Даналардан шыққан сөз…

Даналардан  шыққан  сөз…

 

«Барлық  өнерден  сөз  өнері  жақсы  екенін  білген  жөн.Адамзаттың  ең абзал  қасиетінің  бірі-сөз  сөйлей  білу.Бұл  жағдайды  жете  түсін  де,жақсы  сөйлей  білуге  үйрен: сыпайы,анық  сөйлеуді  әдет  қылғайсың.Өйткені  қандай  сөзді  айтуға  әдеттенсең,  тіл  соны  айтады.

Сөзді  өз  орнымен  сөйле.Орынсыз  айтылған  сөз   жақсы  болса  да   жаман  көрінеді.Орынсыз  айтылған   артық  сөз  опық  жегізеді.Егер  сөйлеген  сөзіңнен  бір  нәрсенің  пайдалы  исі  сезіліп  тұрмаса,ондай  сөздің  айтылмағаны  жақсы.»                «Кабуснама»

Мұралардың  ең  қымбаты-сөз.Сөз  күн  шалмас  қараңғы  көңілді  шалады,күн  жылытпас  суық  көңілді  жылытады,асылы  адам  да,нәрсе  де  тозады, жоғалады.Асыл  сөз  мәңгі  жасайды.