Я дыбысы мен әрпі.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,

№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Ибираева Гулмира  Кенесовна

 

Сабақтың тақырыбы:  Я дыбысы мен әрпі.

          Сабақтың мақсаты:

Балаларға Я әрпі мен дыбысының айтылуын және сөздегі орнын тапқыза отырып таныстыру.

Әр түрлі ойын ойнату арқылы сөзжұмбақ, ребус шештіру арқылы логикалық ойлауын дамыту.

Өлең айтқызу,жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып,туған жерді,жануарды т.б. қорғауға тәрбиелеу.

          Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер,текшелер,суреттер,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

           1.Балаларды сабаққа ұйымдастыру.

2.Өткен материалдарды қайталау.

-Балалар, біз өткен сабақта сендермен қандай дыбыс, әріппен танысып едік?

-Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көріп, қолымызбен жазады екенбіз.

3.Жаңа сабақ. Ендеше балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыспен танысамыз.

Жұмбақ жасыру:  Шымшып алады қолсыз,

Сырғанақ жоқ онсыз.

Жауабын кім табады?

-Ондай болса кім айтады, жылдың қай кезі екен қазір?

-Қыстың қай айы?

-Аптаның қай күні?

-Бүгін біз сауат ашу сабағында Я дыбысымен танысамыз.Дыбыстың әріптен айырмашылығы қандай?

-Дұрыс.Я дыбысын айтып көрейкші,қандай дыбысқа жатады екен, хормен: Я.

-Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Қоян.

 

-Қоян сөзін буынға бөлейікші.

-Сендерге қай буындағы дыбыс таныс емес?

-Олай болса я дыбысымен танысайық.

Ол дауысты дыбыс.Сөздің ортасында,соңында және жеке буын құрай алатын-дыбыс екен.

  1. Сергіту сәті.

-Бәріміз сергіту сәтін жасайық.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап.

Көжегі екен өзінің.

5.Тосын сәт.

-Балалар, бізге бүгін тағы бір қонақ келіпті.Ол қонағымызда бір дорба жұмбағы, өлеңі бар, екінші дорбасында сендерге сыйлығы бар екен, сол дорбаның қайсысын ашсақ – сыйлық аламыз.

-Бірінші дорбаның жауабын дұрыс тапсақ, екінші дорбаны аламыз.

-Іске сәт! Кезекпен келіп алайық.

Темірлан:      Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

 

 

Батырхан:      Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты

 

Милана:         Қоян отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қалыпты партада.

-Жарайсыңдар, балалар, көптеген сыйлықты алатын болдыңдар ғой.

  1. Жұмбақ шешу.

Мен де сендер сияқты сыйлық алғым келіп отыр, бір жұмбақты сендерге жасырайын, сендер жауабын табыңдар.

Тал басында

Тамаша үй. (Ұя)

 

-Ұяны қай кезде жасаймыз?

              7.Жазу жұмысы.

              Я – ның үлкен, кіші әрпін жаздыру.

Ұя, қоян сөздерін жазғызу.

8.Ойын  -«Қандай дыбыс?»

Ойын шарты:Балалар, мен қазір дыбыстарды айтамын. Дауысты дыбыс болса қол шапалақтау, дауыссыз дыбыс аяқ соғу.   2 топ болып жарысады.

  1. Сабақты қорытындылау:

-Балалар, у дыбысында неліктен қол соғып, аяқ соқтыңдар!

-Дұрыс айтасыңдар, у дыбысы кейде дауысты, кейде дауысссыз.

-Бүгінгі ойында екі топта өз білімдеріңді жақсы көрсеткендерің үшін рахмет!

-Сабақты қайталап, пысықтап, мадақтау.

  1. Үйге тапсырма: Я дыбысы бар сөздер ойлап келу.