Ұлы ақынға

    Ұлы ақынға

 

Ұлы ақыны, қазағымның кемеңгері, данасы,

Табынады бір өзіңе жырын арнап бар ақын.

Қазақ үшін ақын бар ма Абайдай қанат қағатын,

Сен – жұлдызы қазақтың, мәңгі лаулап жанатын.

 

Із қалдырдың артыңа сан алуан өшпейтін,

Еңбек еттің пайдасы тию үшін халқыңа.

«Бас ақын» деп өзіңді үлгі етеді ұрпағың,

Сен – ақынсың өлеңдері ортақ болған жалпыға.

 

Абай ақын, ұлы тұлға, жан жоқ саған тең келер,

Ол жан емес, байды жақтап, кедейлерді кем көрер.

Халықтың  мұңын мұңдап, жоғын жоқтап үнемі,

Өлеңдері тебірентер, оқығанға дем берер.

 

Абай ақын жалқаулықты жек көрген жасынан,

Өнер сүйді, білім сүйді, ғылым сүйді басынан.

Жас ұрпаққа өнеге қып, өсиет қып әр сөзін,

Өшпейтұғын артына ғибратты сөз қалдырған

Абайды оқы, ерінбе, Абайды оқы жасыңнан!