Ауыл тұрмысындағы экономикада баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?

Кіріспе.

   Жұмыстың тақырыбы:

Қазіргі кездегі Қазақстанның білім беру жүйесіндегі экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңыздылығы мен саяси экономикалық білім мен тәрбиесі отбасындағы шаруашылық тұрмыстық рухани экономикалық сұраныстарды тануға негізделген. Осыған орай, ауылдағы экономикалық тұрмыс тіршілікті өндірістегі экономикалық қатынастарды қоғамдық циклдағы пәндер негізі экономикалық ұғымдарды түсіндіреді. Сондықтан біздің жұмысымыздың тақырыбы: Ауыл тұрмысындағы экономикада баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?

 

Зерттеудің өзектілігі       

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында елдің жедел экономикалық дамуы үшін жаңа инновациялық экономиканы әртараптандыру және қалыптастыру жөнінде шаралар кешенін іске асыру және экономиканың өсуі мен бірге халықтың әл-ауқатын жақсартуды көрсетсе, ел экономикасын өркендетіп, мемлекетіміздің алпауыт елдермен қатар дамып, алға басуына жол ашты. Жылма-жылғы Елбасы Жолдауының ауыл тұрмыс тіршілігіндегі орындалуы. Ауылды жерлерде мал шаруашылығын өркендетуді, егін шаруашылығын дамытудың жолдарын айқындап берді. Осыған орай ауыл экономикасындағы тұрмыстағы отбасылық экономиканы зерттеп мектеп оқушыларының экономикалық білімін, тәрбиесін, адамгершілік қасиетін, отбасындағы кіріс-шығыс, қаржы, еңбекақы, нарық, обал, сауап т.б.ұғымдарды меңгергендігін анықтау. Оған қоса «Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?»(14.02.2011 ж.Қ.Әдібаев) ұсыныс-пікірлері бойынша мәселере қарастырылып, зерттеу жұмысының өзекті тақырыбы деп айтуға болады.

Зерттеудің мақсат-міндеттері

Зерттеудің негізгі мақсаты-Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылдық әкімшілігіне

қарасты Қарабұлақ ауылында тұратын отбасылардың экономикалық дамуына талдау жасап, экономикалық сипаттама беру. Мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:

  1. Ауылдың демографиялық ахуалы;
  2. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
  3. Отбасындағы экономика

 

Зерттеу нысаны

Қарабұлақ ауылдық әкімшілігіне қарасты отбасылардың экономикалық тұрмыс тіршілігі

Зерттеудің әдістері

-Қазақстан-2030 бағдарламасымен Елбасы жолдауының орындалуын сипаттап жазу;

-Қажетті материалдарды жинақтау;

-Зерттеу жұмысына қатысты отбасыларына бару;

-Оқушылар арасында пікір-талас, тәрбие сағаттарын өткізу, ата-аналар оқуында талдау;

-Оқуышылар арасында, ата-аналар арасында сауалнама жүргізу.

 

Зерттеудің теориялық-практикалық маңызы

Зерттеу нәтижелерін мектеп бағдарламасында экономикалық сабақта, экономикалық тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс іс-шараларды өткізуге қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

 

Зерттеудің жаңалығы

Зерттеу жұмысқа Қарабұлақ ауыл әкімшілігіне қарасты отбасылардың тұрмыс тіршілігі экономикалық хал-ахуалы, бала тәрбиесіндегі экономикалық тәрбиенің берілуі, баланың оқуға жауапкершілігі мен ынтасы неде деген сұраққа жауап табылады.

  • Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші

ХХІ ғасыр өркениетке ұмтылған тәуелсіз еліміздің өрлеу ғасыры. Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттер алға қойылған мақсатта әлеуметтік бағыттағы жоғарғы тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету халық шаруашылығында жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, жоғарғы технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, түрлі меншік иелеріне барынша жол ашу, нарық талабына сай кәсіпкерлікке қол жеткізу туралы Елбасының әр жылдардағы жолдауында нақты көрсетіледі.

