«Табиғат сыйы».

 

Тақырыбы: «Табиғат сыйы».

Мақсаты: Балалардың «табиғат» құндылылығы  туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  • Табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсіндіру;
  • Құстарға аялы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
  • Табиғаттың аң-құстарына қамқор болуға тәрбиелеу;

Типі: жаңа материалды игерту.

Түрі:дәстүрлі.

Әдістері:түсіндіру,сұрақ– жауап,әңгіме, иллюстрация және демонстрация, ойға шабуыл, инверсия, синептика, драмаландыру, ойталқы.

Сабақтың көрнекі құралдары:үнтаспа, құстардың, табиғаттың суреттері, оқулық, дәптер.

 

КезеңдеріСабақ барысы
 

Шаттық шеңбер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімелесу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ- жауап

 

 

 

Жаңа ақпарат

 

 

 

 

Тапсырма

 

 

 

 

 

 

Дәйексөз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіммен-өзім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сахналау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма

 

 

 

Дәйексөз

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

Жүректен жүрекке

 

 

 

-Қайырлы күн балалар! Өзін- өзі тану сабағына қош келдіңіздер! Сендерді «Қуаныш шеңберіне» шақырамын. Біз қазір көгімізде самғай ұшқан қанатты құстар боламыз. Ал сендердің екі қолдарың – екі қанаттарың болады. Қазір сыныпта әр түрлі құстардың дыбыстары шыққан үнтаспаны қоямын, сол кезде сендер бір- бірлеріңмен құстар болып қанаттарыңды тигізе амандасасыңдар.

(үнтаспадан құстар дыбысын қосамын, сонда балалар қатарласып тұрған балалармен екі қолдарын қанат жасап, бір- бірлерінің «қанатына» «қанатын» тигізе амандасады.

Тамаша көк жазғы таң қалғандай,

Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.

Қызығып ішсең суын құмартасың.

Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай.

-Балалар, «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?( Өйткені табиғат бізге сондай тамаша көріністерін сыйлап тұр.)

-Ал табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар? (Егер қоршаған сені табиғаты сұлу, көрікті болса, онда сенің ден саулығың, көңіл- күйін әр қашан да жақсы болады.)

-Балалар қанеки назарымызды кітаптағы суретке аударайық.

-Төменгі суретке қарап, табиғат сыйы туралы не айтуға болады?  (Табиғат, асқар тау, жайнаған гүлдер…)

-Дұрыс, балалар, табиғат дегеніміз- аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл. Олардың барлығы Табиғат бізге берген сыйы. Бүгін біз табиғат- ананың бізге тарту еткен сыйының бірі- «қанатты достар», яғни құстар туралы әңгімелесеміз.

-Балалар, қазір мен сіздерге Қ. Мырза Әлидің «Адамның артықшылығы» деп аталатын өлеңнің аудиосын қоямын, ал сендер оны мұқият тыңдап отырыңдар.

 

Адамның артықшылығы

Баратын жерге бара алған,

Жал құйрық желменен таралған.

Апшысын қуырып алыстың,

Арғымақ жүйткуге жаралған.

Су жайлы әңгіме әлі алда,

Сол судан күш қуат, нәр алған.

Зулаған жебедей топ-топ боп

Балықтар жүзуге жаралған.

Адамдар еңбектен нәр алған,

Үйреніп әр құстан, әр аңнан.

Жүруге, жүзуге, жүйткуге,

Және де самғауға жаралған.

-Осы өлеңде адамдар табиғаттан нені үйрене алады?(Жүруге, жүзуге, жүйткуге)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, адам табиғаттан жүруге жүзуге  және ең басты әдемілікті,сұлулықты үйренеді.

Балалар, табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Яғни біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау, қадірлеу сияқты ізгі істерімен  түйінделу керек.

-Балалар, өздеріңе таныс аспан көгіндері құс жолы белдеуімен көктемде қанатты достарымыз бізге адаспай ұшып, жетуіне септігін тигізетін жарық жолдар  салу үшін мен сендерге бір-бір жұлдыз таратып беремін. Бұл жұлдыздарда сендердің қанатты достарыңның аты жазылған. Сендер құстың аты жазылған жерге сол құстың жақсы қасиетін тіркеп жазып, тақтадағы құс жолына іліңдер.

(Мысалы: Аққудың жақсы қасиеті- адалдығы;

Қарлығаштың жақсы қасиеті- адаммен достығы;

Қыранның жақсы қасиеті- батылдығы;

Тоқылдақтың жақсы қасиеті- ағашқа қамқорлығы;)

Сауысқанның жақсы қасиеті- сақтығы;

Тотының жақсы қасиеті- әдемілігі;

Бұлбұлдың жақсы қасиеті- ән сыйлауы.)

-Жарайсыңдар, балалар,сендер түн ішінде жарқырап тұратын құс жолын бұрынғысынан да жарқыратып жібердіңдер. Ал құс жолын жарқыратқан құстардағы жақсы қасиеттері екенін ұмытпаңдар.

