Бала тілі-бал

 

 

Бала  тілі-бал

 

 

Аяулым өзінің  сәби  кездерін еске  алғанды  ұнатады. Бір  күні оның  туылған  сәтін  еске  алып, әңгімелесе  бастағанда,

-Тоқтай  тұрыңдар,  мен туғанда  тақыр  бас  болсам,  менің  қыз  екенімді  қалай  біліп  қойдыңдар  ,- дегені.

***

Үйде  2  бала,  ұлы Абылай 11 де,  қызы –Баян  4  те.  Абылай  Баянға  жан -жақты  қамқорлық  жасайды,  тамақтандырады,  ертегі  айтады,  жуындырады ….не  керек  бәрін  істейді, біз  оған  дән  ризамыз.  Бір  күні  Баян шағым  айтып  келді.

-Мама,  Абылай  енді  маған  ештеме  үйретпей-  ақ  қойсын,  маған  болмайтын  нәрселерді  айтады.

-Сонда  не  деді….?

-Мыңға  дейін  санауды  үйретем  дейді.

***

Әсем  4 жас

-Мама,  мен Ерболға  үйленгім  келеді!

-Мұны  саған  Ербол  айтты ма?

-Жоқ. өзім.  Мама,  сонда  сендер  қайда  тұратын  боласыңдар?

***

Бірде  ауылдан  қалаға  келдік.  Автобуста   қарсымызда  орыс  қызы  2-3  жасар  отырған  .

-Мама,  мына қыз  кіп-кішкентай  болып  орысша  соғып  отыр  ғой  — дейді.

****

Үйде  мамасы  3  жасар  қызымен  рольге  бөлініп  ойнап  жатады.  Мамасы ешкі,  қызы лақ.

Сол  сәт  жұмыстан  папасы  келіп,  шешініп  жатады.

Үйден,:

-Козел! Сок  әкел-деген қызының  даусын естігендегі  папасының  түрін  көрсеңіз…………

***

Қонақтан  кеш келе  жатқан папасы  мен  баласы.   Алдарынан   қысқа юбка  киген  қыздар кездеседі.

Папсаы:

-О,  мыналар  өздеріне  пәле  іздеп  жүр –ау-депті.

Біраз  жүрген  соң,  бір  топ  қызу  жігіттер  кездеседі.

Баласы:

-Міне  пәлелердің  өздері-де  дайын  дейді .

****

Мама  , өзіңіз мені  сөйлеуге,  жүруге  сонша  еңбектеніп  үйреттіңіз   ғой.  Енді  неге,  «тыныш  отыр»,  «сөйлей  берме»-  дейсіз?