Ендеше еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығу бүгінгі ауыл бейнесінен көрінеді. Ауылдарға қолдау көрсету үшін үкімет тарапынан бөлінген мол қаржы үлкен рөл атқарады. Ауылдық аумақтарды дамыту 2004-2010 жылдардағы Ауыл 2003-2005 жылдардағы бағдарламалары көптеген шараларды атқара бастады. Ауыл бағдарламасы ауыл халқының қозғаласына әсерін тигізді. Ауылымыздағы кәсіпкерліктің даму деңгейі көтерілді.

Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік Балық Продукт Восток зауыты, ет комбинаты, түрлі ұсақ сауда дүкендері ашылды, шаруа қожалықтары көбейді. Бұл нысандардың ашылуы нарықтық экономика кезінде халықтың сәлде болса, әл-аухатына әсері болды. Жұмыссыздардың саны азайып, жұмысқа орналасты.Салыстырмалы түрде 2009-2010 жылдардағы ауылдың әлеуметтік экономикалық даму көрсеткішіне тоқталып, зерделесек

 

Демографиялық ахуал:

ЖылдарыЖыл басынаТудыКөшіп келгенКөшіп кеткенҚайтыс болдыЖыл аяғындағы қалған адам саны
  Жанұя саныАдам саныЖанұя саныАдам саныЖанұя саныАдам саны
12009 жыл66323205712851594212330
22010 жыл6652330482317812132142409

 

 

Жыл басына

Көшіп келген

Көшіп кеткен

 

Жұмыссыздық туралы мәліметтер

ЖылдарыЖыл басында тіркел- гендер саныЖыл ішінде тіркелдіО.і. жұмысқа орналасқаныО.і. уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғаныОқуға жіберілгеніЖыл аяғында қалғаны
12009 жыл151457116
22010 жыл161091115

 

Ауылда бұл жұмыссыздардың тіркелгені ғана, ал тіркелмегенін зерттегенде әр отбасында 2-3 адамды есептегенде 78 адам анықталды. Мұның ішінде жалдамалы, уақытша жұмыс істейсіндер 26.

 

Оралмандар туралы мәліметтер

ЖылдарыТіркел-ген жалпы жанұя саныАдам саныО.і. көшіп келген жанұя саныКөшіп келген адам саныО.і. көшіп кеткен жанұя-лар саныКөшіп кеткен адам саныЖыл аяғында қалған жанұя саныЖыл аяғын-да қалған адам саны
11991 ж.-2010 ж. аралығ.17172868286103442
22010 ж.206520656281437

 

 

 

 
Қарабұлақ ауылдық әкімшілігіне қарасты жер көлемі:

Ауыл шаруашылығына бекітіліп, берілген жер көлемі – 99493 га.

Оның ішінде

Егіндігі-4467 га

Шабындығы-3698 га.

Жайылымдығы-9951 га құрайды.

2009-2010 жылдары егілген егін шаруашылығы жайында зерттелген жұмыс

Ауыл экономикасының басым бөлігінің негізгі саласы-ауыл шаруашылығы болып табылады. Қарабұлақ ауылдық округіне 117 шаруа қожалығы ауылшаруашылық жерлерімен толық қамтамасыз етілген.

2009 жылы барлық игерілуге тиісті жер көлемі – 935 га болса, 2010 жылы – 930 га болады.

 

2009-2010 жылдардағы егілген егін көлемінің көрсеткіштері төмендегідей:

Жылдар
2009 жыл (га)2010 жыл (га)2010 жылы алынған өнім (тн)
1Бидай250Бидай268402
2АрпаАрпа
3Тары150Тары157462
4Күнбағыс7Күнбағыс51,5
5Картоп205Картоп2132770
6СұлыСұлы
7Бақша9,5Бақша10110
8Көкөніс80Көкөніс53730
жиыны701жиыны7064475,5

 

