Ұстазыма.

Ұстазыма.

Алғашқы менің ұстазым,

Адалдығымның бастауы.

Жолынан жырдың ұстадым,

Шабыт пен төзім шоқтанып.

Тұлпарлар шапқан жерлерде,

Бізден де бір іс қалсын деп.

Ұшырам жыр-құс кеудемнен,

Оқырман бағып алсын деп.

Болаттай берік төзімің,

Мінезің байтақ даладай.

Сүйемін сені өзімнің,

Аяулы ғазиз анамдай.