Одағай ашық сабақ
Тақырыбы: Одағай.
Мақсаты: Оқушыларға одағай және оның түрлерімен таныстыру,
алғаш мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру,сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту.
Тәрбиелілік. Оқушыларды техникалық – ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, оза оқыту, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: журнал, қағаздар, плакат
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиеттік оқу, қимылды ойын.
Cабақ барысы:
І. Сәлемдесу — салтымыз.
Мұғалім:
-Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Жарық көрді журналымыз
Асыға күткен жаңалық!
- Бәрекелді! Қош келіпсіздер, ұстаздар, оқушылар! Мектебіміздің оқушыларының көңіл-күйлері әр уақытта көтеріңкі болсын деп, 4 «А» класының «Алақай!» деп аталатын журналының тұсау кесер сабағына қош келіпсіздер!
Журналымыздың беташары ретінде «Сәлемдесу салтымыз» атты бетті әзірлеген тілшілер Ғазиза, Ислам, Сарбиназға сөз берелі.
Ғазиза:
Қазақ тілі-қызық пән,
Сөз мағынасын ұғынтқан.
Құраларын біз білдік,
Сөздердің тек дыбыстан.
Түбір менен қосымша,
Үйлесе келе қосылса.
Жаңа сөздің туарын,
Меңгергенбіз осында.
Ислам:
Сөз түрлерін оқыдық,
Түсінуде жоқ олқылық.
Біріккен түбір жасайды,
Екі-үш сөздер қосылып.
Қосарланады, тіркеледі,
Түбірлер кеп бірлеседі.
Жұрнақтар да жалғанып,
Сөз мағынасын түрлентеді.
Сарбиназ:
Үйрендік сөз таптарын,
Біліп алдық аттарын.
Түрлері мен сұрағын,
Жаңылмай-ақ жаттадым.
Одағаймен танысып,
Көңіл-күйім көтеріліп,
«Алақай!»деп мектепке,
Жүгіремін тездете.
ІІ.- Журналымыздың келесі беті «Өзіңді көрсет» деп аталады. Журналымыздың жас тілшілері өздеріне берілген тапсырманы қалай орындайды екен. Соны тексерелік.
«Қаңбақ шал» ертегісінен қысқаша көрініс.
Қаңбақ шал:
-Әй, кемпір! Ертең дәу қонаққа келеді.
Кемпірі:
-Ойбай, немізді асамыз?
Қаңбақ шал:
-Тәйт! Ойбайламай! Үйде ет жоқ, нені асамыз?-десең болады…
Ертеңіне Қаңбақ шалдың үйіне дәулер келеді. Дәулерді көрген кемпір:
-Ойпырым-ай, шал-ай! Нені асамыз, үйде дым жоқ?
Қаңбақ шал:
-Тү-у, сол да сөз боп па, басқы дәудің басын ас, ортаңғы дәудің төсін ас, болмаса досым дәудің өзін ас!
Дәулер:
-Астапыралла, қашайық.
ІІІ.Бәріміз бірге ойланайық.
- Пәле күннің жадын жазуды ұмытып кетіппіз, ендеше дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық. Бүгінгі өтетін тақырыбыз: «Одағай» деп аталады. О-һо! Міне, қызық! Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!
- О-да-ғай.
- Неше буын бар?
- 3 буын бар.
- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады. Бірінші түрі, ол — Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?
- Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б.
- Ал екінші түрі — Шақыру одағайлары деп аталады.Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін. Кімнің қандай ойы бар?
- Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.
- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т.б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.
- Үшінші түрі ол – Жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.
Одағай
Көңіл күй Шақыру Жекіру
- Ендеше, үш одағайдың түрлеріне бір-бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.
Бәрекелді, шөре — шөре,тәйт.
ІV.Біздің қолымыздан келеді
- Практикалық тапсырмалар
— Жас «Алақай!» журналы өзін шыңдау үстінде. Өзінен біршама жас үлкен «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары қонаққа келіп тұр. Журналдардың сендерге 1-2 тапсырмалары бар екен.
- «Балдырған» журналы.
Сиқыршы бос чемоданға мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Көрермендердің бет пішіні қандай болады? (таңдану)
- «Айгөлек» журналы.