930 га егістіктің 706 га егіліп, жоспар 75 пайызға орындалған. Жоспардан 224 га кем егілген. Ауылда суармалы жер жеткілікті. Осыған орай астықты өткізетін жер болмағандықтан және себу науқаны кезінде қаржымен, техникамен, тұқыммен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілмегендіктен қолдағы бар байлықты суармалы жерлерді толық пайдалана алмаған. Келешекте игерілмеген суармалы жерлерді толық пайдаланып, аудан кәсіпкері Б.Нұрасыловқа бір ауысымда 120 тонна бидайды өңдеп, 90 тоннаұн шығаратын алуға болады екен. Ауыл тұрғындары шаруа қожалықтарының егін шаруашылығында қауіптенетіні, алынған өнімді қайда сақталатының білмей қиналатындығында. Сондықтанда суармалы жердің игерілмей қалатын себебі осы екен. Бұл да ауыл экономикасының дамуына кері әсерін тигізеді.

 

 

Мал шаруашылығы бойынша зерттеу жұмысының қорытындысы:

Ауылдағы 2009-2010 жылдары меншік мал басының өсуі, салыстырмалы түрде:

 

Мал түрі2009 ж.2010 ж.+/-
1Ірі-қара51385153+15
2Жылқы10691113+44
3Қой-ешкі1360812456-1152
4Түйе2828+
5құс31103300+190

 

 

Мал басының қарқыны негізінен де жылқы малынан байқалып отыр. Қой-ешкінің азаюына, мал арасындағы бруцулез ауруы себеп болған.

 

Жоғарыда айтылғандай ауылда 12456 бас қана қой-ешкі өсірілуде. Кезінде ауылда 60-70 мың қой өсірген Қарабұлақ халқы үшін бұл мал өте аз. Бұл да ауылдың әр отбасының экономикасындағы тіршіліктің төмендігін көрсетеді. Сондықтан шаруа қожалықтары да, жеке меншік иелері де ұшан теңіз жайылымдық жерлерді пайдаланып, қой-ешкі басын өсіруге күш салуы қажет деп ойлаймын. Себебі, ауылдағы әрбір үшінші тұрғын күнделікті тамаққа базардан ет сатып алмас еді. Егер ет өзінде болса, азын-аулақ тапқан қаражаты үнемделер еді.

 

Ауылда мемлекет тарапынан бөлінген жәрдемақы алатын отбасыларын зерттегенде: 2009-2010 ж. салыстырмалы түрде

   Жыл көлемінде 12 отбасы 44 адам 384,8 мың теңге алды. 99 отбасы 285 бала 18 жасқа дейін төленетін 3471,3 мың теңгенің жәрдемақысын алды.

Көрсеткіштер атауыӨлшем бірлігі2009 жыл2010 жыл
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
1Отбасы саныадам412
2Отбасы мүшелерінің саныадам1144
3Төленген қаржымың теңге600384,8
18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы
1Отбасы саныадам7299
2Балалар саныадам235285
3Төленген қаржымың теңге3500,03471,3

 

 

Қазіргі таңда мемлекет дағдарысты бағындырып, дамуға қарай бет бұрыс жасағанда, ауыл тұрғындары әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай үлкен мүмкіндіктер бола тұрса да, сәл қиыншылықтардан жасқану баршылық. Сол себепті «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бірігіп, әр отбасы қолынан келгенше, іскерлік кәсіпкерлікті дамытып, береке-бірлікпен ауылымыздың экономикасын дамытуға өз үлестерін қоса алатындай, толық жағдайлары бар екеніне көзім жетті. Зерттеу барысында ауылдың экономикалық әлеуметтік жағдайын қорытындылай келе ауылдағы жұмыспен қамтылғандар:

Жұмыспен қамтылған отбасы – 366

Мектепте-95

Емханада-10

Әкімшілікте-13

Мәдениет үйінде-6

Мал дәрігері-3

Балық зауыты-125

Мұнайда-60

Почтада-2

Байланыс бөлімі-1

Электрик-1

Әртүрлі шаруада-50

Ауылдағы әлеуметтік төлемақы алатындарды зерттегенде:

 

Зейнеткер жасына жетіп, зейнетақы алатындар-204

Мүгедектігіне байланысты-81

Асыраушысынан айырылғандар-20

Әртүрлі жәрдемақы алатындар-42

 

Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияда әртүрлі ауру-сырқаулармен диспанцерлік есепте тұрғандар:

  18 жасқа толмағандар -62

Әртүрлі жастағы адамдар-438

Сонымен қатар ауылда 1 терапевт дәрігер жетіспейді.

