М.Звереев. Суықторғай
Тақырыбы: М.Звереев.Суықторғай
Мақсаты:1. Мәтінді түсініп оқу дағдыларын дамыту
2.Сұрақтарға жауап беру арқылы жағдаяттардан шыға білуге үйрете отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын байыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
3.Құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту арқылы, табиғатты қорғауға баулу.
Көрнекіліктер: слайдтар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, проблемалық
Сабақтың жоспары мен барысы
Психологиялық дайындық
1-слайд
Аяз қысып, өрнек сызып
Терезені торлайды
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
(Оқушылардын жауабы)
-Балалар, қыс деген сөздің естігенде ойларыңа не оралады? Қане ортаға салайықшы
2-слайд
Қыс
Ендеше, балалар, қаһарлы қысқа төтеп беру үшін не қажет?
(Оқушылардың жауабы)
- Дұрыс айтасыңдар мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күйде қыстың ызғары бізге қорқыныш емес.
Үй тапсырмасын сұрау
Үйге қандай тапсырма беріліп еді? Балалар, үй тапсырмасына байланысты бір жағдаят болып тұр. Сіздердің үй тапсырмасына қаншалықты дайын екендеріңізді тек мен ғана емес, сонымен қатар өздеріңіз сияқты С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 4 -сынып оқушылары «Ақ боран » әңгімесі бойынша ой бөліссек дейді.
Қане сол балаларды тыңдайық
(Әңгімеге байланысты сұрақтар қойылады, оқушылар жауап береді)
Қасым Дәлел
Үлкеннің сөзін тыңдайтыны
Байқағыштығы
Шыдамдылығы
Достар сендердің үй тапсырмасына дайындықтарыңа көңіліміз толды
-Ендеше,балалар, біз де Қасым сияқты болайық.
Кіріспе бөлім
Қыс айында ең көңілді қай ойын деп ойлайсыңдар?
4 слайд
(Аққаланың суреті)
Бұл не деп ойлайсыңдар?
()Оқушылардың жауабы!
- Қар
- Мұз қатып қалған
Таба алмасаңдар жұмбақтап айтып көрейін
Суықторғайға байланысты жұмбақ.
Дұрыс айтасыңдар, балалар
Жаңа сабақ
Сонымен, балалар , біз бүгін сендермен М.Зверевтің «Суықторғай » әңгімесімен танысамыз ( Автор туралы мағлұмат беру 5 слайд)
6-слайд
Не білесің? Не білдің?
(Оқушылар толтырады)
Әңгімені түсініп оқыған жағдайда біз суықторғай туралы тың деректер білеміз деп ойлаймын.
Оқулықпен жұмыс
Азат жолдар бойынша оқыту
Сөздік жұмыс
Қиын сөздердің мағынасын түсіндіру
Бедері –ізі, белгісі
Аш өзегіне түсіп кетпесін – көп күн аш болғаннан кейін бірден қатты тойып тамақ ішуге болмайды, ол азқазанға ауыр болады
Қоңданып – семірді, оңалды, толықсыды
Мәтінмен жұмыс
Мәтін мазмұнын ашатын сұрақтарды карточка арқылы қою
1.Мәтін не туралы?
2.Суықторғайды тауып алған кім, оны қайда алып келді?
3.Мәтін қандай үлгіде жазылған?
4.Суықторғай неге ұшып кетпеді ?
5.Автор қардағы қуысқа неге қолын тықты?
(Сұрақ арқылы отырықшы құстарға жасалатын қамқорлық туралы оқушылардың ойын тыңдау)
Тауып оқу
7-слайд
1.Автордың құсқа деген қамқорлығын , жанашырлығын автордың қай сөзінен көруге болады?
2.Суықторғай қандай қамқорлық жасады?
3.Біраз күннен кейін суықторғай қандай күйде болады?
8-слайд
Дәптермен жұмыс
Көздері-
Жүрегі-
Жоспар:
1.Қысқы серуен
2.Жұмбақ із
3.Ашыққан суықторғай
4.Жайлы қоныс
5.Көктемді қарсы алуы
9-слайд
Шығармашылық тапсырма
Қатар отырған екі оқушы
Суықторғайға
Тапсырма
Бейне сөз
Жұмбақ
Бір шумақ өлең
Сурет
10-слайд
Қорытынды
6-слайдты ашу
Не Білесің? Не білдің?
(Балалар толтырады)
Сонымен, балалар, қыстап қалатын құстарды қалай атаймыз?
Олар неге ашығады?
Ашықпау үшін бір не істеуміз керек?
Үйге тапсырма:
Бағалау: