Қастек Баянбаев «Араша»

4 «Б» сынып      Ана тілі  Ильясова Г.А

Сабақтың тақырыбы: Қастек  Баянбаев «Араша»

Сабақтың  мақсаты:Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.Рөлдерге бөліп,образға  кіре  оқуға  үйрету.Адалдыққа,кішіні құрметтеп,үлкенді сыйлауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:  Суреттер,тақырыпқа  қатысты мәліметтер,мақал-мәтелдер.

Сабақтың түрі: Ашық  сабақ.

Сабақтың  әдісі:  Сот сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру  кезеңі

1.Оқушыларды  ашық сабақтың өту барысына  сай орналастыру.

2.Сабақтың тақырыбы мен өту барысы туралы қысқаша  мәлімет беру

ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру

1.Өткенді сұрақ-жауап арқылы пысықтап кету.

ІІІ.Жаңа сабақ

1.Қастек Баянбаев туралы мәлімет  беру.1-слайд бойынша  жұмыс

Ой шақыру:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Араша»-деген сөдің мағынасын   ашу.
  2. «Араша» өлеңін рөлге бөліп оқу.

4.Жаңа сабақты  талдау. Сұрақ-жауап арқылы

А)Өлеңнің  «Араша»-деп аталуы.

Ә)Өлеңдегі негізгі  ой.

  1. Кім кінәлі екенін табу үшін «Сынып  сотын»  жүргізейік.

Соттың  төрағасы:  Мейрманов Диас

Соттың  хатшысы:   Досикееева  Томирис

Прокурор: Аскарова  Акниет

Қорғаушы: Аубакиров Алишер

Ит: Жумашев  Бахтияр

Құнан:Әбдіқадыров Ғабдолғани

Торғай: Маратхужаева Сарвиноз

Мысық: Кенжебаева Диана

Шыбын: Советбаев Дулат

 

Хатшы: Тұрыңыздар ,сот келеді!

Сот:Отырыңыздар!

Соттың сөзі: Бүгін сот залында тәртіп бұзып,өзінен әлсіздерге жәбір көрсетті  деген  айыппен кер  құнанның  ісін қарап отырмыз.

Соттың  төрағасы  мен   Мейрманов Диас.

Соттың  хатшысы:   Досикееева  Томирис

Прокурор: Аскарова  Акниет

Қорғаушы: Аубакиров Алишер

-Куәлардың толық келуі қамтамасыз  етілді ме?

Хатшы: Иә,толық қамтамасыз етілді.Сіздің шақыртуыңызды  күтіп отыр.

Соттың сөзі:Прокурорды тыңдаймыз.

Прокурор:Айыпталушы  кер құнан итке әлімжеттік жасап,кемсітіп,жәбір көрсетіп жатқанда қылмыс үстінде  ұсталды.

Сот:Жәбірленуші   тұрыңыз,требунаға келіңіз!

-Өзіңізді қорғауға,өз ойыңызды  айтуға,сонымен қатар өзіңізге қарсы куәлік бермеуге  құқылысыз.

Біреуді кінәлау мақсатында жалған куәлік  жасасаңыз заң алдында  жауа береді.

Жәбірленуші: Мен атым ит.Мен  жеті қазынаның  бірімін.Біз құнан екеуміз   адамның досы бола тұр,құнан  маған  әлімжеттілік  көрсетті.Мысық   торғайға  тиісіп жатыр екен торғайды аяп,

Бырт  еткізім  беліңді,

Сыпырамын   теріңді,

Босат мына торғайды,

Бұл бейшара  неңді алды  дегенім рас еді.

Сот.Айыпталушы  орныңыздан  тұрыңыз!

-Сіз кінәңізді мойындайсыз ба?

Менің атым Құнан.Жасым үште.Мен төрт түліктің бірімін.Мені адамдар жақсы көреді.Мені –ер қанаты,адамның досы деп те санайды.

Мен кінәлі емеспін.

Сен  мысықты  жәбірлеп,

Жатырмысың  тағы илеп?

Оймай  тұрып төбеңді,

Тентектікті қой енді!-деп  мысыққа араша  түскен  едім.

Соттың сөзі:  Куәларды шақырыңыз!

Хатшының сөзі: 1-ші куә мысықты ортаға шақырамыз!

Соттың  сөзі:

Өзіңіз туралы толық мәлімет  беріңіз.Сіз куә ретінде шақыртылып отырсыз.Өтірік  немесе жала  жабу иақсатында  куәлік жасасаңыз,сіз заң  алдында жауап  беретініңізді   ескертемін.

Мысық: Мен мысықпын.Мен  үй жануарымын.Мені балалар жақсы  көреді.Торғай шыбынға әлімжеттілік жасап  жатыр екен

Мына  әлсіз  жәндікті,

Шырылдатқан  қай мықты?

Торғаймысың кәдімгі,

Ағызайын қаныңды-дегенім рас  еді

Хатшының сөзі: 2-ші куә торғай ортаға шақырамыз!

Соттың  сөзі:

Өзіңіз туралы толық мәлімет  беріңіз.Сіз куә ретінде шақыртылып отырсыз.Өтірік  немесе жала  жабу иақсатында  куәлік жасасаңыз,сіз заң  алдында жауап  беретініңізді   ескертемін.

Торғайдың сөзі: Мен торғаймын.Мен  кішкентай  болсам да   тазалықты жақсы көремін.Ағаштарды құрт-құмырсқалардан қорғаймын.

Шыбын бәрін бастаған,

Таза сүтті ластаған.

Ит  мені мысықтан қорғады.Ал мен  болсам

Сүтке әбден  тойынып,

Шыққандайсың  шомылып.

Адал асын басқаның,

Жетер  сенің ластауың-деп тек тазалық  үшін күрестім.Кері құнан өзі ғой тиіскен.

Хатшының сөзі: 3-ші куә шыбынды ортаға шақырамыз!

Соттың  сөзі:

Өзіңіз туралы толық мәлімет  беріңіз.Сіз куә ретінде шақыртылып отырсыз.Өтірік  немесе жала  жабу иақсатында  куәлік жасасаңыз,сіз заң  алдында жауап  беретініңізді   ескертемін.

Шыбынның сөзі:Мен кішкентай шыбынмын.Мен  бунақ  денелілерге жатамын.Менің аса жоқ болғанымен,өсімдіктерге қона  жүріп,көбеюіне әсер етемін.

Кер құнан  кішкентайларға,әлсіздерге көмектесті,ол  кінәлі емес.

Прокурордың сөзі: Кер  құнанның кінәлі екені дәлелденіп 12-бап бойынша өзінен әлсіздерге күш  көрсетіп,қатаң қарағаны үшін  жаза қолдануыңызды талап етемін.

-Отырыңыз.

Соттың сөзі :Қорғаушыға сөз беріледі.

Қорғаушының сөзі:

Кері құнан адамның досы.Осы заманға дейін жылқы малының  сезімталдығы,ақылдылығы   тарихи зерттеліп келеді.Кер құнан әділдік үшін күресіп,әлді әлсізге күш көрсетпеу керек  екенін дәлелдеді.Сондықтан кер құнанның кінәсі жоқ деп табылып,кер құнанды сот  залынан өріске босатуыңызды сұраймын.

Соттың сөзі: Сот кеңесшілерімен кеңеседі.

Сот  кеңесшілерін тыңдау.

Сот хатшысы: Тұрыңыздар,сот келеді!

Сот:  Отырыңыздар!

Сот сөзі: Кер құнаның  кінәсі толығымен дәлелденген жоқ.Бұл іске  басқа да қатыстылар  анықталды.Сондықтан  кер құнан сот залынан  өріске босатылсын!

-Кер  құнан сізге шешім түсінікті ме?

-Иә

-Ит  сізге шешім  түсінікті ме?

-Иә

Сот жүйесін жабық-деп жариялаймын.

Сергіту сәті:    «Жылқының  өтініші» ертегісі

Қорытындылау:

1.Өткен   ұқсас  тақырыптарды еске  түсіру.

2.Арыстан  мен тышқан,Араша өлеңдерін салыстыру.

 

Арыстан мен тышқан                       Ұқсастығы                             Араша

1.Сұлтанмахмұт Торайғыров

2.Арыстан мен тышқан туралы

3.Мысал

 

1.Қастек Баянбаев

2.Шыбын,торғай,ит,құнан,мысық туалы

3.Өлең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Мақал мәтелді талдау

1.Әлсізге  күлме,

Күлемін-деп,

Күлкі  боп  жүрме!

Үйге тапсырма:  Өлеңді рөлге  бөліп,түсініп  оқып келу.