Қаратөбе биосферасының экологиясы.
Қаратөбе биосферасының экологиясы.
Туған жер-алтын бесік. Қандай адам болмасын өзі туған жерінің табиғатын қастерлей білуі тиіс. Мен –қасиет қонып кие дарыған,атын бар әлемге паш еткізген сонау сал Мұхит,Ғарифолла туып-өскен киелі Қаратөбе елді мекенінде Тышқантайдың суын бойға сіңіріп өскен перзентімін. Және осынау киелі жердің бүгінгі табиғат жағдайын көргенде,жаныма қатты батады. Сонының бірі Қалдығайты өзені. Яғни қазіргі соңғы жылдары өзен адам қолымен,діни антропогендік,техногендік әрекеттерінің нәтижесінде қайраңдану немесе құмбасу процесі жүріп жатыр. Бұл дегеніміз:
1.Өзен арнасының тарылуы
2.Өзен ұзындығының қысқаруы,кей жерлерде кеуіп кетіп жойылуы.
3.Халықшаруашылығына кері әсерін тигізеді.
4.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі азаяды,қысқарады.
- Ақыры сол жердің ланшафтысы көп өзгеріске ұшырайд
Соңғы 10 жылда сукцессия құбылысы орын алуда, яғни өсімдіктің бір түрінің бірнеше жылдан кейін басқа өсімдікке жерді өздігінен босатып беруі. Мысалы, сүттіген, адыраспан орнына ошаған, қаңбақ басып алуы кездеседі.Мысалы, жазғы желдің шығыстан батысқа қарай соғуының салдарынан ауылға құм көшкіні жақындап келеді. Жылда Орал қаласынан келген дәрілік өсімдік мия қазушылар үлкен зиян келтірді. Қаратөбе ауданының батыс бетіндегі 500 га жайылым жер осы мия қазу салдарынан бүлінген. Қаратөбе өңірі Нарын, Тайсойған өңірлерімен шектесіп жатырғандықтан полигон әсерлерінен өсімдік, жануарлар мен адамдарға зиянын тигізіп табиғат заңдылықтарын бұзуда. Ауданда балалар өлімі, жасөспірімдер психикасының бұзылуы, сәбилердің дүниеге кеміс болып келуі және шетінеу секілді жағдайлар бой көтеруде. Жоғарыда айтылған кемшіліктерді жою үшін бірінші жерді жоспарлы пайдалану керек. Екіншіден табиғат байлықтарына есеп жүргізу, сақталуын қадағалау, елді мекендерді көгалдандыру, қоқыс орындарының зоогигиеналық талаптарға сай болуы қажет. Ауданымызда табиғатты қорғау бүгінгі күн талабында басты мәселе болып қала бермек, бұл — баршаның міндетіҚай кезде де табиғат біздің асыл қазынамыз. Өлкеміздің сұлу да, әсем табиғатын қорғау, оны экологиялық жағдайға душар етпеу, әрбіреуіміздің міндетті парызымыз. Қоршаған табиғатқа зиян келтіргеніміз ол өзімізге, келешек ұрпаққа, жан-жануарға, тіпті болашаққа балта шапқанмен тең. Сондықтан өз өлкеміздің баға жетпес асылы табиғатты сақтай білейік!Қарап отырсақ, қазіргі кездегі Қалдығайтымыздың жағдайы көңіл аударарлық күйде. Жалпы алғанда қазіргі кездегі су экологиясының проблемасы жан-жақты қаралғанмен нақты нәтиже білінбейді.
17
Қаратөбе биосферасында 4 салада экологиялық бұзылу көрініс тапты. Ол: жер, су, ауа, радиологиялық экология. Ауылымыз оңтүстік батысында Нарын, Азғыр, оңтүстігінде Тайсойған, шығысында Ақтөбе полигондарымен шектеседі. 20 млн.га құмда алқаптағы Нарын жерінде ядролық жарылыс ауа қабатында сыналса, Азғырда 17 рет жер астында ядролық жарылыс болса, 1,4 млн.га жерінде Тайсойғанда радиактивті ластану орын алады. Мұнда 300 ракета құлады. Оның отыны улы гептил болатын. Сондықтан Қаратөбе, Казталовка, Жаңақала, Ақжайық, Орда аудандарының барлық су көздері шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға мүлдем жарамсыз. Суда Ra-226, Ni, Mn, Cd, Pb мөлшері көбейген. Қалдығайты, Шилі, Жақсыбай, Шілдібай өзендері эвтрофикациялануы орын алды.
