Қастерлеймін сені, әсем табиғат!

Қастерлеймін сені, әсем табиғат!

 

Рүстемов Уәли, 2003 жыл

«7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ,

6 «Б» сынып оқушысы

Жетекшісі: Кузембаева Толкын Кабиевна

Сәтбаев қаласы

Байланыс телефоны 8(71063) – 3-82-98

 

Әсемдіктің жыры болған — табиғат,

Тіршіліктің нәрі болған — табиғат!

Дархандығың шексіз сенің — табиғат,

Бар ғаламға өмір берген — табиғат!

 

Қорған болған тіршілікке — табиғат,

Құдіретті, сиқыр күшсің — табиғат!

Шалқар теңіз, асау толқын тулаған,

Сен – ғажапсың, қасиетті табиғат!

 

Бастау алар бар тіршілік өзіңнен,

Қарайсың сен бәріне де төзіммен.

Жаралдық біз топырағыңда жер бастық

Еркеледік, жібердік кейде ағаттық.

 

Сұлулығың аян барлық ғаламға,

Түсінбейді сырын кейбір адамдар.

Табиғаттың тазалығын сақтауға

Тартынады кей опасыз, надандар.

 

Тек сенімен бар тіршілік оянған,

Кім бар оған қарсы шығар ғаламда?!

Көз тоймайды бұл әлемде көркіңе,

Ажырамас бөлігің ғой адамзат.

 

Адамдар-ау, түсінбейсің сен неге,

Табиғатты лайлап жатсың сен күнде.

Білмейді-ау, бәлкім, сол адамдар бүгінде,

Тіршілікті қоса құртып жатқанын.

 

Ортақ үй бар, ол тек қана — Табиғат,

Көзің жеткіз сен осыған Адамзат!

Табиғатты қорғамасаң бүгіннен,

Соңы болар – орны толмас кесапат!

 

Жер – Анамыз төзіп келді сұмдыққа,

Бұл дүниеде ол көрмеген не қалды.

Шаң-тозаңға, небір зиян заттарға,

Көз аша алмай, мойынсұнды, шыдады.

 

Жауаптысың, ей, адамдар, бәрің де,

Аялауға туған жердің топырағын.

Әр ұрпақтың санасына сіңіріп,

Айтып жүру – бізге парыз, аманат!

 

Небір дүлдүл табиғатты жырлаған,

Жырларына шабыт алып, рух алған.

Бөлендіріп табиғаттың көркіне,

Небір ақын қалам тербеп, жыр жазған.

 

Топырағы жердің ешбір тозбасын,

Гүлдері әсем ешқашанда солмасын.

Өсімдігі жайқалсыншы, өлмесін,

Қоссын ұрпақ табиғатқа үлесін.

 

Кемшілікті болдырмайық ешқашан,

Бұзбайықшы табиғаттың тыныштығын.

Жауапсыздық танытпайық адамдар,

Өз қолыңда — өз өмірің, тағдырың!

 

Үйлесімде әрқашанда табиғат пен адамзат,

Бір-бірінсіз болмақ емес, болмайды да, ғажап-ақ!

Жер – Ананы қасиетті қорғап қалу бүгінде,

Сақтап қалу – қолыңда тұр, есте сақта, жас ұрпақ!