Абай..
Абай..
Абай атамыздың өлеңдері,қара сөздері қай қазақтың болмасын бойын шымырлатып,ойын толықтыратыны даусыз.Оның әрбір сөзінің астарында нақты бір тиянақты ой,мәні мен тәрбиесі зор аса құндылық жатыр.Еліне,жеріне,Отанға,білімге,ғылымға деген сүйіспеншілігін әрбір сөзінің астарынын мүлтіксіз аңғаруға болады.Абайдай нар тұлға қазақта жалғыз ғана.Абайдан кейін ащыны ойып,жамандықты зар қылар,шындықты көксеп,ұятты бетке басар қазақ баласы бола қаймас.Болар,бірақ ол Абайдың көлеңкесінде жасырын қалған бір сәуле секілді.Абай өлседе,»қазақ шоқтығын»биік ұстаған бала үшін оның әр сөздік мәні жүрегінде мәңгілік болмақ!Абайдың он бесінші қара сөзінің соңында «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе,күнінде бір мәртебе,болмаса жұмысыңда бір,ең болмаса,айында бір өзіңнен өзің есеп ал!Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен,не білімге,не ахиретке,не дүниеге жарамды,күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?»,-деп жазылған.Осы бір аз ғана сөйлемдердің ішіндегі ойды дұрыстап ойланайық.Бізде тәуелсіздің әр таңымен бірге оянып,өмірімізді есті адамдай етіп өткізейік.Сөзімнің соңынды айтарым,Болашақтың тасын бірге қалайық,достарым!!!