Әсемдікке ұмтылайық.
Тақырыбы: Әсемдікке ұмтылайық.
Құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиет (сапа): айналаға мейірімділікпен қарап, жақсы көру.
Мұғалім__Даулетова Айзада Сайлаубековна
Сынып __6а Оқушылардың саны__14
Мақсаты: Оқушыларға әсемдік, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: -оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігі, адамның жан сұлулығы туралы түсінік беру -оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету -оқушыларды сұлулықты, әсемдікті сезініп, бағалай білуге тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: Оқушылар айналадағы дүниенің сұлулығын бағалай білуге үйренеді; Әсемдікке ұмтылады; Өз ойларын ашық айта білу дағдысы қалыптасады;
| Көрнекілігі: гүл парақшалар,пре-зентация, Стикер-лер, маркерлер, шарлар,түсті қағаздар,әуен т.б. |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 1. Қызығушылықты ояту А) Тыныштық сәті (Нұрға бөлену. Жағымды жағдай туғызу.) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Ә) Топтастыру (Әр топты сұлулық туралы мақал жазылған гүл күлтелері арқылы топтастыру) Топтың аты — Әдемі, сұлу, көркем.
Үй тапсырмасын тексеру. “Ізденген жетер мұратқа” Б) Тренинг “Жүректен-жүрекке” Оқушылар шеңбер құрып, «….сен сұлусың, маған сенің…… ұнайды»- деп бір-біріне деген қарым-қатынасты ізгілендіру мақсатында дайындалған.
| Түрі: Ашық сабақ
Әдісі: Тыныштық сәті, топтастыру, тренинг,дәйексөз, мәтінмен жұмыс, жағдаятты талдау, әңгімелесу, постер қорғау, топпен ән айту.
|
2. Мағынаны тану А) Дәйексөз. Сырты сұлуға көз қызығады, Іші сұлуға жүрек қызығады. Ғ. Мұстафин
Ә)Мәтінмен жұмыс. Оқушылар «Қыз Жібек» жырынан үзінді оқып, мазмұнымен танысады. -Қыз Жібектің тұлға ретіндегі әсемдігін неден байқадыңдар? -Сұлулықтан қандай әсер алдыңдар?
Мұғалім сыйы (Жағдаятты талдау). Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі үстінің жағымсыз иісі бар екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі үстінен хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның тістері шіріген болса, сенің ішкі жан дүниең шірік екен. Бар, қазірден бастан сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын. | |
4.Әңгімелеу (әңімелесу). Адамды сұлу ететін не нәрсе? Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар? Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер? Егер сендерге жер бетіндегі ең әсем, ең сұлу нәрсені табу тапсырылса, не істер едіңдер? Алдарыңызда бір қағаз берілген. Сол қағаздан әдемі затты 1 минутта жасап болуларыңыз керек. Содан соң әр топ бір-бірін бағалайды. | |
5.Шығармашылық жұмыс. Постер қорғау. (Қиял әлеміне саяхат) Баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне сертігін тигізе отырып, сезімі мен эмоциясына жайлы әсер етеді. Көру, есту сезімдері арқылы сұлулық сезімдерін оятатын сәулет, сұлу сурет, мүсіндеу, ән, музыка, поэзия, күй сықылды өнер әлеміне, өнердің сұлулыққа толы тылсым құдіретінен жан тербейтін ләззат күйін сезіну үшін бір сәт өз қалауларыңмен өзімен өзі болып қиялмен сапар шегуді ұсынамын. Топ бойынша әр оқушы кезекпен өздері ойлаған көріністі табу үшін қағазға бір рет сызу арқылы сұлулыққа бағытталған сурет салулары керек.
| |
6. Топпен ән салу.
Қыз сыны Сөзі Қ.Қазыбековтікі Әні М. Омаровтікі Үкілі кәмшат,бүрмелі көйлек, Тұрғандай өзі қимылсыз билеп. Иықтан шашың төгіліп жерге, Күмісті шашпау жарасып белге. Қиылған қасы, қарақат көзі, Жүректі баурап, оятар сезім. Тал бойың нәзік қызғалдақ гүлдей, Дидарың нұрлы шуақты күндей. Жаңарып қайта,жаңарып көне, Ләззат алар көөрген жан сенен. Көркіңнен сенің айналдым, еркем, Халқымның салтын сақтаған көркем.
| |
7.Үй тапсырмасы. “Сұлулық” туралы ойдан өлең шығару.
| |
8.Қорытынды тыныштық сәті. Бұл әдістемелік тәсілді Динейк методикасы арқылы төмендегідей мазмұнмен ұйымдастыру. Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер. «Мен өз ағзамның қорғаныс күшіне сенемін». «Мен жайдары, ақ көңіл бола бастадым». «Менде бәрі де жақсы, бәрі өзім ойлағандай – мен бақыттымын». Әрбір фразаны көздерің жұмулы күйінде 10 рет қайталау керек. Санауды саусақпен немесе жіптегі түйіндер бойынша жүргізу қажет. Оқушыларға тынысты жеңіл және ұнамды болатындай етіп жайлап, еркін алу керектігін ескертіледі.
|