Сұраулы сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсасаты:Сұраулы сөйлем туралы ұығым қалыптастыруға мүмкіндік жасау;өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың теориялық ойлауын,сөйлеу тілін дамыту,сұраулық мағынаны білдіретін алғашқы түсініктерін қалыптастыру;сұраулы сөймді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу;ұйымшылдыққа , достыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілдері:Сұрақ –жауап, талдау, жинақтау,топтау,бағалау,дәлелдеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Көрнекіліктер:оқулық,дәптер,таблица,сөз жұмбақ,жеке суреттер, тірек –сызба,ойын құралдары.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпенғ

Бізде сәлем береміз.

 

Бүгінгі сабақта бір-бірімізге жаксы  тілектер айтып,сәттілік тілейік.

Біз Қазақстан болашағымыз.Елімізді көркейтуге үлес қосатын азаматтарымыз.Сол үшін біздің біліміміз өте жоғары болу керек.

Қазір білім шыңына көтерілеміз.Ол үшін әр белеске көтерілген сайын тапсырма орындаймыз.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру:

 

1-белес.Ой бөлісу отауы.

-Сөйлем туралы не білесіндер?

-Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

-Сөйлем сөздерден қуралады.

-Сөйлемдегі сөздер бөлек жызылады.

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.

-Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.

-Хабарлы сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

-Хабарлы сөйлемнің соңына (.) қойылады.

-Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

-Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.

 

3.Жаңа сабақты түсіндіру                  

 

2-белес. Артық болмас білгенің.

Сұраулы сөйлемді саналы меңгерту үшін,әртүрлі сөйлемдер жазылған кестеден сұраулы сөйлемдерді тапқызып,олардың мағанасы мен тұлғасына назарларын аудару керек.Кестедегі сөйлемдерді талдай келіп:Сұраулы сөйлем жасайтын ба,бе,ма,ме,па,пе бөлек жазылады:Олар қаладан келді ме?Тапсырманы жаздын ба?

4.Таза жазу минуты:

 

5.Оқулықпен жұмыс:

 

3-белес.Сауал- бізден, жауап- сізден.

2-жаттығу орындалады.Сөйлем соңындағы ма,ме,ба,бе,па,пе бірге жазыла ма, әлде бөлек жазыла ма?

 

6.Сергіту сәті.Музыканын ырғағымен өтеді

 

4-белес. Жаңа сөз ойлан тап.

3-жаттығу оындалады.Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

 

7.5-белес.Қанатты сөз -қазына.

-Қазақ  тарихында қандай шешім адамдарды білесіңдер?

-Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би.Сырым батырга былай деп сұрақ қойыпты

-Сөз ананасы не?

-Су анасы не?

-Жол анасы не?-деп сұрайды

-Бұл қандай сөйлемдер?

-Қандай мақсатпен айтылып тұр?

-Жауап алу мақсатымен айтылып тұр.

-Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылған?

-Сұрақ белгісі

Оқушылар жауабын айтады.Қандай сөйлеммен жауап бердік.Хабарлы сөйлеммен

Балаби қартайған шағында елінің игі жаксыларымен кеңесіп отырып:

-Жерден ауыр не?

-Судан терең не?

-Оттан ыстық не?

-Көктен биік не?-деп сұраған екен.

Жерден ауыр дегенім-ақыл- білім,

Судан терең дегенім-оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім-адамның өмірі,

Көктен биік дегенім-тәкапардын көңілі.

 

8.6-белес.  Ойын ой ұштар:

Деңгейлік тапсырма.Әрбір оқушыга тапсырмаларды таратып беріп,жауабын жинап алу.

1-деңгей.  Үнді дауыссыз дыбыстар:

2-деңгей.  А,С,Й,Т,М,Е,Л,Н,Ж,Ұ,Ғ,Г,Ү,Ы.    Әріптерінен 3 сөз құра.

3-деңгей.  Буынды жалғастырып,2 сөйлем құра.

Ай-                               қой-

тай-                              шай-

ой-                                бой-

той-                              жа-

4-деңгей. «Ұстаз» тақырыбында 4 шумақ өлең шыгарып жаз.

4-жаттығу.         Жаңылтпашты жатка айт және жаз.

Келе жаткан қара бота ма,

Жоқ,ала бота ма?

Ала бота ,қара бота-

Дөңнен асқан қандай бота?

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз.

9.Жаңа сабақты бекіту

Бәйге ойыны

10              20                        1)Сол жақта 10,40.

30                                 2)ортадағы 30.

40              50                        3)оң жақтағы 50,20.

1.Сөйлем дегеніміз не?

2.Сөйлем соңынан қандай тыныс белгілір қойылады?

3.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

4.Ма,ме,ба,бе,па,пе калай жызылады?

5.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

10.Оқушылардың білімдерін бағалау

11.Үйге тапсырма. 4 сұраулы сөйлем құрап жазып кел.

Біз ұшқыр ойымызбен білім шыңына жеттік.Қазақстан туы әр уақытта желбіреп тұрсын.