Жолаушы жылауықтар еліне тап болды. Біреуін жұбатса, екіншісі жылап, әбден мазасы кетті. Балалар бәрібір жылауын қоймайды. Жылауықтардың бет пішіні қандай болады? (жылау)
- «Мөлдір бұлақ» журналы.
Мараттың досы бар еді. Жазғы демалыста досы ауылға кетті, Марат қалада қалды. Ол досын қатты сағынды. Бір айдан кейін досымен көшеде кездесіп қалды. Оардың бет пішішінде қандай өзгерістер болады?
(қуану).
-Балалар, одағайды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Тапсырмаларды орындағанда адамдардың қандай көңіл-күйлерін көрдіңдер?
-Қуану, таңдану, жылау.
- Семантикалық карта
Одағай | Көңіл күй | Шақыру | Жекіру |
Алақай | + | ||
Тү-у | + | ||
Моһ-моһ | + | ||
Тәйт | + | ||
Япырай | + | ||
Пырс | + |
(тексеру, бағалау )
— Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген.
Мысалы, «тәйт» деген одағай сөз ол баланың артық кеткен ісіне тыйым салған. Оны баланы түсініп, өз қателігін қайталамауға тырысқан.
- Одағайды сен тап, басқасын өзім айтамын!
- Мәссаған, балалар, редакциямызға алғаш қоңырау келіпті. Алло, иә-иә. Бұл «Алақай» журналы. А. Қызықты тапсырмалар беріп балалардың білімдерін білгіңіз келе ме?
- … , бәлем, Алмабек, қолымызға түстің бе?
- Балалар, «Ана тілінен» оқыған қандай шығармадан үзінді?
— «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесі.
- « …, мен неге бармадым екен сонда» деп Темір іштей өкінді.
- Ал, мына сөйлем ше?
- «Шыбық» әңгімесі.
VІ. «Алақай» журналының келесі айдары «Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық» дегендей жас тілшілер сөйлемді мәнеріне келтіріп оқиды.
568- жаттығу.
- Әй, қойшы соны, бір айтқанын он қайталайды. Сөзінің тамтығы жоқ.(ұнатпау)
2.Әттең, атымыз болғанда ғой, малдағы үйден ірімшік алып келер едік. (өкініш)
3.Ей, шырақ, қараңғы түспей үйіңе қайт, әке-шешең іздеп жатқан шығар. (қауіптену).
-Одағайлардың адамның қандай сезімін білдіріп тұрғанын түсіндір? Қай түріне жатады?
-Көңіл күй одағайлары.Одағайдың сөйлемдегі орны мен тыныс белгісін байқату:
- Одағай , .
- , одағай , .
- , одағай!
VІІ. Келесі бетте сендердің сөздік қорларыңды, әдемі сөйлеуге үйрететін айдар бар. «Ойыңды өзім жазамын» дегендей адамдарға қаратылып айтылатын одағайларды қатыстырып, 1 сөйлем құрайық. Сөйлем мүшесіне талдайық.
Нүркен:
Тәйт, балалар, темекі тартпаңдар!
— Балалар, одағай мен қаратпа сөздер сөйлем мүшесіне талданбайды.
VІІІ. Шақырамыз жарысқа.
— Келесі бет спорт жаңалықтарына арналған. «Шақырамыз жарысқа» атты спорт жаңалықтарына арналған бетті дайындауға қалай ат салысамыз.
Балалар, бұл бетте «Бәйге» ойыны туралы кең мағлұматтар берілген. Бәйгеге жылқы малы қатысады. Жылқы малын қалай шақырамыз?
- Құрау- құрау
- Одағайдың қай түріне жатады?
- Шақыру одағайы
- Атымызға отырайық.
- Аттар стартқа шықты (тіземізді шапалақтаймыз)
- Бәйге басталды.(қатты шапалақтаймыз )
- Алдымызда 1 кедергі (1 рет соғып, шапалақтау)
- 2 кедергі (2 рет соғып, шапалақтау)
- Шөп үстімен келеміз. (алақанды уқалау)
- Су кешіп келеміз (ұртымызды томпайтып, соғамыз)
- Көпір үстімен келеміз (таңдайымызды қағамыз)
- Алға, қыздар шықты (ә-ги-гәй)
- Ұлдар жетіп алды (о-го- го)
- Алдымызда мәре (қаттырақ шапалақтаймыз)
- Шаршадақ (терімізді сүртеміз)
- Жүлдегерлерді марапаттаймыз (қол шапалақтаймыз)
ІХ. «1 жаттығуда 2 ереже» деп аталатын бетінде жарияланған сөйлемдерді ерекше көңіл күймен оқиық.
