Астана – Қазақстан жүрегі! атты ойыны.
Астана – Қазақстан жүрегі! атты ойыны.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі ел орданың туған күні құтты болсын. Осындай әдемі, сұлу қалалар біздің Қазақстанымызда көп болуына тілектеспін.
Уа, ағайын, халайық
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Астана күнің тойлайық!- деп бүгінгі Астана күніне арналған «Астана – Қазақстан жүрегі!» атты топтық ойынымызды бастауыма рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі сайысқа түсетін 2 топтын ойыншылар ортаға шақырайық. Олар
1 топ. Бәйтерек
2 топ. Жұлдыздар
және осы екі топты бағалайтын әділ қазыларымен таныс болайық
1 әділ қазы. _______________________
2 әділ қазы. _______________________
Топтармен және әділ қазыларыман таныс болдық енді бүгінгі ойынның ережесімен таныс болайық. Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.
- Жан жүрегім – Астана!
- Әдемі қалалар
- Астана әуендері
- Сұрақ – жауап
- Астана қоңақтары
- Сөзді тап
Ей, Астана!
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзінен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі, бөлегісің. –деп, бірінші кезеңімізді бастайық
1 кезең. Жан жүрегім – Астана!
Бірінші кезеңде барлығы 12 сурет берілген, бұрыс жауап берген жағдайда топқа 10 ұпай беріледі. Екі топ кезек-кезектен ұяшықтарды таңдап жауап беріп отырады.
- Бұл метіш қалай аталады? (Нұр Астана)
- Оны чупа-чупс депте атайды, ол не? (Бәйтерек)
- Астана қаласының велоспорт командасы қалай аталады?(Астана)
- Астана қаласынан қандай өзен ағады? (Есіл)
- Бұл сары ғимаратты қалай атайды? (Бизнес-центр Astana Tower)
- Суретте не бейнеленген? (монумент Қазақ елі)
- Суретте не бейнеленген? (Әуежай)
- Қазақстанда қысқы Азияды ойыны Астана мен Алматы қалаларында нешінші жылы өтті? (2011)
- Суретте не бейнеленген? (Астана темір жолы)
- Суретте не бейнеленген? (Бейбіт пен бейбітшілік сарайы)
- Астана қаласынын хоккей клубы қалай аталады? (Барыс)
- Астана қаласының ең жақсы оқу орынының бірі? (ЕНУ Университеті)
Осымен 1 кезең аяқталды, келесі кезең «Әдемі қалалар» деп аталады.
2 кезең. Әдемі қалалар
Осы кезеңде 8 қала жасырылған, сол қалаларды екі топ кезек-кезектен жауап беріп отырады. Дұрыс жауап берген жағдайда топқа 10 ұпай беріледі.
- Шахтерлердің қаласы? Қарағанды
- Қазақстанның Щвейцариясы? Көкшетау
- Ең әдемі қалалардың бірі? Дубай
- Қазақстанның оңтүстігінде орналаған қала? Алматы
- Ресейдің астанасы? Мәскеу
- Мәшhүр Жүсіп мешіті орналасқан қала? Павлодар
- Францияның астанасы? Париж
- Абай Құнанбаевтің туған қаласы? Семей
2 кезең осымен аяқталды,
Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған. – деп, 3 кезеңімізді бастайық.
3 кезең. Астана әуендері
Қазір ел ордамызға арналған әдемі әндер өте көп, соған байланысты осы кезенде түрлі-түсті ұяшықтарда Астанаға арналған әндер жасылынған. Ендеше осы әндерді бірге тауып көрейік. Жасырылып тұрған әнді тауып толық жауап берсе топқа 10 ұпай беріледі.
1) ақ түсті ұяшық. (Арнау тобы – Астана махабатым менің)
2) жасыл ұяшық. (Фарида Жолдасова — Астана)
3) қызыл ұяшық. (Қайрат Нұртас — Астана)
4) сары ұяшық. (Ақылбек Жеменей — Астана)
5) көк ұяшық. (Алтыншаш Калмакова — Астана)
6) қара ұяшық. (Маржан Арапбаева — Астана)
7) сұр ұяшық. (Марат Омаров және Зарина Омарова – Арман қала Астана).
4 кезең. Сұрақ – жауап.
Осы кезеңде мен сендерге сұрақтар қоямын сендер бұл сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берулерін керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.
- Болашақтың қаласы (Астана).
- Ту, Әнұран, Елтаңба бір атаумен қалай аталады? (Рәміздер).
- Н.Ә.Назарбаевтың анасының аты? (Әлжан).
- Біздің Президентіміз қай қалада металлургиялық заводта жұмыс атқарды? (Қарағанды).
- Біз қандай елміз? (Тәуелсіз).
- Астанадағы елге танымал бренд? (Бәйтерек).
- Н.Ә.Назарбаев қандай партия торағасы? (Нұр Отан).
- Қазақ Республикасының тұңғыш Президент күні қашан?
(1 желтоқсан).
Осымен 4 кезенің сұрақтары аяқталды.
Сәулеңді шаш еліңе,
Нұрыңды төк жеріңе.
Киелі менің Елордам,
Бақ болып қонған төріме. — деген әдемі өлең шумақтармымен келесі 5 кезеңімізді бастайық.
5 кезең. Астана қоңақтары.
Күннен күнге дейін біздін Астанамызға шетелден көп туристер келіп көбейіп жатыр. Сол үшін осы кезеңде сендер басқа елдердің атауларымен туларын тауып алуларын керек. Осы кезеңде топпен бірігіп, ақылдасып жауап бересіздер. Осы кезеңдеде әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Бірінші ұяшық | Екінші ұяшық |
1. Германия | 1. Қытай |
2. Бразилия | 2. Латвия |
3. Италия | 3. Өзбекстан |
4. Қырғыстан | 4. Ресей |
6 кезең. Сөзді тап
Соңғы кезеңде қате жазылған төрт сөз берілген, сендер сол сөздерді орындарын дұрыс қойып алуларын керек. Кім жылдам тауып жауап берсе сол топқа 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
- Бренд
- Академия
- Қаскелең
- Қазақ
Осымен біздің барлық кезеңдеріміз аяқталды. Әділ қазылар ұпайларды санағанша, біз сіздермен бірге оқушылардың құттықтау тілектерін бірге тамашалайық. (Видео).
Сөз кезегі әділ қазыларға берейік
Марапаттау рәсімі.
Бүгінгі ойынға келіп қатысып отырғандарынызға көптен көп рахмет.
Сау болыңыздар.
Ойынды өткізген:
Информатика пәнінің мұғалімі
Мукушев Жанарбек Елеукенұлы
2014 жыл.