Жақсылықпен жаным дос
Сабақтың тақырыбы | Жақсылықпен жаным дос |
Сабақтың мақсаты | Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру; Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу. |
Сілтеме | Өзін-өзі тану оқулығы 5-сынып Сабаққа қажет материалдар (кеспеқағаз, маркерлер т.б)
|
Оқыту нәтижесі | Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді; Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады; Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді; Топпен жұмыс барысында ойы толығады,әрекетті сыни бағалауды үйренеді; |
Негізгі идеялар | Жақсылық және жамандық сөздерінің мағынасын ашу; Дәйек сөзбен, нақыл сөздермен жұмыс жасау; |
Тапсырмалар | 1.Мақал-мәтел айту 2.Мағынаны тану 3.Шығармашылық тапсырма 4.Дәйексөз талдау 5. Сүйінбай Аронның “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері” өлеңіне талдау жасау арқылы кластер құру 6.Жақсылық ағашын салу |
Міндеттері | Әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы талантты және дарынды оқушыны,көшбасшылықты анықтау; АКТ-ны пайдалануда интертақтамен жұмыс жасап үйрету; Берілген тапсырмаларды топпен бірігіп отырып орындау; |
Кейінгі тапсырмалар | Махаббат-өмір өзегі тақырыбына дайындалып келу және мақал-мәтелдер жаттап келу |
Кері байланыс | Өзін-өзі бағалау |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Мұғалімнің жазбасы | ||||||||||
1-тапсырма Оқушылармен көңілді орта құру үшін қол ұстасып, шеңбер құрып,оқулықта берілген «Біз өмірдің гүліміз» әнін қосылып айту. Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу.Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы 4 топқа бөлеміз. 1-топ. Ақылдылар 2-топ. Мейірімділер. 3-топ. Тәртіптілер. 4-топ. Әдептілер. Топтың басшыларын жасырынған сөздері бар мақал-мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа 1 мақал-мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып, мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі. (АКТ слайд арқылы көрсетіледі). Топтың лидерін мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табуына қарай анықтау. 1 — топ Жақсының ісі————(адалдық) Жаманның ісі———— (арамдық) 2 — топ Жақсылық қылсаң——————қыл (адал) 3 — топ Жақсының———— айт, нұры тасысын. (жақсылығын) 4 – топ ————-адам алысты жақын етер. (жақсы) Жұмбақты тапқан оқушы топ басшысы болады.Топ басшылары топпен ақылдасып, сыныптың ережесін бекітеді. Ереже: Уақытты тиімді пайдалану Тыныштық сақтау Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу. | ||||||||||
2-тапсырма Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізіледі. 1. Жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 2. Жақсылық жасау дегеніміз не? 3. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? 4. Жақсылық жасау адамның парызы ма? Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді. Әңгімелесу барысындағы ойды толықтыру үшін оқулықта берілген «Жақсылыққа — жақсылық» ертегісін оқушыларға оқып беру. Балалар оқулықтағы ертегі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтінді өздігінше талдайды.
| ||||||||||
3-тапсырма Оқулықта берілген ертегілерден үзіндіні оқып, оқушылардың жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңызыдылығын тұғындыру ,ой толғау мақсатында аяқталмаған мәтінді өз ойымен жалғастыруға шығармашылық жұмыс беріледі. 1. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі. 2. «Арыстан мен тышқан» ертегісі. | ||||||||||
Сергіту сәті. Оқушылардың тыныс алуын реттеу үшін сергіту жаттығуын ұйымдастыру.Балалар шеңберге жиналып, аудиодискі арқылы «Қара жорға» әуеніне қимыл-қозғалыс биін билейді 4-тапсырма Оқушыларға бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген оқулықтағы “Жақсы сөз – жарым ырыс”нақыл сөзін басшылыққа алып, өздерінің жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме (эссе) жазуға дәптермен жұмыс беріледі.Балалар жеке жұмыс жасайды. | ||||||||||
5-тапсырма Топтастыру стратегиясын пайдалана отырып жұптық жұмысқа тапсырма беріледі. Тапсырма: Оқулықта берілген Сүйінбай Аронның “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері” өлеңіне талдау жасау. Өлеңдегі жақсылық пен жамандық тұжырымдарынан кластер құрастыру.(СТО стратегиясын пайдалану)
| ||||||||||
6-тапсырма Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады. Ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып «жақсылық» тақырыбына ой түйіндейді. Мыс: Қайырымдылық — жақсылық жасаудың ең тиімді жолы. Сурет бойынша ойларын топтар постер арқылы қорғайды.
| ||||||||||
“Жүректен-жүрекке ” Оқушылар қол ұстасып,шеңберге құрып,оқулықтағы А.Асылбековтың «Жақсы болу — өзіңнен» атты өлеңін бірге оқиды.Өлеңнің мазмұны арқылы адамның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында екенін және өз бетінше көп үйренуге, әр ісіне есеп беруге үйрену керек екенін ұғынады. Жақсы – болу өзіңнен. А.Асылбеков. Жақсы болу – өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла!
|