Қош бол, балабақша.
Қош бол, балабақша.
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толып жан-жағым,
Асыр салып, жүгірдім.
Өсті талап, талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам, қош енді.