- Әй, балам! Есіктің көзінде тұрма жоғары шық.
-Одағай қайсы?
-Әй.
-Қай түріне жатады?
-Көңіл күй одағайы.
-Одағайдан басқа адамға қаратылып айтылған сөз бар ма? Бар болса, ол қандай сөз?
-Балам.
-Ондай сөздер қалай аталады?
-Қаратпа сөздер.
Одағай сөз Қаратпа сөз
-Одағай мен қаратпа сөздер сияқты, өздері сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде сөйлеушінің айтылған ойға түрліше көз-қарасын білдіретін қандай сөздер?
-Қыстырма сөздер.
-Қыстырма сөздерге мысал келтірейікші?
-Бәсе, әттең, мүмкін, т,б.
— Одағай, қаратпа, қыстырма сөздер сөйлемде бөлек тұрады, оқшау тұрады. Үшеуі де сөйлем мүшесіне талданбайды, сұрақ қойылмайды. Үшеуі де сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түспейді.
-Сонымен одағай дегеніміз не?
-Неше түрі бар?Қандай?
Х. Күтпеген сыйлық.
— «Алақай» журналының тұсау кесер сабағына келген қонақтарға «Күтпеген сыйлық» деп аталатын келесі айдарына одағайларды айта отырып, ерекше көңіл- күйде болыңыздар демекпіз.
ХІ. — Келесі бетіміз « Қалағаныңды ал» деген екен. Осы бетке оқыған кітаптарыңнан, сүйікті журналдарыңнан одағайы бар 5 сөйлем немесе өлең жазуға болады.
-Олжастың жаңылтпашы жарияланып, ата-анасын қуантуда.
Дәптерім, дәптер-ақ еді,
Жоғалтқан «Қапт» дер-ақ еді.
Қажетке көп жарап еді,
Әлі де көп жері ақ еді.
ХІІ. — «Алақайдың» соңғы беті. «Әр адамның шығатын биігі бар» дегендей сендердің алғашқы журналдың шығуына көп еңбектенген оқушыларға «Бәрекелді», «Шіркін»- дей, ал әлде де көп еңбектенетіндерге «Әттең» дегім келеді. Мен сендерге қуанып отырмын. Журналдың алғашқы номерін шығаруға ат салыстыңдар. Сендерден жақсы тілшілер шығады екен.
Сәлемдесу салтымыз!
Өзіңді көрсет.
Бәріміз бірге ойланайық!
Біздің қолымыздан келеді!
«Одағайды сен тап, басқасын өзім айтамын!»
Ана тілі
«Мың рет естігеннен,
бір рет көрген артық. »
Ойыңды өзім жазамын
Шақырамыз жарысқа
1жаттығуда
2 ереже
Күтпеген сыйлық
Қалағаныңды ал!
Әр адамның шығатын биігі бар
Бәрекелді! — «5»
Шіркін — «4»
Әттең – «3»
Бар мейіріміміз балаларға!
Балалар журналы 1 (1)
e-mail:alakai@nets.kz
№ 1 ( 1 )
Қазақстан Республикасының бүлдіршіндер мен оқушыларға арналған журналы. Журнал 2009 жылдың сәуірінен ай сайын қазақ тілінде шығады.
Құрылтайшы және шығарушы: № 18 орта мектеп 4 класс оқушылары.
Бас редактор: Әниева Әсел Мұңлыққызы.
Бас редактордың орынбасарлары: 1.———————————— 2.————————————
Редакция алқасы:——————————————————————————————————————————————————
Дизайнерлер:———————————————————————————
Редактор-корректор:———————————————————————
Компьютерде беттегендер:————————————————————
Спорт бетіне жауаптылар:————————————————————
Тілшілер:————————————————————————————
Поштабайлар:——————————————————————————
Жүргізушілер:——————————————————————————
Журнал № 18 орта мектептің «Балдырғандар» ұйымында тіркеліп, 14.04.2009ж. № 9798-ж тіркеу туралы куәлігі берілген.
Таралымы- 50дана. Бағасы: жомарттыңығыз біледі.