  Ауыл экономикасын 2011 жылы дамытуға, бюджеттен бөлінген қаражат мөлшері:

Ауылды жарықпен қамтамасыз етуге-230 мың

Ауылды елді-мекендердегі тазалық жұмыс үшін-230 мың

Көгалдандыруға -700 мың

Қыста көшені қардан тазартуға -200 мың

Ауылдың әлеуметтік экономикалық саласын зерттей келе анықталғаны Жұмыссыздықтардың көптігі, суармалы егіншілік жерлердің игерілмеуі, жеке меншік мал бастарының азаюы, жергілікті үй маңындағы бау-бақшаны өсіріп, пайдаланбауы, жұмыс табылған жағдайда 45 жастан асқан адамдардың жұмысқа қабылданбауы, оқу бітірген жас мамандардың ауылға келмеуі, кадр мәселесіндегі жұтандық. Осындай жағдайлар зерттеліп-зерделенді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтыі іргесін бірге қалаймыз» жолдауын оқи отырып, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қадам басу үшін ауыл тұрғындарының жеделдетілген экономикалық жаңартуды «Жол картасы» негізінде ауылға қажетті білімді мамандық алып, іскерлік кәсіпкерлікті дамыту керек.

 

   2.2.Ауыл тұрмысындағы экономикада баланы оқуға қалай ынталандыруға болады?

14.02.2011 жылы Достық, Егемен Қазақстан газеттеріне шыққан зейнеткер ағамыз Қ.Әдібаевтыі «Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?» деген мақаласы бойынша сыныпта тәрбие сағаттарын өткізіп, пікір-талас, талдау жүргізілді. Осы пікір – таласына 7-11 сынып оқушылары арасында сауалнамалар жүргізілді. Бұл сауалнамаға 174 оқушы қатысты.

Оқушылар «Сабақты жақсы оқығаның үшін ата-анаңнан ақша алғың келе ме?»-деген сауалға:

1.Иә-0

2.Жоқ-167

3.Білмеймін-7

Біз оқушы сауалнамасымен қоса, ата-аналармен де сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 118 ата-ана қатысты. Біз оларға «Отбасыңыздағы ақшаны қалай үнемдейсіз?»-деген сауал қойдық. Оған:

1.Үнемдемеймін-9

2.Ақша жетіспейді-7

3.Қарызға аламын-102

Сауалнама.

Ақшаны қалай үнемдейсіз?

Ыдырышев Елдардың анасы Назира. Көп балалы ана.

-Дағдарыстың қиыншылығы бізге де батып тұр. Азық-түлік қымбаттады. Балаларыма алған киімдерім арзан, бірақ кейіс бермейді. Отбасында бірінің киімін бірі киеді. Мен де үнемдейтін ақша да болмайды.

Түсіпова Розаның әкесі Талғат:

-Мен балаларымның азық-түлігі үшін ақша аямаймын. Балаларым жақсы жүрсе екен деймін. Өзім малшымын. Бұрын ай сайын киім алушы едік, қазір бар тапқанымызды тамаққа жұмсаймыз.

Шаймарданова Ұлжанның анасы Зумрад:

-Үйде екеуімізде жұмыс істемейміз. Қолдағы азын аулақ малымызбен жан сақтаймыз. Екі қызым студент. Барлық жағдай ақшаға тіреледі, қысыламын, қарыз аламын, төлеймін тағы басқа.

