Жануарлардың көптүрлілігі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау -4 елді мекені

Конирбаева Багтыгул Эсеновна-бастауыш сынып мұғалімі

 

Дүние тану , 3-сынып

Сабақтың  тақырыбы: Жануарлардың  көптүрлілігі 

Сабақтың  мақсаты :

Білімділігі: Оқушылардың алған  білімдері  бойынша  түйін  сөзді  таба  білуге, тұжырым, қорытынды  шығара  білу  қабілетін  арттыру.

Дамытушылығы: Оқушыларды  жануарлар  әлемінің алуан түрлерімен  таныстыру, олардың  қандай  топқа  жататындығын  анықтай  білуге  үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушылардың  табиғаттың жанашыры  болып  табиғатты  қорғауға  өз  үлесін  қосуына  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас  сабақ.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, сөзжұмбақ,оқулық.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа  әзірлік.Психологиялық  дайындық.

  1. II. Үй тапсырмасын тексеру. «Өсімдіктер  дүниесі  адам  қамқорлығына  мұқтаж»  тақырыбы  бойынша  түсінгендері  сұралады.

 Сұрақ  арқылы  бекіту.

1.Біздің   елімізде  өсімдіктің  неше   түрі  бар ?

2.Өсімдік  топтары  дегеніміз  не ?

  1. Мәдени өсімдіктер дегеніміз  не ?
  2. Сирек және азайып  бара  жатқан  өсімдіктерді  қайда  жазады ?

III. Жаңа  сабақ.

Сөзжұмбақты  шешу  арқылы  жаңа  сабақтың  тақырыбын  ашу.

  1. Жапырақ
  2. Алма
  3. Күнбағыс
  4. Капуста
  5. Жаңғақ
  6. Қарбыз

Мұғалімнің  кіріспе  сөзі. Жануарлар  дүниесі   алуан  түрлі. Ғалымдардың  дәлелдеуі  бойынша  жануарлардың   2млн. түрі  бар. Олар  суда,құрлықта,топырақта,ауада  тіршілік  етеді.

Жануарлар  мынадай  топқа  бөлінеді:

 

 

Жануарлар

 

Бунақденелілер

Қосмекенділер

Сүтқоректілер

Жорғалаушылар

Құстар

Балықтар

IV.Дәптермен  жұмыс. 

  1. Сергіту сәті.
  2. VI. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы  мәтінді  оқыту. 

VII. Сұрақ – жауап. Ойлан–талқыла.

1–топ.   «Көбелек».

Омыртқасыздардың  арасында  ең  көп  тарағаны  қай  түрі?  (жәндіктер)

Түрлі  ауруларды  тудыратын  жәндікті  ата. (маса,шыбын)

Гүлдерді  тозаңдандырушы  жәндіктерді   ата. (ара,бал  арасы,көбелек)

2–топ.  « Қарлығаш».

Ұшуға  бейімделген  жануарлар  түрі? (құстар)

Құстардың  жылы  мекені  қалай  аталады ? (ұя)

Аң  аулауға  қолданатын  құсты  ата. (бүркіт)

3–топ.  «Ақбөкен».

Құрлықта  мекендейтін  жыртқыш  жануарларды  ата. (аңдар)

«Қызыл  кітапқа»  қандай  аң    түрлері  енген? (ақбөкен,сілеусін,марал)

Біздің  жерімізде  кездесетін  жыртқыштарды  ата. (қасқыр,түлкі)

VIII. Шығармашылық  тапсырма.

1–топ.   «Көбелек».

Жәндіктің  суретін  салу.

2–топ.   «Қарлығаш».

Торғай  туралы  өлеңді  толықтыру.

3–топ.  «Ақбөкен».

«Қасқыр» тақырыбына  эссе  жазу. 

  1. Семантикалық картамен жұмыс.
       Құс      БалықБауырымен  жорғалаушыСүтқоректіЖәндік
сазан  

 

    
қой  

 

    
көбелек 

 

    
сұңқар 

 

    
кесіртке 

 

    

 

  1. X. Үйге тапсырма. Топты  бағалау,жеке  оқушыны  бағалау.

   Жануарлардың  көптүрлілігін  мазмұндап  келу.