(Абай атамыздың қара сөздеріне еліктеп жазғаным) Бірінші сөз — Мінез – адам көрсеткіші

 

 

Бірінші сөз — Мінез – адам көрсеткіші

(Абай атамыздың қара сөздеріне еліктеп жазғаным)

 

Адам ата-анадан туғанда әр түрлі мінезбен туылады. Мінез – адамның  қандай екенін білудің басты негізі. Адам болған соң, өзінің мінезін байқап, жөнге келтіріп, өзіне тән мінезді таңдап алып, оны дұрыс пайдалана білуі керек.

Әр адам осы мінез арқылы маңайындағы адамдарды таниды.  Түрлі мінездерді көріп, өз бойына дұрысын жинақтайтын болады. Өз мінезімен басқаларды салыстыра отырып саралайды. Орынсыз мінез көрсетуден қашқақтайды. Бұл да адамның бойындағы бір қасиет десе болады.

Әрбір адам мінезі жеке өзі іске жарамайды. Сол түрлі мінездерді көре отырып, жақсы мінезді ескерсе, жаман мінезден сақтанса, сонда іске жарайды, сонда мінезі жақсы адам десе болады.

Мінез жақсы болса бар адамға жақсы көрінеді. Жаман болса тысқары қалады. Мінез – адам көрсеткіші деп осыны айтса болар.

 

Екінші сөз — Білім туралы

 

Егерде білім керек болса, көп оқып, көңілге тоқу керек. Білім ешқашан таусылмайтын кен. Бар ниетіңді салып, білім алсаң, сол сенің тірегін. Бірақ құдай тағала бәріне бірдей ниет беріп қоймайды. Сонымен бірге ниетсіздік береді. Осыдан келіп жалқаулық пайда болады. Еңбексіз еш нәрсе орындалмайды.

Білім алу үшін ерінбей еңбек ету керек қой. Кейбіреу білімді оңайлықпен алуды көздейді. Ол дұрыс емес. Ешнәрсе тектен тек келе салмайды. Әр заттың өзіңдік қиыншылдығы қатар жүреді. Сол себепті талпыну керек, талаптану керек. Кімнің ниеті түзу болса, кім білімге құштар болса, соны құдай тағала қолдайды. Білім алу керек. Білімсіз күнің қараң.

 

Үшінші сөз – Жалқаулық туралы.

 

Адам баласында бір жалқаулық деген бар. Ол – адаммен бірге қатар жүретін нәрсе. Адам оны өзі тапқан емес. Егер жалқаулыққа бой алдырса, онда адам баласының құтылуы қиын. Осы жалқаулықтан құтыламын, жоламаймын десең де, бәрібір сені келіп жеңеді. Өзің де байқамайсың, қалай жалқаулыққа келіп тірелгеніңді. Соңында осы жалқаулығыңнан да жалығасың. Дүние бірқалыпты тұрмайды. Әрбір адамға бірқалыпты өмірді берген жоқ. Бірақ осы жалқаулықтан құтылу адам баласының өз қолында. Өмір сүрген соң тек жақсылыққа қарай талпыну керек. Өмірді дұрыс сүре білсең, оның өзі бір ғанибет екен деп ойлаймын.