14.02.2011 жылғы Қ.Әдібаетың «Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?» деген мақаласын оқыдыңыз ба деген сауал ата-ана, жұртшылық арасында қойылды. Бұл сұраққа:

1.Оқыдым-80

2.Ата-ана оқуында естідім-46

3.Оқығам жоқ-13

Осындай сауалнама жүргізілгеннен кейін ауылдың әлеуметтік экономикалық құрылымын зерттей келе, көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы, жұмыссыз отбасының хал-ахуалы, әлеуметтік жағдайы, экономикалық кіріс-шығыстарына зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Көп балалы отбасы Құнанбаев Ризабек. Отбасында 6 бала бар, Оның үшеуі мектепте оқиды, үшеуі мектепке дейінгі жаста.

Кіріс 2010 жылШығыс
Еңбек жалақысы-25000

Жәрдемақы-9 240 теңге

Азық-түлік-орташа есеппен – 28000 Май, қант, күріш, рожки, ұн, нан, шай, ет Күніне 1000 теңге
Қой, ешкі — жоқШөп-2 прицеп 30000 теңге

Көмір-6 тонна 36000 теңге

Жем-5-6 мешок 5-6000 теңге

Картоп – 10-15 мешокЭнергия қуаты, телефон-5000 теңге

Су-700 теңге

Дәрі-дәрмек-3000 теңге

Сиыр – 1, бұзау – 1Маусымдық киім-кешек-оқу форма – 15-17000 теңге

Оқу құралдары -7-8000 теңге

Үй маңындағы бақшадағы өнім. Капуста, қияр, қызанақ, қызылша, сәбіз1 баласы өнер мектебінде оқығаны үшін жол қаражатымен 5000 теңге

Құнанбаев Ризабек отбасында бір өзі ғана  жұмыс істейді. Жолдасын мәдениет үйіне қажетіне қарай 2 сағаттық жұмысқа шақырады. Наурыз айындағы отбасының кіріс шығысын есептегенде 1 айда 42240 теңге кіріс кірген, ал шығысын есептегенде 123700 теңге болды. Бұл отбасында баланы оқуға ынталандыруға, әр бестік бағаға ақша төлейтін жағдайы жоқ екені анықталды.

 

Шоланбаев Серік жұмыссыз. Отбасында 5 бала бар. Оның екеуі мектепте, біреуі Өскеменде тереңдетілген лицей мектебінде оқиды. Бір баласы мүгедек, үйден оқиды. Ал, біреуі мектепке дейінгі үйде.

 

Кіріс 2010 жылШығыс
Мемлекеттік жәрдемақы-9 240 теңгеАзық-түлік-35000 теңге

Май, қант, күріш, рожки, ұн, нан, шай, ет Күніне 1200 теңге

Сиыр – 1, бұзау – 1

 

Энергия қуаты-1000 теңге

телефон-1000 теңге

Қой, ешкі — жоқКөмір- 30000 теңге

Шөп- 30000 теңге

Оқу құралдары -6-7000 теңге

Картоп – 10 мешокКиім-кешек– 1 балаға 2,5 теңге

Дәрі-дәрмек-10000 теңге

Үй маңындағы бақшасы жоқ.Ауыратын баланы ауруханаға жылына 4 рет  апаруға – 40000 теңге. 2 рет қалаға, 2 рет ауданға

Шоланбаев Серіктің отбасындағы әлеуметтік жағдайын зерттегенде, кірісі 10000 теңге. Бұл балаларына, баласының мүгедектігіне төлейтін жәрдем ақша. Ал шығысы 155 000 теңге болды. Бұның көпшілігі қарыз.

 

Байсалханов Жансерік-аз қамтылған отбасы.Ол отбасында бір өзі ғана жұмыс істейді. Отбасында 7 бала бар. Оның екеуі тұрмыста. Біреуі қалада оқуда. Екі баласы мектепте оқиды, ал екеуі  мектепке дейінгі жаста. Мектепте оқитын бір баласы ауырады.

 

Кіріс 2010 жылШығыс
Еңбек жалақысы-39000 теңге

жәрдемақы-9 000 теңге

Азық-түлік-40000 теңге

Қарызданып алады.

Күніне 5800 теңге

Сиыр – 1, бұзау – 1

 

Энергия қуаты-1500 теңге

Оқу құралдары, дәрі-дәрмек қарызға алынады.

