, ………………… ел болмайды. (мақалсыз, …………………………..)
- ….. оттан да ыстық (отан, ………………………………………………………………………………………)
- Отансыз ……. , ормансыз бұлбұл (адам, ………………………………………………………………….)
Серікжан: Келесі бекеттің аты «Қызықты грамматикалар». Бұл бекетте қазақ тілінің грамматикасын қаншалықты білетіндеріңді көреміз. Кім тез орындап шықса, сол жеңіске жетеді.
Катя: Сайыскерлер ойынын,
Тамамдадық біз бүгін,
Әділқазы береді,
Дұрыс, әділ шешімін
Катя: Ал қазір Тәуелсіздік күніне арналған шашуды қабыл алыңыздар
Көрініс «Қазақ тілінің білгірлері»
8 сынып оқушыларының орындауында «Қазақстан» өлеңі.
Серікжан:Сөз әділқазылар алқасының төрағасы Даниярова Сәуле Төрегожавнаға беріледі.
Катя Көрермен қауым, ықылас қойып тыңдағандарыңызға рақмет.
Катя: Мереке құтты болсын! Сау болыңыздар!