Жақсылықпен жаным дос
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып Жақсылықпен жаным дос
Сабақ мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу Міндеттері: -оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамшылықпен жеңуді ұғындыру; — жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ; — іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.
| Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы:
Нұрға бөлену (оқушылар өз әсерлерімен бөліседі)
Үй тапсырмасына №7 тақырыптағы Жақсылыққа жақсылық ертегісін үйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы ертегідегі теріс қылықтардан арылып, риясыз жақсылық жасаған көріністерді естерінде қалуы үшін суреттер салып келу. (Оқушылардың үйден салып келген суреттерін талқылау). Ертегі бойынша пікір алмасу сұрақтары: 1.Сендердің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма? 2.Байсалдылық, шыдамдылық болса, адамның ішкі дүниесінде не орнайды?
| Сабақ барысын талдау: |
Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе!
Ыбырай Алтынсарин -Жақсылықты қандай ниетпен жасау керек? -Риясыз қызмет дегенді қалай түсінесіңдер? -Байсалдылық ойды тынышталдырып, жақсы әрекет жасауға жол көрсете ме?
| |
4.Әңгiмелеу Жақсылық пен Жамандық Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Сұрақтар:
— Адам Жақсылықтың айтқандарын орындау себебі неде? — Шыдамдылық адамның ішкі дүниесін қалай гүлдендіреді ? — Жақсы ой, сөз, іс әрекеті үйлескен адам қандай адам? | |
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Жақсылық пен жаным дос өленің құрастырып көріңдер? 1.Жақсылықпен жаным дос, ……………………………………. Үлкенге де, кішіге, …………………………………….. Дұрыс жолды таңдаймыз, …………………………………. Жанашырлық білдіріп, …………………………………. Қайырмасы: Жақсылықтың жолында, Мейірімді жүрекпен. Жақсы-жақсы сөздермен, Нұр төгейік баршаға.
2-ші топқа 2.Жақсылықпен жаным дос, …………………………………… Адамдарды алалап, ………………………………….. Кішіпейіл танытып, …………………………………. Риясыз ақ көңілмен, …………………………………… Қайырмасы: Жақсылықтың жолында, Мейірімді жүрекпен. Жақсы-жақсы сөздермен, Нұр төгейік баршаға. | |
Топпен ән айту. Жақсылықпен жаным дос! (Ақ көгершін әніне салып орындау) сөзі Ғазез Ж.С 1.Жақсылықпен жаным дос, Бауырмалмыз бәріміз. Үлкенге де, кішіге, Жақсылық жасаудан қалмаймыз. Дұрыс жолды таңдаймыз, Самғап ұшып талмаймыз. Жанашырлық білдіріп, Көмек беруге дайынбыз.
Қайырмасы: Жақсылықтың жолында, Мейірімді жүрекпен. Жақсы-жақсы сөздермен, Нұр төгейік баршаға.
2.Жақсылықпен жаным дос, Арамдықты білмейміз. Адамдарды алалап, Кемсітуді білмейміз. Кішіпейіл танытып, Қол созамыз баршаға. Риясыз ақ көңілмен, Жақсылық жаса адамға! | |
Үй тапсырмасы. №8 С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. 32 бет. Дәптермен жұмыс №7 1 Өздеріннің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастырып келіңдер! | |
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. — Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
|