Қалдығайты өзенінің тазалығын зерттеу қорытындысы 2007 жыл
7-кесте
Химиялық құрамы | Нормаға сай болуға қажеттілігі | Нормадан асып кетуі |
Са Мg Рн Хлорид Сульфат NH3 Нитрат Мұнай Fе | 180 40 7,9 300 100 0,39 10 0,05 0,5 | 64 50,4 6-9 475 174 0,05 9,8 0,11 0,11 |
18
Қалдығайты өзенінң зертханалық бақылау қорытындысы 2008 жыл
8-кесте
Химиялық құрамы | Нормаға сай болуға қажеттілігі | Нормадан асып кетуі |
Көмір қышқыл ерітіндісі Рн Са Мg Карбонаттар Хлоридтер Сульфат NH3 Cr Фенол Ғе Na,K | 6,0 6,9 180 40 — 300 100 0,5 0,020 0,001 0,10 170 | 11,64 7,3 96 31 — 505 151 0,10 0,00 0,001 0,080 377 |
2010 жылғы зертеу нәтижесіне тоқталатын болсақ Қалдығайты өзені ағынының ортаңғы ағысы тұсына келеді. Қалдығайты өзенінің төменгі ағысы өзеннің ұзындығының үштен бірін алады. Бұл тұста Қалдығайтыға келіп құятын салалар жоқ, су жинау көлемі өзеннің ұзындығымен ғана шектеледі. Гидрологиялық аудандастыру бойынша төменгі ағыс кебу (жоғалу) облысына жатады, себебі судың кейбір бөлігінің ағыстары (Көшім, Бағырлай, Нарын, Бақсай) арқылы, қоршаған төменгі жазықтарға жайылады да, көлтабанды жақсарту мақсатында жұмсалады.
Зерттеліп отырған Қалдығаты өзені – ауданның негізгі су көзі болып табылады.
Судың жалпы кермектілігі 4-5 мг – экв/л, рН-7,2-7,6. Судың химиялық құрмы гидрокарбанатты, хлорлы, кальци-натрилі немесе натри-кальци негізінде болады. Суда балдыр, айылқоға, нар қамыс сияқты шөптер бар. Судың ағысы жай, тереңдігі қайсыбір жерлерде 2,5-3 метрге дейін жетеді.
Өз жолдауы арқылы ҚР Президенті қоғамның дені сау азаматтарын өсіру үшін табиғи орта таза болуы керектігін баса айтқан еді. Ал ауыл-қазақ деген сөз. Туған өлкенің тазалығы-біздің амандығымыз. Биосфераға абиотикалық, биотикалық, антропогендік фактор әсер етеді. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Адам дүниеге зат әкелсе оны жоюдың да жолын табу керек. Ауаны бүлдіретін факторлардың бірі отынның жануынан бөлінетін қалдықтар.
Аудан бойынша 3256 үй бар. Жылына орташа 6512т көмір жағады.2008-2009 жылға дейін аудан бойынша 40жеке монша болды. Аудан ішінде 40 жеке монша отынға ағаш, көмір, мазут, резина, покрышкаларды пайдаланады
19
Аудан ішінде мектеп пен аурухананың мазут пен көмірден ауаға
бөлінетін улы қоспаларды анықтау. Зерттеу қорытындысы 2009жыл.
