Қазағым.
Қазағым.
Қара қазақ мал бағып, қонақ күткен,
Осылай өзгерерін кім білген?
Бір кездегі ескі салтын,ескі заңын
Танымастай өзгертерін кім көрген
******************
Танымайды қазір қазақ бірін -бірі ,
Туысқандар,жақындар жаулар енді…
Заман дейді өзгерген,заман дейді…
Заман емес, олар әлі білмейді.
******************
Пенде біздер мына елді өзгерткен ,
Өзіміз ғой тілімізді сорлы еткен .
Екі қазақ бір бірімен орыс тілде сөйлейді,
Қадірін ана тілдің таптап жүргенін білмейді.
******************
Қазір қыздар ұзын көйлек ұмытты ,
Бұрымдарын шолақтатып қиыпты .
Қара көзі мөлдіреген көп әпке ,
Кірпігіне қара сия төгіпті .
******************
Танып-біліп өз еліңде әліппеңді ,
Кейін іздеп шетелден біліміңді,
Бастайықшы, қазірден болашақты ,
Жүрмейікші Отан деп басқа жақты .
******************