Paint графикалық редакторында қазақтың ұлттық ою-өрнегін өңдеу.
Тақырыбы: Paint графикалық редакторында қазақтың ұлттық ою-өрнегін өңдеу.
Секциясы: Информатика
Орындаған: Абсағит Жәнібек Нығметоллаұлы, 5 А, Дарья орта мектебі
Жетекшісі: Баймурзаева Кулзинат Жиенбековна, Дарья орта мектебі,
информатика пәнінің мұғалімі
Мазмұны
- Кіріспе
- Теориялық бөлім
- Практикалық бөлім
- Қорытынды.
- Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Біз, «Ақпараттық технологиялар дәуірі» деп аталатын XXI ғасырда өмір сүреміз. Егер сіз компьютермен таныс болмасаңыз, күнделікті жұмыста оның көмегіне жүгінуге үйренбесеңіз, онда өмірге бейімделмеуіміз әбден мүмкін. Себебі қазіргі қоғамда компьютерлер барлық жерде қолданылады. Ол ғылыми және инженерлік есептеулерде, жаңа ғарыштық станцияларды модельдеуге, күрделі процестерді автоматтандыруға, адамға ауа-райын немесе табиғи апатты алдын ала болжауда, кітаптар мен журналдарды даярлау және басып шығаруға, фильмдерді түсіруде және тағы да басқа көптеген жағдайларда көмектеседі.
Біз компьютерді қосқан кезде аппараттық компоненттерімен бірге бір мезгілде операциялық жүйе (ОЖ) де жүктеледі. Компьютерге орнатылған және онымен байланысты барлық программаларды және жабдықтарды басқару үшін компьютер ОЖ-ге сүйенеді. Операциялық жүйесіз аксессуарларды (диск, тышқан, принтер) және қолданбалы программаларды (графикалық, мәтіндік, редактор, ойындар) басқару қиын. Сондықтан операциялық жүйе негізгі программа болып табылады. Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графика — әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы болып табылады. Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторда әр түрлі фигуралармен жұмыс жасау икемділігін, қолының жылдам қимылдауын, сызықтардың әдемі де айшықты болып сызылуын қалыптастырады.
Мақсаты:
- Paint графикалық редакторында қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстыра отырып, құрал-саймандарды тиісті орында қолдануға үйрену.
- Компьютер көмегімен құрылатын графикалық ақпараттарды өңдеп, одан әрі дамыту.
Міндеттері:
- Ғылыми-зерттеу жұмыс арқылы компьютерде графикалық бейне суреттерді салуға және оларды өңдеу түрін тереңдетіп дамыту.
- Электронды оқулықтарды пайдалана білуге үйрену және өзіндік жұмыстарға бағыт бере отырып техникалық ақпаратты басқарушы рөлін атқару.
- Қазіргі технологияның дамуына байланысты өзіндік ізденіс шығармашылыққа жетелеу.
Болжамы:
- Қазіргі кездегі информатиканы оқыту бағдарламаларының талаптарына сай техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану қажеттігі туындап отыр.
- Соған байланысты мен компьютерде өз бетімше ізденіп, зерттеу жұмысын жүргізе алуды, электрондық оқу құралдарын пайдаланып келешекте көркемдеуші маман иесі бола аламын деген үміттемін.
Өзектілігі:
- Бейнелерді өңдеу мен редакторлеудің мүмкіндіктерін пайдалана отырып растырлық суреттер құруды үйрену, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, электрондық оқу құралын пайдалана-қолдана білу.
- Алғашқы мағлұматтар.
