Ш Ы Ғ Ы С С Е П Т І К
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Кожакова Анаргүл Инадировна
Тақырбы: Ш Ы Ғ Ы С С Е П Т І К
Мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Дамытушылық: Жаттығулар орындата отырып, шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге,сауатты жазуға тәрбиелеу.
С/түрі: Жаңа сабақ
С/әдісі: Семантикалық карта, Венн диаграммасы, Тест, Топпен жұмыс
С/көрнек: Интер. тақта, карточкалар.
С/барысы: Ұйымдастыру (Қызығушылығын ояту)
Топқа бөлу, әр топқа сұрақ қою.
1-топ: Қазақ тілінде неше септік бар?
2-топ: Септік жалғаулары дегеніміз не?
3-топ:Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
Семантикалық карта:
Қайың, Кітап, Оқушы сөздерін септеу.
Ребус шешу: ШАР, НАН
Шана деген сөз шығады.
-Шана неден жасалады?-Ағаштан, темірден.Осы сөздерге сұрақ қою.
-Неден?Шығыс септігінің ережесін меңгерту.
Н/бөлім.Мағынаны ашу.
Оқулықпен жұмыс
-Күннің жады,көркем жазу: Шана ағаштан,темірден жасалады.
67-ж:Өлеңді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою,оның қай септікте тұрғанын айту.-Неден?-Жаңбырдан. –Қайдан?-Аспаннан.Жалғаулары:-дан,-нан.
68-ж:Қымыз туралы сұрақ қою,өз ойларын айту.
Сергіту: Зат есім септеледі жеті түрде
Ешқашан шатыстырып алып жүрме
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой
Жатта оны ойнап күлме,босқа жүрме
70-ж:Сызбадағы жалғуларға сай келетін зат есімдерді табу.Шығыс септік жалғауларының әр-түрлі жалғану себебін түсіндіру.
71-ж:Жұмбақты жатқа жазып.шешуін табу.Ер-тоқым.
ТОПҚА ТАПСЫРМА:
1-ТОП:Өлеңді мәнерлеп оқып,шығыс септікте тұрған сөздерді тауып,жалғауларын ату. Төскейден жел еседі,төбемнен бұлт көшеді
Туған жерім мен үшін,Көк майсасын төседі.
2-ТОП:Шығыс септікте тұрған сөзді тап,астын сыз,қай сөзбен байланысып тұрғанын айт. Дәрі шөптен жасалады,Дана көптен шығады.
3-ТОП:Жұмбақты шеш,шығыс септікте тұрған сөздерді тауып сұрақ қой.
Орманнан жалпақ даладан,Бал іздеп бір-ақ жортады
Кіп-кішкене арадан,Үп-үлкен боп қорқады.
Венн диаграммасы: Жатыс септік пен шығыс септікті салыстыру
Қорытынды:Ойтолғаныс
1.Ойын: АҚҚАЛА
Аққала,аққаланың,аққалаға,аққаланы,аққалада,аққаладан деген сөздер таратылып беріледі.Әр сөзді септіктер ретімен орналастыру арқылы аққала шығады.Септіктердің аттарын атап,жалғауларын,сұрақтарынайту.
2.ТЕСТ ЖҰМЫСЫ:
1.Қазақ тілінде неше септік бар?
а ) 6. ә )7 б) 5
2.Сөйлемнен шығыс септікте тұрған сөзді тап:
Кеше Сауледен хат келді.
3.Шығыс септігінің сүрақтарын тап.
а) Кімде? Неде? ә ) Кімнің? Ненің? б ) Кімнен?Неден?
4.Шығыс септікте тұрған сөзді тап.
а ) Мектептен ә ) Мектепте б) Мектептің
5.Шығыс септігінің жалғауларын тап.
а )-да,-де,-та,-те
ә)-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
б)-дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен
Бағалау.Үйге тапсырма:1.Септіктер жаттау
2.72-жаттығу.