Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Сүлік – жанға шипа, дертке дауа»

Сүлік – буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әрекеті ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Бірақ буылтықтар саны ішкі бунақтарға сай келмейді. Қылтандары да жоқ. Сүліктер – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер.Тура дамиды – ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.

Сүліктер – паразиттік жолмен де, жыртқыштықпен де тіршілік ететін жәндіктер. Олардың негізгі қорегі – әр түрлі су жәндіктері: былқылдақденелілер, бунақденелілердің дернәсілдері. Сондай-ақ өзге сүліктер, итшабақ және балық шабақтары, омыртқалы жануарлардың қанымен де қоректенеді. Сүліктер суда тіршілік етеді. Сүлік денесінің алдыңғы және соңғы ұштарында сорғыштары болады. Алдыңғы сорғышында үш тісті аузы бар. Суда кездескен адамға немесе омыртқалы жануарларға дененің алдыңғы жағындағы сорғышымен жабысады. Ол жануардың денесін тістеген кезде теріде үш бұрышты із қалады. Өткір тістер теріні теседі. Сүлік тіс орнынан аққан қанды сорады. Қан соратын сүліктің жұтқыншағына арнаулы бездерден «гирудин» деп аталатын ерекше зат бөлініп шығады.

Бұл зат қанды сұйылтады, сондықтан жара аузындағы қан ұйымайды. Халықтық медицинада гирудиннің осы қасиеті пайдаланылады. Сүлікке тамыр  бітелгенде, жүрек бұлшықеттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда, емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызады.

Көпқылтанды буылтық құрттардың басым бөлігі суда тіршілік ететіндіктен, теңізде маңызды рөл атқарады. Олар балдырлармен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ал өздері суда мекендейтін балықтарға, шаянтәрізділерге және басқа да теңіздегі мақұлықтарға жем болады.

Олар су түбіндегі тұнбаны ішегі арқылы өте көп мөлшерде өткізеді. Сөйтіп суқойма түбіндегі топырақ қабатына ықпалын тигізеді. Сонымен бірге азқылтанды құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді. Демек олар суқоймаларын өсімдіктердің шірінді қалдықтарынан тазартуда да маңызды

1

рөл атқарады.

Әдетте арнайы дәрігерлер сүлік салудың алғашқы сеанысында

сүлікті адам денесінің қарын аумағынан бастайды. Өйткені қарын  аумағы дәрігердің де, емделуші адамның да көзбен көріп бақылауына өте қолайлы.

Сүлік өте кінәмшіл, кірпияз. Сондықтан оның жыландай суық денесінен шошымай, мейлінше еркіне жіберіп, емделуші адам қимылсыз жатуы керек.  Қадалатын тұсты, яғни дененің ауыратын жерін сүлік өзі-ақ іздеп табады.

Сүлік қадалған жеріндегі нашар қанды немесе қан аралас керексіз сұйық затты (сары су не ірің) сорып тойғаннан кейін 3 минут пен 30 минуттың аралығында өзі түседі. Сүлікті уақытынан бұрын тартып алып тастауға

болмайды. Себебі тістері қалып қоюы мүмкін.

Ағзаға микроб түспес үшін сүлік қадалған жерді арнайы дайындалған залалсыздандырылған дәкемен жауып, байлап қою керек. Жара орнынан 2 сағаттан 24 сағат аралығында қан ағып тұруы мүмкін. Кей кезде жараның орнында тек көгерген таңба таңба ғана  қалады. Бірақ бұл адам үшін қауіпті емес, керісінше бұл сүлік салудың оң әсер ете бастағанының белгісі, яғни адамның иммундық жүйесі бірден қалпына келе бастайды деген сөз.

Сүлікті адамның кез-келген дене бөлігіне сала беруге болады. Сүлікті басауруына, тіс, қан қысымы көтерілгенде, денеде ісік пайда болғанда, зат алмасу бұзылғанда, сары сужиналғанда қорықпай-ақ пайдалана беруге болады. Қалай болған күнде де адамға оның ешқандай зияны жоқ.

Бар қасиет сүліктің сілекейінде. Сондықтан белгілі бір сырқат түрі асқынған болса, ауру адамның 8-10 процедура қабылдағаны дұрыс.

Әдетте мұндай жағдайда ауыратын дене мүшесіне 2-3 немесе 10 сүлікке дейін салады.

Егер сырқат асқынып кеткен жағдайда (тромбофлебит, гипертониялық дағдарыс және де басқа да ауыр кезеңдерде) процедураларды, яғни сүлік салуды жиі жүргізген жөн.

Сүлік салу емін тұрақты қабылдаған адам жылына бір рет осы емдеу

2

тәсілінің білгірі –гирудотерапевтке  қаралып, тексерістен өтіп отыруы қажет. Емдеу тәсілінің оң нәтижесін беруі үшін 3-4 процестен тұратын қайталау курстарын қабылдап отырған өте пайдалы. Емдеу тәсілін әлденеше рет қабылдағаннан кейін қайталап салғанда  сүлік бұрын қадалып жүрген адам денесінен қашқақтап жоламай қойса, жыйырылып тітіркенгендей белгі берсе, ағзаның аурудан құлан таза айыққаны деген белгісі.