Отынды жағатын мекеме /мектептер/ | Отын түрі | Салмақ /мөлшері/ | СО | Азот оксиді | С күйі | SO2 |
Қазыналық бөлім | Көмір | 110т | 1,1т | 0,6 | 3,4 | 1,8 |
Б.Қаратаев о/м | Көмір | 468 | 4,6т | 2,3 | 14,4 | 7,8 |
Сағым | Көмір | 50 | 0,5 | 0,3 | 1,5 | 0,8 |
Аурухана | Көмір/мазут | 120/248 | 6,8 | 1,8 | 3,8 | 15,6 |
Егіндікөл о/м | Көмір/мазут | 251/30 | 3,1 | 1,4 | 7,7 | 5,8 |
Жамбыл, Ханкөл | Көмір | 473 | 4,6 | 2,4 | 14,5 | 7,9 |
Шөптікөл о/м | Көмір | 277 | 2,7 | 1,4 | 8,5 | 4,5 |
Қаракөл о/м | Көмір | 476 | 4,7 | 2,4 | 14,6 | 7,9 |
Аққозы о/м | Көмір | 367 | 3,6 | 1,8 | 11,3 | 6,1 |
Гимназия, Жазира | Көмір | 362 | 3,5 | 1,8 | 11,1 | 6,0 |
Қоскөл о/м | Көмір | 600 | 5,9 | 3,1 | 18,4 | 10 |
Қалдығайты о/м | Көмір | 571 | 5,6 | 2,9 | 17,5 | 9,5 |
Мұхит ат.о/м | Көмір | 226 | 2,2 | 1,2 | 6,9 | 9,5 |
Мәдени бөлім | мазут | 58 | 1,2 | 0,3 | 2,2 | 3,2 |
әкімшілік | Көмір/мазут | 40/77 | 1,9 | 2,8 | 4,9 | |
барлығы | Көмір/мазут | 4391/413 |
Отын түрі | Салма ғы | СO | SO2 | NO | Күйе | Тозаң | Ваннадии |
Мазут | 1т | 30 кг | 37 кг | 2,8 кг | 50 кг | 1 кг | 149 г |
Көмір | 1т | 10 кг | 10 кг | 3 кг | 30 кг | — | — |
Аурухана көмір | 809,7т | 8т 9кг | 8т 9кг | 2т 429 кг | 2т 249 кг | 809 кг | |
Мектеп мазут | 20т | 600 кг | 6т 740 кг | 56 кг | 200 кг | 2 кг 98 г | |
Көмір | 120т | 3т 600кг | 4т 440кг | 336 кг | 6т | 120 кг | 17 кг |
9-кесте
Жылыту қазандарының 2008 жылғы ауаны ластау көрсеткіші
10-кесте
20
Жылыту қазандарының 2009 ж. ауаны ластануы.
11-кесте
Отынды жағатын мекеме | Отын түрі | Салмақ /мөлшері/ | СО | Азот оксиді | С күйі | SO2 |
Балалр бақшасы «Жазира» | солярка | 25т | 0,53 | 0,1175 | 0,005 | 0,1475 |
Әкімшілік | солярка | 40т | 3,729 | 0,729 | 3,004 | 1,049 |
Аурухана | Көмір/ солярка | 210/120 | 0,789 | 3,9120 | 11,387 | 10,842 |
Банк | Көмір | 91 | 0,9 | 0,5 | 2,8т | 1,6т |
Спорт мектебі | Көмір | 50 | 0,5 | 0,3 | 1,15 | 0,72 |
Орталық кітапхана | Көмір | 55 | 0,5 | 0,2 | 1,12 | 0,65 |
Мұхит мектебі | солярка | 96 | 1,8 | 0,75 | 0,06 | |
Мәдениет үйі | солярка | 34т | 0,71 | 0,1280 | 0,006 |
Ауаны автомашиналар, тракторлар сұйық отынын жаққанда оттегін пайдаланып, зиянды заттар: азот, сутегі, күкірт оксиді, қорғасын, көміртегі оксидін юөледі. Аудан бойынша 354 трактор, 2018 автомашиналар бар. Бір ғана ГАЗ-53 автомашинасы 1 литр бензин жаққанда 15 кг оттегін жұмсайды.
Қаратөбенің флорасы өте бай. Жерімізде 400 тарта өсімдіктер кездеседі. Оның 86 дәрілік маңызы бар. Негізінен псамофитті, ксерофитті және эфемерлі өсімдіктер. Құм көшу есебінен өсімдіктердің 15-30 түрі жойылуда, мал азығының 18-25 түрі азаюда, 16-өсімдік қорғауды қажет етеді. 6-өсімдік батыс Қазақстан «Қызыл кітабына» кіреді.