Қазіргі заман талабына сай оқушылардың талап биігінен көрініп білім алуда үздіксіз ізденуге қалыптастыру үшін, осы жобамда оқытудың басты талабы қандай ғылым саласында да, ақпараттық технологияны меңгеру, оған бейімделу, оны күнделікті өмірде пайдалану екендігі айқын. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар түрлі салаларға дендеп еніп барады. Мектеп программасына сәйкес Paint-графикалық редакторы 5, 6, 7-ші сыныптарда өтіледі. Графикалық редакторда бейнелеу өнеріндегі перспективалық (көрініс заңдылығы) заңдылық элементтерімен жұмыс жасап үйренуге тиістіміз. Жалпы сурет салу көп сатылы болып келеді. Көрініс заңдылығы графикада міндетті түрде қамтылады, бұнда сурет нақты, әрі табиғи түрінде шығады.
- Графикалық редактор — графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалык редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез-келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint (Paintbrush) — Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.
Программа терезесі
Редакторды іске қосу үшін (Windows З.х) «Реквизиттер» тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.
Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу=> Программалар=> Стандартты => Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның кұрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтер мен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.
Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар
(1-сурет).
- Кез-келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.
Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:
— аэрозоль баллонының сиясының ені;
— өшіргіш (ластик) ені;
— бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.
Жұмыс аумағы — салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егер де мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді.
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз сурет салатын түс және қосымша – бұл фон түсі. Программа іске қосылғанда сурет салатын түс –қара , фон түсі- ақ болып орнатылады.
Палитраның сол жағында айқасқан екі төртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет түсі, ол түстің үстінде маустың сол жағын басу арқылы таңдалады, төменгісі – фон түсі, ол түстің үстінде маустың оң жағын басу арқылы таңдалады.
- Құрал таңдап алу.
Paint графиктік редакторында 16 құрал пайдаланылады. Олардың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш шығады.
Құрал кескіні | Міндеті | Құрал кескіні | Міндеті |
Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады. | Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді. | ||
Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады | Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады. | ||
Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған | Сызық, түзу сызықтар салуға арналған. | ||
Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды. | Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған. | ||
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді. | Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған. | ||
Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді. | Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады. | ||
Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған. | Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған. | ||
Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түсін таңдап алуға болады. | Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді. |
- Графикалық редактордың мүмкіндіктері.
Графикалық редактордың мүмкіншілігінің көп екенін жеткізу және құрал-саймандарды тиісті орында қолдануға үйрену үшін мен осы жобамда қазақ ұлттық ою-өрнектерінің ерекшеліктерін, тәрбиелік мүмкіндіктерін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен ұштауды ойластырып отырмын. Ою-өрнек қолды жаттықтыруда адамның қиялын ұштауда таптырмайтын құрал-әдіс. Ою-өрнекпен жұмыс жасау әр түрлі фигуралармен жұмыс жасау икемділігін, қолының жылдам қимылдауын, сызықтардың әдемі де айшықты болып сызылуын қалыптастырады.
Ою-өрнек дегеніміз, бұл ойға алған айқын өрнек ырғағымен үйлесетін белгілі бір заңдылықтар жүйесінде жасалынған қисық сызықты және геометриялық фигуралар бейнесін белгі бір тәсілге (стильге) келтіру арқылы алынған түрлі-түсті өрнекпен қандай да бір заттың әшекейленуі. Ою түрлерін салуды жетік үйрену үшін оның техникасын, әдістемелік жолдарын ғана білу жеткіліксіз. Ол үшін талмай ою-өрнек кескіндемелерін салып, күннен күнге тәжірибе жинақтап, тер тегуге тура келеді.
- Ұлттық ою — өрнектер.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді. Қазақ оюларының араб, иран, византия оюларынан басты айырмашылығы — ою-өрнектің әрбір элементі жеке дара күйінде бейнеленіп, оның әрбір элементі дара тұрады. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаттығымыздың нышаны – көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті.
Өрнек атауы латынның «ornamentum» — әшекей деген сөзінен шыққан.Ою — өрнек өнерінің классификациясы төрт топқа бөлінеді. Олар:
1.Космогониялық (астрологиялық) ою-өрнектер: космос денелері. Табиғат құбылыстары.
