Мақал – сөздің маржаны

Тақырыбы: Мақал – сөздің маржаны

Мақсаты:

  1. Оқушыларды «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
  2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар, слайдтар, суреттер

Өтілу барысы:

Құрметті оқушылар! Бүгін  мектеп-гимназиямыздың туған күніне орай «Мақал – сөздің маржаны» тақырыбында өтетін сайысқа қош келдіңіздер!

Бұл сайысқа 4топ қатысады. Сайысымыз 4 айналымнан тұрады.

Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ-қазыларды сайлап алсақ.

Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.

Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.

Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.

Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

1-айналым: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал жазып шықса, ұпай саны да соған қарап қойылады)

 

2-айналым: «Мақал – сөздің мәйегі»

(8 ұяшық берілген, ұяшық таңдайды, сол ұяшықтағы мақалды жалғастыру керек, дәл тапса, сол ұяшықтағы ұпай қоржынына түседі)

  1. Балапан ұяда не көрсе … (ұшқанда соны іледі)
  2. 2. Өнер — ағып жатқан бұлақ, …(Білім – жанып тұрған шырақ)
  3. 3. Жақсының аты өлмейді …(Ғалымның хаты өлмейді)
  4. Ақыл-тозбайтын тон… (Білім таусылмайтын кен)
  5. Өнерлінің қолы алтын, …(өлеңшінің сөзі алтын)
  6. Білегі күшті бірді жығады… (Білімі күшті мыңды жығады.)
  7. Білгенің бір тоғыз… (Білмегенің тоқсан тоғыз)

8.Қына тасқа бітеді… (Білім басқа бітеді.)

 

3-айналым: «Даналық ойдан дән ізде» сайысы

Шарты: Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал-мәтелді таңдап, талдайды.

1- ұяшық: Киіміне қарап, қарсы алады,

Біліміне қарап шығарып салады.

2-ұяшық: Білген кісі тауып айтады,

Білмеген кісі қауып айтады.

3-ұяшық: Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.

4-ұяшық: Cөз атасы — құлақ,

Су атасы — бұлақ.

4-айналым: «Не деу керек мұндайда?» сайысы

(Таңдау бойынша суреттер беріледі. Сурет мазмұнына қарай мақалдарды жазу керек)

Қорытынды.

Ата-бабадан қалған асыл мұра мақал-мәтелдерді ұмытпай, жадымызға сақтап жүрейік, балалар! Енді сөз кезегі қазылар алқасында.

Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларға рақмет айтамыз.