Қой, ешкі — жоқКиім-кешек қарызға.
Картоп – 10 мешокШөп- 50000 теңге, 2 прицеп
Үй маңындағы бақшасы жоқ.Көмір- 27500 теңге, 5 тонна

 

 

 

 

Байсалханов Жомарт Жансеріктің отбасындағы әлеуметтік экономикалық жағдайын зерттегенде кірісі -48000 теңге, ал шығысы – 124800 теңге. Мұның көпшілігі қарыз.

Ауыл тұрмысындағы экономикада «Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?» деген тақырыпты тереңдеп зерттеу жұмыстары жүргізілудің барысында ауылдың экономикалық тіршілігінде балаларына жақсы оқығаны үшін еңбекақы төлей алмайтындығы анықталды. Себебі, әр отбасының экономикалық тұрмыс тіршілігі мұны көтермейтіндігін дәлелдеді. Ауылда 0 жастан-18 жасқа дейін 772 баланың 401-і қыз, 371-і ұл 2009-2010 оқу жылындағы 1 қыркүйектегі есеп бойынша мектепте 1 сыныптан-11 сыныпқа дейін 405 бала білім алады. 46 бала мектеп алды даярлықта, 50 бала шағын орталықта тәрбиеленуде. Мектепте бастауыш сыныптың 163 баласы, аз қамтылған отбасының 41 баласы күнделікті ыстық тамақпен қамтылып отырды. Аз қамтылған отбасының 80 баласы киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Сонда бұдан шығатын қорытынды ата-аналар балаларын азық-түлікпен, қажетіне қарай маусымдық киіммен, оқу-құралдарымен одан әрі тұрмыс тіршіліктегі отын суға жұмсалатын қаражаттан артық, қосымша қаражат болмайтындығы анықталды. Ата-аналармен жүргізген сауалнама зерттеу пікірлесу жұмыстарында Қ.Әдібаевтың «Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?» деген ұсыныс-пікірге келіспейтін қарсы пікірлерін айтты. Зерттеу барысында сауалнама жүргізгенде балалардың бұл мақала бойынша түсініктері қабылдауы, өз ойларын ашық жеткізе білуі, отбасында ата-аналарына жанашырлық білдіретіні үнем мен ұқыптылыққа тәрбиеленгені қуантады. Оқушылардың ойлары :әркім өзі үшін оқитынын, келешегін ойлайтынын, тіпті нашар оқитын оқушылар да өз қабілетіне байланысты орта баға алатынын айтты. Олардың ойынша білім дағдысы ақша мен емес, мұғалімнің қойған бағасымен бағаланады. Біздің жақсы оқығанымыз үшін мұғалімнің бағалап қойған бағасы-біздің еңбек ақымыз. Ал, оқуға деген баланың ынтасы отбасындағы жүйелі тәрбиемен мектептегі ұстаздың сапалы білім, саналы тәрбие беруінің нәтижесінде болады. Оқушылардың өмірге бейімделуі, мектептегі оқуға деген ынтасы ата-ана мен мұғалімнің бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде көрінеді. Оқушының оқуға қызығушылығы мектептегі жүргізілетін мәдени іс-шаралар: әдеби кештер, пікір-таластар, үйірмелер, факультатив сабақтар, спорттық сайыстар, өнер сайыстары, білім сайыстары, қоғамдық жұмыстар оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады. Кез-келген оқушы белгілі бір пәнге ынталы болады. Белгілі бір өнерге қабілеті, дарындылығы, таланты ойының ұшқырлығы көрінеді. Сол себепті біздің мектебімізде көркем сөз, шебер қолдар, модельдеу, ісмер қыздар, оркестр, мүсіндеу, бояулар сыры, хор үйірмелері жұмыс істесе, математика, физика, тарих, әдебиет, информатика пәндерінен қосымша сабақтар мен факультатив сабақтар жүргізіледі. Уақытпен санаспай оқушыларды білімге ынталандыруда жұмыс істеп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі мен оқушылардың білім нәтижелері төмендегідей: 2009-2010 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында алты оқушы жүлделі орындарды иеленсе, Абай-Шәкәрім оқуларында 2008-2009 оқу жылында жүлделі І-ІІ орынды иеленді. 2008-2009 оқу жылында аудандық ғылыми жоба қорғаудан 6 оқушы І-ІІ орынды иеленді. 2010-2011 жалпы оқу жылында аудандық пән олимпиадасы мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарында 21 оқушы жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды иеленді. 1 оқушы облыстық пән олимпиадасынан ІІІ орынды иеленді. Аудандық спорттық сайыстарда еркін күрестен 15 оқушы, қазақша күрестен 7, жеңіл атлетикадан 5, қол тірестен 2, бастапқы әскери даярлықтағы дала жиынында 7 оқушы жүлделі орынды иеленді. 2009 жылы аудандық «Зайсаным-жайсаң мекенім» атты көркем өнерпаздар сайысында мектебіміз бас жүлдені жеңіп алды. 2009-2010 оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша ортақ балл 69 болса, 2010-2011 оқу жылында ортақ балл 91 балл болды. Міне, біздің мектебіміздегі оқушылардың білімге қызығушылығының нәтижесі. Сонымен қатар, оқушылар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мектеп ауласын көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу, мектептің қосалқы шаруашылықтарында еңбек етіп, қолғабыс жасаса, мектептің тәжірибе үлескесінде алған білімдерін практикамен ұштастырып, білімдерін шыңдайды. Мектебіміздің жанынан ұйымдастырылған «Ботаникалық бақты» мектеп, ата-ана, жұртшылық болып ұйымдастырды. Оқушылардың күн тәртібінде пайдасыз өтетін уақыттары жоқ. Осы жөнінде оқушының оқуға қызығушылығы мен жүйелі білім дағдыларын іс-әрекеттерін дамыту үшін оның негізгі жұмысы – оқу, яғни нәтижесі оның өнімі екендігін осының барлығы уақыт шығындарының қосындысын табады.