- Геометриялық ою-өрнектер: сызық түрлері, геометриялық фигуралар.
- Зооморфтық ою-өрнектер: Құс, жәндіктердің символдық бейнесі.
- Өсімдіктектес ою-өрнектер: жапырақтар, гүлдер болып бөлінеді.
Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Қолөнер шеберлері оюмен танылады. Алғашқы оюлардың көпшілігі ғарыш әлемі жөніндегі түсініктерден туады. Мысалы, арқардың мүйізіне қарап қошқар мүйіз оюын бейнелеген. Жануарлар, аңдар стилі зооморфтық тәсілі бойынша қолданылған. Осы деректерге қарағанда біздің ата-бабаларымыздың қолөнерінің ішіндегі ою-өрнек дамып, бізге жеткені дәлел.
Космогониялық ою-өрнектер:
Космогониялық өрнектер-күн көзі, күн сәулесі, шыққан күн, ай гүл, ашық гүл ағаш өңдеу өнерінде, ер-тұрман жабдықтарына жиі қолданылған екен. Олар туралы Марғұлан: «Жұлдыз гүл, жұлдыз өрнек, топ жұлдыз өрнектерімен халқымыз сырт киімдерін әшекейлеген»,-дейді. Космогониялық өрнектер ғарышпен байланысты жұлдыздарды, күнді, айды, жарты айды және кемпірқосақты бейнелейді делінген. Бұдан қазақтардың ғарыш пен әлем құпиясына қызыққан, арманшыл халық екенін көреміз. Олардың киіз үйде тұруының себебі де осы болар. Бұл баспана бұрышы жоқ, жер шары секілді. Төбесінің дөңгелене жасалынуы-аспан, ал едені-жер, шаңырақ жердің кіндігі сияқты. Табиғаттың өзі өмірдің талай құпияларын үйретіп, қазақтарға ою-өрнектің космогондық түрлерін тарту еткен екен. Табиғат аясында өмір сүрген көшпелі қазақтарды түні бойы неше түрлі ою-өрнектер құраған жұлдыздардың ғажайып әлемі көмкеріп тұрған.
Геометриялық фигуралар:
Геометриялық өрнектерді ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды екен. Қазақ ою-өрнегінің геометриялық түрі көшпелі халықтарға байырғы заманнан-ақ нақты сандармен грек математигі Пифагор заңдарының белгілі болғаны туралы мағлұмат алдым. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз тек көшіп-қонып қоймай, сонымен қатар ірі қалаларда өмір сүрген. Олардың арасында қолөнершілер, саудагерлер, құрылысшылар көп болған екен.
Геометриялық ою-өрнектер көбіне ағашты көркемдеп өңдеуде, үй-іші мен жиһаз бұйымдарын, музыкалық аспаптар мен аңшылық саймандарды әшекейлеуде қолданылыпты.
Геометриялық ою-өрнектердің соңғы жақтары сопақ жұмырланған қисық сызықтар сынығынан екен. Олар ирек деп аталатынын білдім. Ирексудың шегі болуы мүмкін. Олармен бешпеттерді, қамзолдарды, шапандарды және тақияның жиегін сондай-ақ сақина, білезік, қапсырма, алқа секілді зергерлік бұйымдарды, ши тоқымаларын, сырмақтарды, кебежені, жүкаяқтарды, ыдыс-аяқ пен киім-кешектерді әшекейлеген екен.
Зооморфтық ою-өрнектер:
Қосмүйіз»-бұл бұғы мүйізін негіз еткен ою түрі. Оюдың бұл түрін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қоншына салатынын әжемнен сұрап білдім. Сонымен қатар бақыт-береке, байлық, мал-жанның көбеюі сияқты символдық мәні бар. «Құсқанаты», «қосмүйіз», «қыңырмүйіз» оюлары да киім-кешекте жиі қолданылатынын білдік.
Ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.
