Ана – барлық өмірдің бастауы
БАЯНДАМА
″Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де — біздің қазақ ″-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазақ қыздарын бала күннен еркелетіп,бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп-көңіл бөлгендігін аңғартады.Сондықтан да, қазақ халқында инабатты,ибалы,тәрбиелі де тәртіпті сыпайы да ,сыйлы қыз балаларымыз тәрбиелініп шығады.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралғылармыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті.
Қазақ қашанда қызды қырық үйден тыйып,тәрбиесіне аса мән беріп өсірген жат жұттық болғандықтан қонаққа балап ,төрден орын сыйлаған .Ер баланы артымнан ерген ұрпақ деп сыйласа ,қыз баланың дәрежесін олардан әсте жоғары ұстаған.Көп жағдайда ұлдан гөрі қызға көптеп тәлім-тәрбие береді себебі қыз бала келешек -ана.Тәрбиелі ,инабатты ,сыпайы ,ақылына көркі сай аруларымыздың әдептен аспай қазақылықтың қаймағы бұзылмағандығын бәрімізде өте жақсы білеміз.Қыздарға жан-жақты сұлулық ,яғни жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болған жарасады.Жастықтың өзі сұлулықтың , нәзіктіктің белгісі .Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде-аналары ерекше көңіл бөлген. Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан да артығырақ жақтырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру – ең маңызды мәселе. Қыз өсіру – гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз бала да сондай. .Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады.Қыздың әрбір қылығы ата-анадан алған тәрбиесімен бағаланады.Тәрбиелі отбасынан шыққан қыз қылығымен сүйкімді болады. ‟ Шеше көрген тон пішер,Әке көрген оқ жонар ”, ‟ Шешесіне қарап қызын ал ”- демекші қыз бала ата-ананың айнасы. Бүгінгі күннің Еңлік пен Жібектеріне айтарым,қызға тән қылықтарыңды ешқашан жоғалтпаңдар дегім келеді, және де осы шығармамды оқыған адамға ой салатын, керемет өлең-шумақтарымен аяқтағым келеді:
Қызда қылық болмаса.
Құр шырайдан не пайда?
Тәрбиесіз,білімсіз,
Биіктен орын алалмас.
Үміті жоқ арманға,
Созған қолы жете алмас!
Қыз балалар қашанда ,
Қылығымен елітер .
Санаға сінген тәрбие,
Рухани байлықтай.
Қызықтырар сүйкімді ,
Қыз балалар қылықты!