Өмір — өзен

Сабақтың тақырыбы:  Өмір  — өзен

Сабақтың мақсаты: Оқушылар өмірден өз орнын табуға  талпынады және  болашақ мақсатын айқындауға көңіл бөле түседі.

Сабақтың  түрі:

Міндеттері:

  • оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек  білім беру;
  • өмірге құштарлықтарын арттыру;
  • өмірдің мәніне түсіне қарауға бағыт-бағдар беру;
  • өмірден өз орнын табуды мақсат етуге үйрету.

Көрнекіліктер: фотосуреттер, әдістемелік, оқушы дәптері, таратпа

жүрекшелер.

Сабақтың барысы: 1. Шаттық шеңбері

  1. Әңгімелесу
  2. Өлеңді мәнерлеп оқу
  3. Дәйексөз
  4. Шығармашылық жұмыс
  5. Мәтінді оқу
  6. Әңгімелесу
  7. Өлең оқу
  8. Шығармашылық жұмыс
  9. Назар аудару
  10. Тапсырма
  11. Назар аудару
  12. Жүректен жүрекке

 

Осы сабақтың барысына құрылған алгоритмді пайдаланып, сабақтың жүйелі

өтуіне   көңіл бөлемін.

  1. Шаттық шеңбері.

        Оқушылар шеңберге жиналып , бір-бірімен сәлемдеседі де

М. Шахановтың «Өмір-өзен» әнін айтады.

  1. Әңгімелесу.

 Сабақтың  тақырыбын ашу үшін  оқушыларға «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде   әңгіме жүргізіледі:

-«Өзін-өзі тану» сабақтарынан не үйрендіңіз?

-«Өмірде даңғыл жол жоқ» деген оймен қаншалықты келісесіз?

III. Өлең оқу.

Оқушылар Н.Исабековтың «Қайырлы таң, адамдар» өлеңін мәнерлеп оқиды. Оқушылардың өлең туралы ойларын білу мақсатында. Өлең соңында сұрақтарға жауап береді.

-Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

-Өздерің атқан таңға қандай тілек тілер едіңдер?

  1. Дәйексөз

    Оқушылар Абайдың «Адамдағы білім, ақыл мен жігер жақсылыққа , ізгілікті істерге, адамдарға деген сүйіспеншілікке бағытталуы тиіс»деген қанатты дәйексөзін талқылайды.

Адамдық қасиеттерге көңіл аудартып , ойлануға жетелеймін.

  1. Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар өмірде өз орнын табу мақсатында «Түсінгенім» айдарымен берілген пікірлермен танысып , онымен қаншалықты келісетіндіктерін білдіреді.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Оқулықта ұсынылған Т.Афанасьева мәтінімен танысады. Мәтінге қосымша берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып , олар басқа адамдарға абай болуға , ал өздерін-өзі тексеріп, жетілдіріп отыруларына жақсы кеңестер беріледі.

VII. Пікірлесейік, ойланайық.

«Пікірлесейік, ойланайық» айдарымен берілген сұрақтармен жұмыс жүргіземіз. Оқушылар ол сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салады.

  1. Өлең оқу.

     Оқушыларға М. Шахановтың  «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» өлеңі үлкен ой салары сөзсіз. Өлең соңындағы сұрақтарға оқушылар ойлары тыңдалады.

  1. Шығармашылық жұмыс.

Азаматтық , қымбат, өмір, жеңіл, ой, пейіл, ниет, бақыт, игілік, ізгілік, адалдық, ұят, арнамыс тірек сөздерін пайдаланып « Өіріңе немғұрайлы қарама»! тақырыбында шағын әңгіме құрастырды.

 

  1. Назар аудару

Қ. Қайсеновтың «Назар аударайық» айдарымен берілген жаңа ғасырға жақсылықпен бару жолдарын құрыстырамыз.

 

ХІ. Тапсырма

Оқулықта берілген «Өміріңе немқұрайлы қарама»!-деген пікірлерін қарап шығып, онымен  қаншалықты келісетіндерін айтады да тапсырма орындайды.

 

ХІІ. Назар аудару

Д.Кармегидің өмір туралы жазған қакнатты сөздеріне өз ойларын білдіреді

 

ХІІ. Жүректен жүрекке

Оқушылар болашақ жайында жүрекшелер ұсынып жақсы тілектерін білдіреді Н.Назарбаевтың сөзіне жазағын Б. Тілеухановтың «Елім менің»

Сабақты қорытындылап, өмірден өз орнын табуға көздейді.

1-тапсырма. Өзіңе өзің дұрыс жол іздеу мақсатындағы.

Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып «Өміріңе немқұрайлы қарама»! тақырыбында шағын әңгіме құрастырады.

 

Тірек сөздер: адалдық қымбат, өмір, жеңіл, ой пейіл, шат, бақыт, игілік, адалдық, ар-намыс.

 

Абай. Естілердің сөзін естіп журу де білгеннің ісі дегендей.

 

2-тапсырма (таратпа қағаздар)

Төмендегі пікірлерді қарап шағып,  онымен қаншалықты келісетіндеріді белгіле.

 

р\сПікірлерМенің пікірім
1Өмірің өз қолыңда
2Қиындықты жеңуге болады.
3Адамға әркез мақсат қоя білу керек
4Өзіңе өзің есеп беру, өз өміріңе немқұрайлы  қарамауға жетелейді.
5Білімді болу жарқын болашақ есігін ашады.

 

 

12345
Толықтай келісемігнкелісемінбілмеймінкеліспеймінМүлде келіспеймін