Оюлардың бояуларының да өз сыры болады. Мысалы ол ашық, анық емес бояумен жазылса онда ол құпия жазу. Ою — өрнектің жасырын тілін түсіну қиын емес, ою-өрнек өнері бір елдің тілімен жазылған мәдени шежіре десе де болады. Мәселен, қос мүйіз, құсқанаты, қыңырмүйіз, ұшқан құс бейнесіне ұқсас оюларды сүйектен ойып, сәндеп, үй жиhазының беттеріне көркемдеп, әшекейлеген. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді. Қошқар мүйіз ою туралы халқымыздың сүйікті ақын қызы
Ф. Оңғарсынова былай деп жазыпта:
Түрін-ай текеметтің, асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой қошақаным өзіме деп,
Әжем кеп сыйпағандай шашымнан жәй.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербепмені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан,
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.
Геометриялық фигуралар:
Геометриялық өрнектерді ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды екен. Қазақ ою-өрнегінің геометриялық түрі көшпелі халықтарға байырғы заманнан-ақ нақты сандармен грек математигі Пифагор заңдарының белгілі болғаны туралы мағлұмат алдым. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз тек көшіп-қонып қоймай, сонымен қатар ірі қалаларда өмір сүрген. Олардың арасында қолөнершілер, саудагерлер, құрылысшылар көп болған екен.
Геометриялық ою-өрнектер көбіне ағашты көркемдеп өңдеуде, үй-іші мен жиһаз бұйымдарын, музыкалық аспаптар мен аңшылық саймандарды әшекейлеуде қолданылыпты.
Геометриялық ою-өрнектердің соңғы жақтары сопақ жұмырланған қисық сызықтар сынығынан екен. Олар ирек деп аталатынын білдім. Ирексудың шегі болуы мүмкін. Олармен бешпеттерді, қамзолдарды, шапандарды және тақияның жиегін сондай-ақ сақина, білезік, қапсырма, алқа секілді зергерлік бұйымдарды, ши тоқымаларын, сырмақтарды, кебежені, жүкаяқтарды, ыдыс-аяқ пен киім-кешектерді әшекейлеген екен.
Өсімдіктектес ою-өрнектер:
«Ағаш»-өрнегі ағаштың тамыр тартып бүрлеуі сынды қасиеті негізінде үрім-бұтақты болып, тамыр тартып, іргелі елге айналуды тілек етіп, бас киім, қару-жарақтар сынды бұйымдарға салынатын өрнек екен.
«Гүл»-әйелдер тұтынатын киімдерге түсіретін бұл өрнек жапырақша жайылып, жасарып, ашық жарқын, мейірімді болсын деген тілекпен салынатын көрінеді
«Шиыршық»-шапан, күрте сияқты киімдерге түсірілетін бұл өрнек үш жапырақты гүл өрнегі, қырмызы атқан көркем гүлдің үш құлақ болып ашылған жапырағы оның қасиетін арттырып тұратынын ескеріп, гүлдей құлпырып, өз қасиетіңді сақта, өзіңді аяла, абайла деген мағынаны нышандаған көрінеді.
Практикалық бөлім:
Мақсаты: Тамыры тереңде жатқан ежелгі салт-дәстүрдің құпиясын ашу; халықтың ежелгі қолданбалы өнерінің маңызды бөлігі ою-өрнек екенін дәлелдеу.
Көрнекілігі: Буклет қазақтың ұлттық ою-өрнектері, қазақтың ұлттық қоржынын және киіз үиін жасадым.
Байланыс: Информатика сабағының технология пәнімен байланысы.
Нәтижесі: Өткен өмірсіз қазіргі және болашақ өмірдің болуы мүмкін емес екендігіне көзім жетті; тарихымыз бен мәдениетімізді танып білдім; өрнектердің сыры мен құпиясын зерттей отырып қазақ халқының талғамы мен өнер мәдениетінің биіктігі жайлы дерек алдым.
