Таза болса табиғат, аман болар адамзат.
Сабақтың тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары және
«табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
- денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
- табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық , дәптер.
Шаттық шеңбері
- Балалар, біздің асыраушымыз да, панамыз да Табиғат – анамыз. Олай болса сабақты Табиғат – анаға тілек айтудан бастайықшы.
Балалар кезекпен тілек айтып шығады:
- Табиғат – анамыз таза болсын
- Табиғат – анамыз көркем де сұлу болсын
- Табиғатымыз ұзақ жасасын және т.б.
Жер – ана:
— Балалар, адамның денсаулықтан асқан байлығы жоқ. Сондықтан да өз денсаулықтарың —
ды табиғат емшілеріне де қаратуды ұмытпаңдар.
Күн:
Нұр – сәуле шуағым,
Беретін қуатым.
Ұлы емші боламыз,
Бізден күш аласыз.
Жылытып, қыздырып,
Нұрыма жүзіңдер.
Алтындай шуағым,
Сырқатты қуамын.
Ауа:
Жер шары – ұлы әлем,
Қоршаған біздерді.
Ауадан тыныс ап
Өседі ырыс – бақ.
Денсаулық дауада,
Демге күш ауада.
Су:
Сусында әрі дем,
Біз емші бәрінен.
Жуынсаң сергітер
Су — өмір жүрегі,
Денсаулық тірегі.
Оқушы:
Уа, Жер – ана, Мөлдір су, Таза ауа, Алтын күн!
Дені сау ұрпақтың қалыптасуына тағы не керек?
Жер – ана:
- Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшің болуы керек. Яғни бойды тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, табиғи тағам ішу, демалу, ақыл – ойды дұрыс қалыптастыру, жерің мен табиғатыңды қорғау керек.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың көрініс бойынша түсініктерін кеңейте түсу үшін әңгімелеу ұйымдастырылады.
Алтын балық
Ертегі
Оқушылардың түсініктерге сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады:
- Адам орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?
- Сендер адамның орнында болсаңдар, қандай тілек айтар едіңдер?
- Ертегідегі жағдайларға қазіргі қандай жағдайлар ұқсайды?
- Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:
- Адамдар кейде өз қолындағы байлығының қадірін білмейді. Әдемілікке толы табиғатын, тап-таза суын, тұнық ауасын қымбат дүниелерге айырбастаған адам табиғат тазалығын ойламады. Табиғат тазалығы бұзылғаннан кейін адамдардың денсаулығы да, көңіл-күйлері де бұзылары анық. Сондықтан табиғатты таза ұстауға ұмтылайық.
Дәйексөз
- Балалар, табиғаттың көркеюі мен таза болуына біздің қосар үлесіміздің бірі — өсімдіктер отырғызу, оны күтіп- баптау, өсіру.
Тапсырма
Дәптермен жұмыс
Қорытындылау
Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.
Жүректен жүрекке
Тазалықты сақтайық,
Табиғатты баптайық.
Бізге деген пайдасын,
Жақсылықпен ақтайық.