Нұрлы бағыт.
Нұрлы бағыт.
Әр жыл сайын жолдаудың мақсатты орындалуына куә болып жүрміз.Қаймана қазақ басынана талай қыстау кезеңдер өткенін тарихтан анық білеміз.Сондай бір қиындықтардың бірі мынау қазіргі уақытта жүріп жатқан әлемдік дағдарыс кезеңдерінің қиындықтары. Кемеңгер Елбасы «Нұрлы жол» — Қазақстанның жаңа бағыты — деген тақырыптың мазмұны жаңа бағытын айқындап , нұрлы болашағымыздың айқындығын ерекшелеп , осы дағдарыстан шығу жолдарын қарастырған. Бұның ішінде мемлекеттік қазынадан бөлінетін қаражат көздерінің нақты әрі тиімді жұмсалуы , түрлі нысандардың іске қосылуы , елімізде бизнестің дамуы сияқты жұмыстарға көзделгендігін атап айтып өтуге болады. Биылғы жылғы Елбасының сындарлы саясатының арқасында елімізде ерекше орын алатындай , алтын әріптермен жазылатындай жұмыстар атқарылады деген үміт оты көкейімде маздауда.
2015 жыл- ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.
Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізсек, еліміздің беделін әлемге жария етеміз деген ойдамын.