Т-ойлану уақытты айқындайды

(t)- бұдан кейін үй шаруасындағы еңбек күшін тығыздандыру коэффициенті

K=T/t*100%-деп анықтадым. Сөйтіп оқушының оқуға ынталы болу өміршендігі жоғарлайды. Мектептегі жүргізіліп отырған шығармашылық жұмыстар оқушыны қызықтырады. Өз бетімен жұмыс істеуге әрекеттендіреді.

K2=K1/100-K*100% бұдан кейбір оқушылардың босаңсу, жіберген қателіктерін анықтайды. Жалпы алғанда, оқушыны білімге қызықтыру, шығармашылық жұмысқа баулу, мектеп пен ата-аналардың жақсы істерінің нәтижесінде көрініс береді. Кей жағдайда ата-аналар жақсы оқымай-ақ білімді ақшамен ұштастыруды қалайды. Бірақ, ауылды жерлерде ақылы оқу көпшіліктің тұрмыс жағдайын көтере бермейді. Сондықтан, шамасы жететін әрбір оқушы үздіксіз білім алуды, уақытты тиімді пайдалануды мақсат ету керек деп ойлаймын. «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекетімізде жүргізіліп жатқан білімдегі жаңалықтар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы барлығы ауылдың хал-ахуалын жақсартудың игі іс-шарасы деп білемін. Ауылымызда жоғарғы оқу орындарын ауылымызға қажетті мамандықтарды оқымай, ақылы оқу мен бітірген заң, экономист мамандықтары жұмыссыздықтың қатарын көбейтуде. Сол үшін ауылға қажетті мамандықтарды игеруді осы күннен бастап мектебімізде талдап,пікірелесіп, кездесулер өткізіп, келешек мамандығын әрбір оқушы ойлана қабылдауда. Сондықтан, әрбір оқушының ауылды елді-мекенде тұрмыс қаражатына байланысты әрбір алған пәннен бестік бағасы үшін ақыны ата-анасынан ала алмайды.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Оқушының білімге құштарлығы, ынталануы отбасындағы ата-анасына байланысты. Ата-ана баласын өмірге құштар еткісі келсе, оның неге икемі бар екеніне мән беріп, тәрбиелесе, мектеп мұғалімдерімен үнемі байланыста болса, баланың оқуға ынталануы артады. Бәрі өзімізге байланысты! Ауыл экономикасының өркендетуде үлес қосып отырған да ата-аналар. Сондықтан ауылдың негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған әр жылдардағы жолдауымен 2011 жылғы «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» жолдауында Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына қадам басқанда, әсіресе біліммен экономика саласына, мемлекетіміздің 2020 бағдарламасы жаңа бағыттар айқындап халықтың әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөлді. Біз бұл игі істердің бағдарламасын тәрбие сағаттарымызда,құқықтық оқу сағаттарында оқып танысып, болашақтағы өз орнымызды сапалы біліммен, саналы тәрбиемен қоғамымызға пайда келтіретінімізді анықтадық. Қ.