(әуенді қосамын)

-Ал ,балалар, ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмысаңдар да болады. Көз алдарыңа құс жолын елестетіңдер. Міне, біздің көмегімізбен құс жолы  бұрынғысынан да жарқырап, жерде тіршілік ететін барлық жанға құстардың жақсы қасиетін жеткізуде. Аққу құстың адалдығы, сұңқардың батылдығы, сауысқанның сақтығы, ал қарапайым да кішкентай қарлығаштың адамдарға деген достығы біздің де тұла бойымызға  дарып бара жатқандай. Барлық адамдар аққудай адал, бұлбұлдай әнші, тотыдай әдемі болсақ деп армандауда. Олар қанатты достарының тек ағаштарды қорушы ғана емес, табиғаттың жан біткенге берген сыйы екенін түсінгендей. Ал енді көзімізді ашайық.

-Балалар, құстың табиғат үшін де, адам үшін де пайдасы өте көп. Кейбір құстар ағаш діңіндегі құрттарды тұмсығымен  шоқып, тазаласа, кейбірі бидай алқабын құрт- құмырсқадан аршиды. Құстарсыз табиғаттың сәні де жоқ. Бірақ құстар да табиғаттағы тазалықты, тыныштықты қалайды. Олар да өз балапандарының қанат қағып, аспанға шырқай ұшқанын көргісі келеді.

-Балалар, қазір біз Өтебай Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық!» өлеңін рөлге бөліп оқып, сахналап көрсетейік.

Құс ұясын бұзбайық!

Табиғат ана:

Ей,балалар, балалар!

Аман болсын аналар!

Құстарда ана бар,

Құстарда бала бар.

Кім сүймейді баласын?!

Осылар еске түскенде,

Ойың да әбден піскенде,

Бір ойланып қаласың!

Өсіруге баланы,

Құстар ұя салады.

Жасауға жұмсақ ұяны,

Жабағы жүнді жияды.

Жабағы жүнді жияды,

Жайлы қып жасап ұяны,

Жұмыртқасын салады.

Бір қуанып қалады.

Тырнақтай құстың жауы көп,

Құрулы ажал- ару көп.

Оқушылыр:

Балалық қып қызбайық!

Құс ұясын бұзбайық!

Жұмыртқасын алмайық!

Обалына қалмайық!

Тақия тұзақ салмайық!

Қарғысына қалмайық!

Әдейі көздеп апайық!

Көп күнәға батпайық!

Мұғалім:

Балалар, мұны ұғындар,

Уәдеден шығыңдар!

Құстар біздің досымыз!

Құстардың біз досымыз!

Ұшып жүрсе аспанда

Сыр түйеді жас жанға.

-Табиғат-ана балаларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсыңдар?(Өйткені құстың ұясын бұзуға болмайды. Құс қарғап кету мүмкін.)

-Сендер осы өтінішке қалай жауап берер едіңдер? Неліктен? (Біз ешқашан ұяны бұзбаймыз…..)

-Иә, балалар, құстың обалына қалуға болмайды. Сондықтан айтқан уәделеріңде тұрып, құстарды қорғай біліңдер. Қыстыгүні суықта бүрсіп отырған торғайларға жем беруді ұмытпаңдар! Өйткені олар сендердей қамқор достарына сеніп, қыстап қалады емес пе? Ал көктемде ұшып жететін жыл құстары шаршаса да сендерге сеніп, сендерді  сағынып алыстан ұшып келеді. Оларға да ұя дайындап, жемшашар әзірлеп, тосып алыңдар.

-Қанеки балалар оқулықтағы суретке назар аударып қарайықшы. Осы суретке қарап шағын әңгімені құрастырайықшы.(көктем келді. Құстар жылы жақтан келіп, ұяларын салып, жұмыртқа басады….)

-Қанеки, балалар,назарымызды тақтаға аударайық!

(Тақтаға «Табиғатым аң-құсымен ажарлы» деп іліп қоямын және осы Р. Сәтімбековтің даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіремін.) 

-Балалар, табиғатты аң-құстарсыз елестетіп көріңдерші. Құстың сайраған үні жоқ жерде, жан-жануарлардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес.  Олардың да адамдарға үйретері мен ұғындырары мол. Сондықтан табиғаттың бізге берген сыйы деп, ойларға қамқор бола білейік.

-Қанеки, балалар, дәптерлерімізді ашып, осы дәйексөзді жазып алыңдар.

-Балалар, табиғат-анаға деген сүйіспеншіліктеріңді дәптерге жазып, білдіріңдер.

Мысалы: Мен сені ерекше қадірлеймін. Мен сені сүйемін. т.б.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар бәріңді ортаға шақырамын. Барлығымыз бірге менмен  мынау өлең шумағын айтындар!

Табиғат, сен- тіршілік тұнып тұрған,

Сен- Күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен-көлсің, сен- ормансың, сен- бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.