Өрнек 10 – а
Өрнек 10 – а Математика (1-сынып)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды 10 – а өрнегінің мәнін табу жолымен таныстыру.
Берілген амалдарды пайдаланып, есепті шығаруды үйрету.
Сандардың құрамын қайталау.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, есте сақтау,
ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, білімділікке, тапқырлыққа, алғырлыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, сызба.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, математикалық жұмбақ.
Сабақтың жүру барысы:
Оқытушы: Алдымен үй жұмысын тексерейік. Үйде қай тапсырманы орындадыңыз?
Оқушы: Үйде №4 тапсырманы орындадық. Әріпті өрнек құрып, санды өрнекке айналдырып, мәнін таптық. (3 оқушы оқиды)
Оқытушы: Дұрыс! Енді тақтадағы сызбаға назар аударайық.
Не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар:
- Сандар қатары
- Әріптер
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
р | е | к | ө | н |
Оқытушы: Дұрыс! Осы сызбаға қарап, сызық бойымен қолыңды жүргізбей-ақ, берілген сандарға сәйкес әріптерді анықтаңдар.Сөздерді оқыңдар. Қандай сөз шықты?
Оқушылар: Өрнек сөзі.
Оқытушы: Дұрыс таптыңдар! Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Өрнек»
(оқушылар дәптерге жазады, көркем жазу 10 саны)
Оқытушы:
- Балалар, қандай өрнектерді білесіңдер?
Оқушылар:
- Санды өрнектер.
- Әріпті өрнектер.
- Қосынды.
- Айырма.
Оқытушы: Жақсы балалар, дұрыс! Ал әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру үшін не істеу керек?
(оқушылардың жауаптары)
Оқулықпен жұмыс
№1; кестені толтыру.
Математикалық жұмбақ
№2;
а+1
а=9 9+1=10
а=0 0+1=1
а=9,8,7,6,5,4,3,2,1,0
Ағаштардың суреттерін көрсету, әңгімелеу.
№3; Есепті шығару, талдау, түсіндіру.
Қарағай – 6
Қайың — 4 — ?
Шешуі: 6+4=10(а)
Жауабы: Барлығы 10 ағаш өсіп тұр.
Сергіту сәті
№4; Сандардың құрамы (ауызша талдау).
Шығармашылық тапсырма:
Дұрыс жолды табу.
Қорытынды:
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Қандай тапсырмаларды орындадық?
- Әріпті өрнекті санды өрнекке қалай айналдырамыз?
(оқушылардың жауаптары)
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.