Әдібаевтың «Баланы оқуға қалай ынталандыруға болады?» мақаласы ауылдың тұрмыс тіршілігін зерттеп, мәліметтер алуға көмектесті. Зерттеу нәтижесінде баласының оқуына ынтасын арттыруға ақы төлемек тұрмақ күнделікті күн көрісінде төмен отбасылар кезікті. Дегенмен, ауыл тұрғындарының ішінде жалқаулық пен үкіметтің аздаған жәрдемақысына малданып отырған кейбір отбасыларды  анықтадық. Осының барлығы адамның өзіне байланысты. Зерттеу кезінде анықталғандай игерілмей отырған жерлер, суармалы жерлерге егін егіп, мал өсіруге болады. Менің ұсынысым:

  1. Игерілмеген суармалы егіндік жерді игеріп, өзін-өзі қамтитындай егіндік алқапта еңбек ету (бидай, тары, картоп, көкөніс т.б.).
  2. Ауылдық жерде қой, ешкі өсіру, жеке меншік мал басын көбейту.
  3. Жұмыссыз жүрген ауыл жастары кәсіптік бағдар беретін үкімет бағдарламасына сәйкес арнайы курстардан өтіп, жастар бригадасын құрып, түрлі қожалықтарда құрылыс жұмыстарында жұмысқа баруы керек.
  4. Ауыл тұрғындары үй маңындағы бау-баұшаны баптап, өсіру. Отбасының әлеуметтік-экономикасын жақсарту керек.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Қазақстан-2030 бағдарламасы. Өскемен, 2006 жыл, 17-19 беттер.
  2. Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз. Достық газеті №10(10014)1,2,3 беттер
  3. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. Тәрбие құралы, 2.2006 жыл, Экономика әлеміне саяхат.
  4. Математика және физика. Ғылыми әдістемелік журнал, 5.2003 жыл. Мектептегі экономикалық білім негіздерін оқыту тәжірибесінен.
  5. Егемен Қазақстан. 4ақпан 2011 жыл. Ауылға айрықша назар қажет.
  6. Достық газеті. 14 ақпан 2011 жыл, Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?
  7. Ауыл әкімшілігі бас маман есепші М.Махрановпен әңгіме-сұхбат, пікірлесу.
  8. Ауылдың егістік суармалы жерлердің маманы А.Бабырбаевпен пікірлесу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу күнделігі

 

МерзіміЖұмыстың түрі
12011 жыл 20 ақпан«Достық» газетіндегі Қ.Әдібаевтың, «Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?» мақаласымен танысу.
22011 жыл наурызСыныпта мақалаға байланысты тәрбие сағаттарын, пікір-талас өткізу. Оқушылар арасында сауалнамалар өжүргізу
32011 жыл сәуірАуыл әкімшілік мамандарымен пікірлесу.

Аз қамтылған отбасыларды анықтау. Ата-аналармен пікірлесу, сауалнамалық сұрақтар қою.

42011 жыл мамырАта-ана, жұртшылықтың пікірін тыңдау, қорытындылау