Жұмыстың барысы:
- Компьютермен жұмыс жасау әрекеті:
Мысалы, «Құсқанаты» оюының салу үшін орындалатын әрекеттер тізбегін қарастырайық:
Құсқанаты
«Құсқанаты» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды.
Бұл үшін бізге мынадай: қисық сызық, шеңбер, түзу сызық, құю құралы, белгілеу және суреттің артық сызықтарын өшіру үшін өшіргіш құралын пайдалануға тура келеді. Сонымен:
- Қисық сызықты және шеңбердің көмегімен өрнектің негізгі бірінші бөлігін саламыз;
- Түзу сызықты пайдаланып, бірінші бөлікті тиянақтаймыз;
- Бірінші бөлімдегідей қисық сызық пен шеңбер құралдарын пайдалана отырып, өрнектің «маңызды» екінші бөлігін саламыз;
- Түзу сызықпен өрнектің соңғы бөлігін толықтырамыз.
- Дайын болған өрнекті үзінді ретінде белгілеп, Рисунок-Отразить/Повернуть-Отразить слева направо командасын орындау арқылы, қарама-қарсы бағыттағы көшірмесін аламыз;
- Екі жарты өрнекті біріктіреміз;
- Артық сызықтарды өшіргішпен өшіреміз, осылайша өзімізге қажетті оюды құрастырамыз.
- Дайын болған оюды құю құралын пайдаланып, қалаған түсімізге бояуға болады.
- 2. Қазақтың ұлттық қоржынын және киіз үйді қарастырсақ: Қосмүйіз»-бұл бұғы мүйізін негіз еткен ою түрі. Оюдың бұл түрін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қоншына салатынын әжемнен сұрап білдім. Сонымен қатар бақыт-береке, байлық, мал-жанның көбеюі сияқты символдық мәні бар. «Құсқанаты», «қошқармүйіз», «қыңырмүйіз» оюлары да киім-кешекте, қоржында, киіз үйлердің сыртын безендіруге жиі қолданылатынын білдік. Мен осы қосмүйіз оюы арқылы қазақтың ұлттық қоржынын, киіз үйді жасадым. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді. Қошқармүйіз ою туралы халқымыздың сүйікті ақын қызы Ф. Оңғарсынова былай деп жазыпты:
Түрін-ай текеметтің, асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой қошақаным өзіме деп,
Әжем кеп сыйпағандай шашымнан жәй.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербепмені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан,
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері
демекші көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті.
Қорытынды
Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді.
- Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады. Қазіргі кездегі информатиканы оқыту бағдарламаларының талаптарына сай техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану қажеттігі туындап отыр.
- Соған байланысты мен компьютерде өз бетімше ізденіп, зерттеу жұмысын жүргізе алуды, электрондық оқу құралдарын пайдаланып келешекте көркемдеуші маман иесі бола аламын деген үміттемін.
- Келешекте осы ойымды әрі қарай дамытып, жаңадан бұдан да керемет қазақтың ою-өрнек суреттерін құрастырып, Қазақстанның атын бүкіл әлемге жар етуді армандап, сол арманға жетуге бар күшімді саламын.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.
- Жаңа информациялық технологиялар. Алматы “ЖТИ” 2003 жыл.
- Ермеков Н., Стифутина Н. Алматы “Атамұра” 2003 жыл. Алматы “Атамұра” 2007 жыл.
- Ермеков Н., Кузина Е., Крепп Л., Пилипенко С. Алматы “Атамұра” 2003 жыл. Дидактикалық материалдар.
- Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. “Алматы кітап” ЖШС. 2005 ж. Т.Х.Ғабитов, И.Н.Тасмағанбетов, Р.Н.Нұрғали, И.С.Төлендиев, Ә.А.Асқаров, Ғ.Есім, Б.Сағындықұлы.
- Щевчук Е.В., Кольева Н.С. Алматы “Мектеп” 2008 жыл. Информатика негіздері №1, №3. 2008 жыл.