Сүлік салудың адам ағзасы үшін пайдасы өте зор. Десек те емдеу барысында кейбір дәрігерлер сеанс қабылдағаннан кейін сүлікті өлтіреді, яғни бойына жинаған жағымсыз заттардан тазарту керек. Адам денесіндегі

арам қандарды сорғандықтан ол өзі де өліп қалуы мүмкін. Бір қарағанда бұл қатыгездік екені даусыз.

Шығыс медецинасында емшілер сүлікті саналылықпен пайдаланып, ерінбей, қиналмай ем қабылдағаннан кейін тазартып отырады. Яғни адам денесіне салынған сүлікті ем қабылдап болғаннан кейін таза тұзды суға салу керек. Сонда арам қанға тойған сүлік лоқсып құсады. Бірақ лоқсып құсқан құсқанына қанағаттанбай, сүлікті қолмен ұстап, ақырын жайлап қана аяқ жағынан басына қарай қан шығуын тоқтатқанша сығу қажет. Сондай жағдайда  сүлік қаннан мүлде тазартылады. Тазартылған сүлікті таза суға кішкене шекер салып  салып қою керек. Өмірде бір тіршілік иесінің екіншісі үшіншісі үшін құрбан болып жатуы бұл заңдылық. Сондықтан гирудотерапияның бұл әдісіне сәйкес сүлікті дұрыс, ұқыпты пайдалана білсе, адам денсаулығына тигізер пайдасы шексіз Жабысып алып, қан соратын бұл жәндікті көргенде, денең түршігеді. Алайда медицина саласындағы сүліктің дәл осы қасиетінің пайдасын санамалай бастасаңыз, оның пайдалылығына еріксіз сүйсінесіз. Латын тілінен аударғанда «gerudis» сөзі сүлік дегенді білдіреді. Гирудотерапия қазіргі таңда кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда, герентологияда кеңінен қолданылып, күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома секілді

3

ауруларға таптырмас емге айналды. Тіпті соңғы кездері адамдар сүліктің көмегімен арықтап, адам жасын жасартатын «сиқырлы емші» ретінде де пайдалануда. Сүлікті қажет деген жерге тек арнайы маман ғана салады.Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры адамның артық арам қанын сорып алып, қан айналысын жақсартатын артықшылығына қоса, тағы бір кереметтілігі оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде. Түрлі ферменттермен қатар қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты артықшылығы болып саналады. Ол бір сағат ішінде адамның

15 мл-дей қанын сорып алады, одан соң өзі ажырайды.Сондай-ақ бүгінгі таңда ауырмай-ақ сүліктің көмегіне жүгінгісі келетін азаматтардың қатары да көбеюде. Себебі сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендеп, ұсақ қан қатпалары жойылады, ісікке қарсы, ауырсыздандыру механизмдері іске қосылады екен. Негізінен, емге белсенді аш сүлікті пайдаланады.Егер қанды аздап алу қажет болса, кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды.  Бүгінде Қазақстанда сүлік салумен айналысатын медициналық орталықтардың саны артып келеді. Сүлік туралы аңыз
Медициналық сүлік ретінде қолданылатын арқасында өрнегі бар сүлік туралы аңыз да бар екен. Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің де кетіп, бойындағы ауырлықтың да жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттардың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді. Бүгінде медициналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі екен деген аңыз бүгінге жеткен екен.Қызық дерек
«гирудотерапия» деп аталады.Латын тілінен аударғанда «gerudis» сөзі сүлік

4

дегенді білдіреді. Гирудотерапия кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, урологияда, неврологияда тамаша нәтижелер береді екен. Сүлік салу күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасына, басқа да ауруларға тиімді ем болып жүр. Соңғы кезде адамдар сүліктің көмегімен целлюлитті емдеп, арықтап, тіпті жасарады.Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде екен.

 

 Ғылыми жұмыстың тақырыбы:

«Сүлік – жанға шипа, дертке дауа»

Мақсаты:

Сүліктің емдік қасиетіне тоқталу. Оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы зерттеу. Сүлікпен емдеудің медецина саласында қолданылуы туралы мәлімет беру.

 Міндеттері:

  • Сүлік сілекейінің адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы дерек көздерін ашу.
  • Сүліктің дене құрылысына, емдеу әдісінің ерекшелігіне тоқталу.
  • Дәрі-дәрмекпен емделмей, табиғи жолмен емделудің маңыздылығ туралы ұғым қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

І. Кіріспе

Сүлік туралы мәлімет беру.

 

ІІ. Зерттеу бөлімі

а) Сүлікпен емдеудің медецина саласында алатын орны.

ә) Сүліктің емдік қасиетінің маңыздылығы.

б) Сүлік күтімі.

 

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Қазақстан әйелдері» журналы

 

  1. «Жан дауа» газеті

 

  1. «Емші» журналы

 

  1. «Денсаулық» журналы

 

  1. Биология оқулығы /8-сынып/