ШАҢДЫНЫҢ ШАҢ ҚАБУЫ

ШАҢДЫНЫҢ  ШАҢ  ҚАБУЫ

 

Байбоз Шаңды күнінде Маңғыстауға, қала берді жоғарғы Кіші жүзге аты мен даңқы жайылған жылқылы бай адам болған екен. Қараш Бейнеубайға құдық қаздырыпты. Еңбек ақысына 50 бойдақ қой, 50 жылқы беріпті. Қанша құдық қазды, саны белгісіз. Жер дауы деген ата кәсібімізден ба, әлде әлә келгендер зорлық жасайтын мезгіл болған ба, Шаңдының суына зорлық жасап, көрші отырған туған құдасы Жаңай Аймөкен ауылының жылқышылары рұқсатсыз суын ішеді. Арада араздық туады. Байбоздар Аймөкенді ұстап алып, басын шаңбақтап тіліп жібереді.