Анама

  Анама

 

 

Түн ұйқыңды мен үшін төрт бөлдіңіз,

Саған жетер бар ма екен асыл адам?!

Тыным таппай  мені өсіріп келесіз,

Шексіз менің айтар саған алғысым.

 

Сенсің маған жарық өмір сыйлаған,

Сенен ғана бар жақсыны жинағам.

Кешір ана қатем болса көп менің,

Бір өзіңсің аспандағы жұлдызым.

 

Еш мініңді тал бойыңнан таппағам,

Бәрінен де маған қымбат жан анам.

Бүгін міне, жыр арнаймын өзіңе,

Бар жырымды саған арнап жаттағам.

 

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.

Осынау дөңгеленген дүниеде,

Жан анам кім бар сіздей қымбат маған!