Жасампаздық жемісі.

 

Тақырыбы: Жасампаздық жемісі.

Мақсаты: оқушылардың жасампаздық, келешек туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың жаңа бастама, жақсы істер,ел болашағы жөнінде ұғымдарын дамыту.
  • Оқушыларды ізгі істерге баулып, шығармашылыққа жетелеп, белсенділіктерін арттыру,
  • Сүйіспеншілікке, жақсылыққа, сенімділікке тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: үнтаспа, бейнекөрініс, оқулықтар

 

Шаттық шеңбері.

Оқушылармен шеңберге жиналып, бір –бірімен сәлемдесу. « Атамекен » атты әнін шырқау. «Байғанин жастары әнін» тыңдату

 

 

Әңгімелесу.

Оқушылардың назарын жаңа сабаққа бағыттап, сабақ тақырыбына сәйкес білім – біліктерін аңғару. Осы мақсатта оқушыларға төменде берілген сұрақтарды қойып, жауап алады .Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар бұл сұрақтарға жауап беру кезінде адамның бойындағы ақылдылық,ойлылық, шығармашылдық, жақсылыққа ұмтылу,өз бойындағы қабілеттері мен мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу,қоғамға қызмет ету сынды адамгершілік қасиеттер мен ұстанымдар жайында сөз етеді.

Сонымен қатар,адамның ақыл-парасаты,игіліктер і істерінің елі үшін қандай маңызды болатыны,өз өмірін, болашағын елінің болашағымен қалай байланыстыратыны туралы пікірлерін білдіреді.

  • Адамның қандай жасампаздық істері ел игіліне айналады ?
  • Адамның ақыл-парасаты мен қабілетінің болашақ үшін қандай маңызы бар ?
  • Өз болашақтарыңды ел болашағымен қалай байланыстырасыңдар ?
  1. Қазақ елі тәуелсіздікті қашан алды ?
  2. Мемлекеттің астанасы қай қала ?
  3. Қазақ елінің елбасы ?
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды ?
  5. Тұңғыш қазақ ғарышкері.
  6. Төл теңгеміздің дүниеге келген уақыты ?
  7. Қазақстан Республикасының Ата заңы ?
  8. Елордамыз қашан Астанаға көшірілді ?
  9. Қазақстандағы Самит қай жылы өтілді.
  10. 7 – қысқы Азияда ойындары қай жылы өтілді ?

 

 

Оқу ақпараты.

Әрбір елдің бүгіні мен ертеңі өткеніне бас иеді.Елдікке қол жеткізудің бірден-бір жолы – ұзақ жылдар бойына құрылу, қалыптасу, даму жолдарын бастан кешіріп, жарқын келешекке ұмтылу екені айғақ.

Жасампаз халқымыздың ғасаырлар бойы қол жеткізген жетістіктерінен бастау алған, ұлттың рухы мен сана-сезіміне серпін берген жаңа Астана осының куәсі.

Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар берілген мәтіндерді оқып, талдау барысында жаңа Астанамыз орныққан Ақмола жерінің құрылуы, даму жолдары,ондағы елдің тарихы мен қажырлы еңбегі, өсіп-өркендеуі туралы « Астана бастаулары », « Осылай болған », « Жаңа ғасырға жаңа астанамен », « Болашақтың қаласыныңбүгіні » атты тақырыптарды оқып, талдау.

Оқушыларға Астананың көріністері туралы бейнекөрініс көрсету.

/ Оқушыларға көрікті сәулеттік өнер туындылары, « Нұр астана » мешіті , « Достық » монументі, « Астана — Бәйтерек » монументі, « Ақорда » үйі, « Бәйтерек » монументі, Түнгі көрініс, « Өмір өзегі » су бұрқағы /.Ақтөбе қаласындағы «Нұр ғасыр» мешітінің суреттері

Тапсырма.

Осы көріністерді көріп, олар туралы білетіндерін айтып беру жүктеледі.

Тапсырма.

« Астана — болашақтың қаласы » атты тақырыпта эссе жазу.

Дәйексөз.

Бүгінгі сабақтың дәйексөзі Н.Ә.Назарбаевтың « Жаңа астананың қаласы да, адамдарының санасы да жаңа болсын » деп айтқан сөзінің мағынасын талдау, қорытынды жасау.

Шығармашылық тапсырма.

Оқушылардың сабақтан алған білім – біліктерін шығармалық жұмыс арқылы көрсетеді.

Мұнда « Астана — арман қала », « Астана – бейбітшілік қаласы » тақырыптарында өз қалауларымен сурет салу.

Дәптермен жұмыс       1-тапсырма.Астана қаласын әлем жұртшылығына қалай таныстыратындарын жазба түрінде көрсетеді.

2-тапсырма.Егер саған Асана қаласынан ықшамауданды көркейтуге мүмкіндік берілсе, өз ісіңді неден бастар едің ?  деген тақырыпта оқушыларға өз идеяларын жоба түінде көрсету ұсынылады.

3 – тапсырма.

« Астана » өлеңін оқып, ондағы айтылған:

« Тұрады ол – жас болып, Мен үлкен болғанда да », — деген ой түйінін қалай түсінетіндерін айтып, « Астана — көрікті қала » тақырыбында өз қалауларымен сурет салып, өлең шығарып, жақсы тілектерін білдіру.Жүректен жүрекке.Оқушылармен шеңберге жиналып, Астанаға өз тілектерін арнап, « Арман қала — Астана » әнін үнтаспадан тыңдап, қосылып айтып сабақты аяқтау.Арман қала — Астана.Сөзі: Е.ШаймерденовӘні: М.ОмаровАғылып Атыраудан, Алатаудан,Көш қонды Қараөткелден таласа ауған.Жайдайды Астана ару алқасындай,Ғажайып ғимараттар жаңа салған.Қайырмасы:Сарыарқа сауырында,Ерке Есіл бауырында,Қаланды бой көтеріп арман қала.Арман қала,Асыл дала –Жаңа Астана, Астана.

Төрінде туған жердің туын тігіп,

Ерекше ел еңсесі бүгін биік.

Астан – ақ ордасы қазағымның.

Астана ақ тәж маңдайға қонған сүйіп.

Сабақты қорыту. Сабақ аяқталды