Арайлы мекен — Ақтөбем!
Арайлы мекен — Ақтөбем!
Менің сүйікті мекенім-Ақтөбе. Себебі, мен осы қалада дүние есігін ашқанмын. Ақтөбенің суы да, тасы да, ну орманы да ештеңеге айырбастағысыз ыстық маған.Тұла бойы тұнған тарих. Небір алыптарды, ақындарды,жазушыларды, жалпы алғанда , тарихи тұлғаларды өмірге әкелген ұлы мекенде өмір есігін ашуым мен үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе.
Әр жыл сайын қала әдеміленіп , көркейе түсуде , экономикасы да қарыштап дамуда.Жыл сайын салынып жатырған зәулім ғимараттар — осының дәлелі. Туған мекеннің тал бесігінде тербеліп өскен әр перзенттің борышы- сол мекенге қызмет ету.Мен де өскен соң игілікті істер жасап, ару Ақтөбемнің беделін биік, абыройын асқақтату жолында қызмет еткім келеді.
Жаса, жайна, арайлы мекен, Ақтөбем!