Жас қалам
Жас қалам
Мақсатымыз:
- Оқушы бойына,ойына,қанына ұлт рухын
сіңіру, ана тілін анық үйретіп шығару;
-Оқушы шығармашылығына қолдау көрсету;
-Жас дарындардың қаламын төселдіру;
Жас тілші жазады… Мектеп хабарлары
Мектепке –гүлмен…
Жаңа оқу жылын біздің ұстаздарымыз «Мектепке- гүлмен» акциясын ұйымдастырумен бастады.Онсызда айнадай жарқыраған таза мектебіміздің шырайы кіре түскендей. Маңайымызды гүлге толтырып,әсемдіктің,әдеміліктің сырын біліп өссе деген ұстаздың игі тілегін айтпаса да ұғуға болатын бастама екен деген ой түйдім.
«Ерінбей еңбек етсең шыдап егер,Тікен де гүлге айналып шыға келер» деген даналардың даналық пікірі ойы да, пікірі де біз үшін өзгермейтін ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің нәтижесіне берілген бағадай. Ендеше, өмірлеріңіз гүлдей түрленіп, айналаларыңыз тек гүлмен көмкерілсін демекпін! Келе жатқан Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Әсем Борисова
«Әдебиет және өнер» үйірмесінің мүшесі
7-сынып оқушысы
Кездессе маған сол бейне
( Оқушы шығармашылығы)
А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқыған соң түйген ойым…
Қазақ халқын жанымен де,жүрегімен де сүйе білген Ұлы тұлға екеніңізді білгеннің үстіне біле түстім,Ахмет баба!Сіздің «Қазақ қалпы», «Анама хат», «Н.Қ.ханымға»т/б жазған өлеңдеріңізді оқи отырып,өз халқыңыздың тағдыры үшін бүкіл ғұмырыңызды арнағаныңызды түсіндім.Сіз туралы миллиондаған адам пікір пайымдады.Қазақ халқының тарихында өшпес ізіңіз қалды.Өзіңіз таңдаған күрес жолы сізді биік-биік мақсаттарға жетеледі.Біз сіз секілді Алаш азаматтарынан үлгі алып,мақтан етеміз.
Бастан кешіп қасіретті азапты,
Сыйладыңыз елімізге азат күн.
Өздеріңдей азаматтар көп болса,
Арта берер мәртебесі қазақтың!
Қамалғалиева Жарқынай
11а-сынып оқушысы
Мені қызықтыратын әлем
Мен кітап оқығанды жанымдай жақсы көремін.Аудан орталығындағы кітапханаларға жиі барып тұрамын.Жақында сіңілім екеуміз қызықты кітап алдық.Кітапты қатты қызығып оқыдық.Онда үш дос сиқырлы әлемге кездесіп,қатыгез сиқыршымен бетпе-бет келеді.Халық үшін жан аямай шайқасады.Сиқыршы ханшайымды жеңіп,айнала әдемі үйлерге,бау-бақшаға толады.Кітаптың қызықтылығы сонша, әсерінен айыға алмай біраз күн жүрдім.Сиқырлы әлемге тап болсам деп қиялға берілдім.Индер қалашығы сондай сиқырлы әлемге айналса ғой…
Әмірғалиева Бану
7а- сынып оқушысы
Мені де кітап әлемі қатты қызықтырады.Әсіресе, тарихи-фантастикалық кітаптарды іздеп жүріп оқимын.Оқиғалары шытырман,шиеленіске толы тұстары тіптен қызық.Оқиға желісі өзгерген сайын «не болар екен,енді қайтер екен?» деген мазасыз ойлар еріксіз кітапқа жетелейді де тұрады.Ал оқып біткен соң кейіпкерлермен сырласуға көшесің. «Осынысы дұрыс па,мен орнында болсам не істер ем?»деп ойға батам. Кітап әлемін бірге шарлайық,сыныптастарым дегім келеді
Сарсенғалиев Амандық
7 а-сынып оқушысы
Мені қызықтыратын әлем- табиғаттағы түрлі құбылыстар.Мен оның әр қырын зерттеуден де, оған көз жеткізуден де жалықпаймын.Біресе сүйсініп,біресе таңданып ойым сан саққа жүгіретін кездері де болды.Аспан әлеміндегі жұлдыздардың қалай орналасатыны,олардың қай уақытта шығып,енді бір мезгілде қайта көрінбегені таңдандырады,көзім талғанша қарай беремін.
Жақында , кешкі уақытта,күннің көзі жиекке батар мезгілде күннің жиегінен жоғары кемпірқосақ секілді түрлі түсті жолақ пайда болды.Әжемнен сұрағанымда «күн райының бұзылатынының белгісі болар» деді.Ертеңіне аспан мен жер мұнартып шаңды жел тұрды.Міне,мені осындай тылсым дүниенің жұмбақтары қызықтырады.Болашақта осындай құпиялы әлемді зерттегім келеді.
Бахитова Айжұлдыз
7 а-сынып оқушысы
Мен архитектура әлеміне қызығамын.Түрлі кескіндегі ғимараттар, сәулетті үйлер,зәулім-зәулім дүкендер- бәрі менің қиялымдағыдан да әдемі құрылыстар.Астананың сәулетті, заңғар биік үйлерін көргенде таң — тамаша боламын. Ақтөбе,Атырау қалаларының да салынып жатқан құрылыстарына қарап болашақта әдемі қала болатынына сенемін.Мен архитектор болуды армандаймын.
Құрал Жәнібек
7 а-сынып оқушысы
Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай
Абай-аспан немесе әжем айтқан асыл сөз
Менің марқұм әжем Абай сөзін құран сөзіндей құрметтеген. «Кезінде аталарың озмыш болып кеткенде, балаларымды Абай сөзінің ақылымен тәрбиеледім,»- деп айтып отыратын әжем.
Мен кішкене кезімде сол әжемнің бауырында өстім.Жасымда бойымдағы ерсі қылықтарымды байқаса,Абай атаң былай шенеген екен деп төрт жол шумақты айта салатын.Кезінде оған аса мән бере қоймаған екенмін.Әжемнің көзі тірі кезінде ауылға жиі барам.Мені сағына күтіп отыратын да «бес асыл іс пен бес дұшпаныңды» айта қойшы дейтін.Білсем разы болып,білмей қалсам көңілі қалатын.Біріміздің ісімізден өзімшілдікті байқаса : «Өзің үшін еңбек қылсаң-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың парызы үшін еңбек қылсаң –Алланың сүйген құлының бірі боласың,»- деп отыратын. «Әй,Нұрдәулет, сенің Абайды аспандатқаныңды көрмей бұл дүниеден өтпеспін,»-дейтін қайран әжем.
Әже тәлімімен Абай атаны ,оның даналығын санама құйып өсіп келемін.Абай өлеңдерін жатқа оқып жүруді өзіме парыз санаймын,өйткені асыл әжем менің санама осыны құйып кетті.Абайдай алып ақынның орнын ешкімге айырбастамаймын.Сондықтан анау-мынау насихатқа өз түсінігім арқылы ғана бас изеймін.Абай ата-аспандай биік тұлға.Әжемнің осы бір ауыз асыл сөзі санамда мәңгі жатталып қалды.