«Қиял арманға жетелейді» 5-сабақ
Тақырып «Қиял арманға жетелейді» 5-сабақ
Құндылық Ішкі тыныштық
Қасиеттер Шыдамдылық, тәртіп, сыпайылық
Мұғалiм Азербаева С.Қ
Сынып:3
Оқушылар саны:25
Сабақ мақсаты:Қиял арманға жетелейді тақырыбы бойынша ішкі тыныштык құндылығын ашу Міндеттері: 1. Балаларды шыдамдылыққа үйрету арқылы қиял арман туралы түсінігін қалыптастыру; 2. Оқушылардың тәртіп туралы ұғымын кеңейту; 3. Сыпайылыққа тәрбиелеу
| Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды топқа бөлу түстермен
«Су асты патшалығына саяхат» Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
2. Үй тапсырмасын сұрау «Ана қиялы» әңгімесі . 5-сабақ 1. Ана қиялы қандай ниетпен пайда болды, деп ойлайсыңдар? 2. Сендердің қандай қиялдарың арманға ұласты? 3. Ол қалай жүзеге асты?
| Сабақ барысын талқылау: |
Дәйек сөз. «Армансыз адам болмайды» Халық мақалы 1. Қиял, арман деген не? 2. Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыңдар? 3. Неге армансыз адам болмайды?
| |
Әңгiмелеу (сұхбат). Аңыз әңгіме: «Арманға қанат бітеді» №46, 15 қараша 2011 жыл «Ұлан» газетіне жарияланған мақала Айдос бүгін тағы да үйінде жалғыз қалды. Ол өзі сүп-сүйкімді 5 жасар бала. Іші пысып не істерін білмеді. Бір кезде… Еденнің көтеріліп бара жатқанын сезді. Еден астынан әп-әдемі, кішкене бала шықты. — Сен кімсің? Не болды? – Қорыққанынан Айдостың даусы дірілдеп шықты. Ол айқайлап жіберуге дайын еді. — Атым Кішкентай! Сен маған қарап таңдаңба, мен жер асты тұрғынымын. Оның мәдениетті сөйлегеніне Айдос қайран қалды. — І-і-і… Менің есімім… — Ия білемін. Сенің атың Айдос. — Оны қайдан білесің? — Мен бәрін білемін. Олар үнсіздік еліне кіріп кетті. Бұл үнсіздікті Айос бұзды. — Теледидар көреміз бе? – деді жай ғана. — Теледидар көу өте зиян. Ол көру, есту мүшелерін әлсіретеді,- деді Кішкентай. — Кішкентай… Менің досым боласың ба? — Әрине!-деді ол қуана. Міне тағы да тыныштық. Айдос, сен нені армандайсың? — Менің арманым асқар таудан да үлкен. Біріншісі – мектепке бару. Онда достар табу. Ал сенің ше? – Ол өзіне риза болды. Қалайша әдемі сөйледі, анасы естігенде ғой… — Ал менің арманым… Сол кезде есік тоқылдады. — Мен сені ата-анаммен таныстырайын, сен менің алғашқы досымсың! — Жоқ, кейін,- деп кішкентай бала еден астына кіріп, ғайып болды. Есіктен ата-анасы кірді. Екі бетін кезек-кезек сүйіп жатыр. — Жалғасы бар. Күткен арманы орындалады. Бала екі аяғынан жүріп мектепке барады.
1. Айдостың арманы не еді? 2. Айдостың арманының орындалуына кім көмектесті? 3. Айдостың қиялы неге жетеледі? | |
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Плакатқа сурет салу тыныштықта.
| |
Топпен ән айту. Біз өмірдің гүліміз Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, Гүлденсін деп атамекен қара орман. Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік – ұлан байтақ елімде, Жарқын болсын шырқап айтар әніміз | |
Үй тапсырмасы. 6-сабақ» «Ата өсиеті» оқуға | |
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. (Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау) Сабақты аяқтау |