Құмырсқаның қанағаты ашық сабақ
Ана тілі 3 -класс
Сабақтың тақырыбы: «Құмырсқаның қанағаты»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертегіні түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын, шығармашылығын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
Міндеттері:
а) мазмұнға байланысты:
Мәтінді оқып танысады. Рөлдерге бөліп оқуға дағдыланады. Өз бетінше мазмұнын айтуға машықтанады.
ә) сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: оқу мен жазу арқылы сыни ойлауын қалыптастыру, ертегіні құрастыру, қиялын шарықтау, өз бетінше ой түйіндеу.
б) топтық жұмыс үрдісіне байланысты:
- Оқушылар өзара пікір алысады. Ортақ ой түйіндейді.
- Өз пікірлерін дәлелдейді.
Тәрбиелік мәні:
Оқушыларды еңбекқор, қанағатшыл болуға, үнемшілдікке баулу. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: мультипроектор, интерактивті тақта.
Стратегиялары: Б.Б.Ү., мінездеме, кейіпкерге хат, бес жолды өлең, сиқырлы таяқша.
Түрі: дамытушылық
Тұрпаты: Жаңа материалды меңгерту.
І. Қызығушылықты ояту.
Берілген әр түрлі суреттер бойынша ертегі құрастыру, ауызша баяндау.
ІІ. Мағынаны тану.
а) Б.Б.Ү. кестесі бойынша жаңа сабақты меңгерту.
Білемін | Білгім келеді? | Үйрендім |
Құмырсқа кішкентай, қызыл, қара болады. Олар илеулерде болады. Үнемі қозғалыста жүреді.т.б | Тағы қандай түрлері бар? Неге ол тәттіге жақын, болады? Оның илеуі қандай? | Жаңа білімді меңгерту |
Оқушылар Білемін,Білгім келеді кестесін толтырады,ой бөліседі
ә) Мәтінмен жұмыс.
- Оқушылар көзбен оқиды.
— Бұл мәтін не туралы екен?
— Кейіпкерлерін ата.
- Рөлге бөліп оқыту. (Оқымысты, құмырсқа, автор)
- Тапсырмаларды орындау (Сұрақтар)
Оқушылар 6 ұяшықтағы түстерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
- Оқымысты бақ ішінде нендей жайды көрді?
- Құмырсқаның ақылы, қайраты, қанағаты барын қайдан білдің?
- Оқымысты құмырсқаны неге, қалай сынады?
- Құмырсқа бір жыл бойы дәннің неге жартысын жеді?
- Құмырсқа бір дәнді бірде бір жылға азық етемін десе, екіншіде жарты дәнді 4-5 жылға азық етемін дегені несі?
- Құмырсқаның қасында дән жатқанда ашығу себебі не деп ойлайсың?
Сергіту сәті
Сонан соң таңдаған түстерінің сырын ұғады.
б) Интернет желісіне еніп көрейік.
- Құмырсқа туралы мәліметті оқу, суреттерін көрсету.
в) «Үйрендім» кестесін толтыру, пікірлерін
айту.
ІІІ. Толғаныс:
- Мінездеме.
- Кейіпкерге хат.
- Бес жолды өлең.
- Егер мен құмырсқа болсам…
Өз қалаулары бойынша біреуін ғана орындайды. 4-5 оқушыға оқыту.
«Сиқырлы таяқша» арқылы Мен бүгін өзіме не алдым? Ой түйіндеу.
- Бағалау.
Оқушыларды мадақтау арқылы бағалаймын.
- Үй тапсырмасы:
Мәтінді түсініп оқу.
«Қанағат қарын тойғызар» тақырыбына эссе жазу.