Оқушы шығармашылығы
********
Кітапсыз өмір жоқ,
Онсыз сенің күнің жоқ.
Кітап сенің ақылшың,
Кітап сенің мақтанышың.
Н.Әсетова.
********
Кітап біздің досымыз,
Құрметтейміз оны біз.
Ойынға көп берілмей,
Көшбасшы ертең боламыз.
А.Қарақұлова.
********
Кітап-адамзаттың жақын досы,
Береді білім, тәлім балаға ол.
Кітаптан жақын дос жоқ сияқты,
Жеткізген өткендердің өсиетін.
Н.Жалғасова.
********
Кітапсыз білім жоқ балалар,
Кітапты жыртпаңдар.
Таза ұстаңдар балалар,
Кітапсыз күніміз жоқ балалар.
Б.Омаров.
Әселге:
Парталас боп отырамыз екеуміз,
Ұрыссақта дос боп қала береміз.
8-наурыз мерекеңмен құттықтаймын,
Саған осы әнімді арнаймын.
8-наурыз мерекең құтты болсын,
Жүрген жерің толған күлкі болсын.
Сендей көрші болғанына қуанамын
Тағы да құтты болсын мерекең!
Б.Омаров.
Жазыққа:
Ай, Жазық-ау, Жазық-ау!
Сенен шығар бір іскер.
Ал сен бірақ сабаққа
Ешқандай көңіл бөлмейсің.
А. Жалғасбаев.
Айгерімге:
Парталасым әжесінің ерке қызы-Айгерім
Арасында сыныптағы ойнайды ол ұлдармен
Кейде ренжіп қалады ол қыздарға да,
Бірақ өзі мейірімді, қолы ашық.
Жаманнан жүрсейші сен әркез қашып
Әрқашанда керек-ақ ибалы қыз
Өскенде сұлу болып, көрікті де
Ойлаймыз ақылды Айгерімнен
Шығады инабатты, кәсіпкер қыз.
Қ.Қарасаев.
Гүлнұрға:
Біздің елде бір қыз бар,
Оның аты Гүлнұр.
Қолына түскен затты тістей береді,
Қасына жақындағанды ұра береді.
М.Жанаев
Нұржанатқа:
Өзге қыздан кекілімен ерекшеленіп,
Жұрмейді ешқашан өзгешеленіп.
Кейбір қыздарға қосылмайтын
Нұржанатты мен айтайын.
Төртінші сыныптан бастап парталасым,
8-наурыз мерекең құтты болсын.
Бір-ақ өтінерім сабағыңды оқығайсың,
Мерекеңмен тағы сені құттықтаймын.
Н.Кемалов.
Нұрсәулеге:
Парталасым өзіңсің Нұрсәуле сен,
Анасының ерке қызы өзіңсің сен.
Сенен шығар инабатты әнші қыз,
Өскенде боларсың сен әнші жұлдыз.
Ж.Тұрғанбаев.