С.Торайғыров «Арыстан мен тышқан» мысал өлеңі
Сабақтың тақырыбы:
4-сынып
С.Торайғыров «Арыстан мен тышқан» мысал өлеңі
Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: — Артына өшпес мұра қалдырған, сан кеудеге шамшырақтай болған ұлы тұлғаларымыздың бірі – С.Торайғыровтың азаматтық тұлғасын таныту; жыр – дариясын құрайтын шығармаларымен таныстыру; мысал өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; мазмұнын ұғындыру.
Ә)тәрбиелік: — Мысал өлең кейіпкерлері арқылы оқушылардың бойына ізгілік нұрын себелеу; адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу, достықтың қадір – қасиетін түсіндіру.
Б)дамытушылық: — Оқушылардың тілін ұштау, қиялына қанат бітіру, шығармашылық ізденісін арттыру, бір – бірінің пікірін тыңдай білуге және өзіндік көзқарасын шебер жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырма, мониторингтік бағалау
Пәнаралық байланыс: дүниетану, театр өнері, бейнелеу, музыка
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, тірек – сызба, кеспе бетшелер, т.б.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру. Сыныпта психологиялық жағдай туғызу, оқушы назарын өзіме аудару
- Мұғалімнің кіріспе сөзі
Жарық дүниеге не бәрі 27 жыл ғана қонақ болып, артына өшпес мұра қалдырған, өз дәуір дидарын, азаматтық тұлғасын айқындап кеткен көрнекті ақынымыз – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сұлтанмахмұттың іздеген шындығы – халықтың дертіне ем табу, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп күн болу, халықтың мұздаған жүрегін жібіту, ерікті, мәдениетті, бақытты ету еді…
- Жаңа сабақ
I бөлім. «Білімнің кілті – кітап, мәйегі – мақал»
а) оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсіне оқу;
ә) сөздік жұмысы;
б) сұрақтар арқылы әңгімелету;
I деңгей тапсырмасы:
- Мысал өлеңнің мазмұнымен танысу.
- Өлең мазмұнын шағын көрініспен бейнелеу.
- Өлеңнің идеясын мақал – мәтелмен түйіндеу.
II бөлім. «Өнер – өмір, кейіпкер –әлемнің бейнесі»
II деңгей тапсырмасы:
- «Өмірдегі қандай адамның кейпін танимыз?»
- Семантикалық карта
Шығарманың авторы және аты | Шығарма кейіпкері | Кейіпкердің іс-әрекеті |
- «Ізденген жетер мұратқа» (Дүниетану пәнімен байланысты сипаттау)
III бөлім. «Тағылым түймесі – ойымның түйіндісі»
III деңгей тапсырмалары:
- Мысалдан өзіңе қандай сабақ алғаныңды суреттеп жаз, өлең шумағын арнау.
«Менің ойымша», «Досы көпті жау алмайды», «Менің көзқарасым»
- Суретпен үндескен көзқарас. (Мысал желісінде сурет салу)
- Үйге тапсырма.
Өлең үзіндісін жаттау.
- Мониторингтік бағалау.
№ | Оқушылардың аты-жөні | I деңгей | II деңгей | III деңгей | Ұпай баға |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 | |||||
5 | |||||
6 | |||||
7 | |||||
8 | |||||
9 | |||||
10 |
Бастауыш сынып мұғалімі: Капизова Шарипа Абдрахмановна